Ыстық күндер   5 comments

Жапонияда ыстық күндер жалғасуда. Бәрін тастап салқын тауға не теңіз жаққа кетіп қалғың келеді.

(сурет фликрдан, miu37)

Бір айдың ішінде ыстықтан қайтыс болған адамдар саны 100-ден асты. Ол қайтыс болған адамдардың көпшілігі қарт адамдар, көбісі үйлерінде қайтыс болған және қайтыс болған уақыттары түнгі уақыт екен. Себебі қазір тіпті түнгі уақытта да температура 30-дан төмен түспейді.Әлі де бұл ыстық жалғасады береді дейді метеорологтар. Қазір менің үйімдегі кондиционер 24 сағат қосылып тұрады десем өтірік емес. Былтырмен салыстырғанда Жапония сұмдық ыстық. Былтырлары ыстық түндер 11 болса, биыл болса ыстық түндер 29 рет, ал супер ыстық түндер саны 12 болыпты. Қазір Жапонияда моушёби супер аптап күн деген сөз пайда болды. Температура 35-тен асқан күнге айтады.

Температура 35-тен артқанда адам терлеп, денедегі судан арыла бастайды. Әсіресе түнде байқамай ыстық ұстап қалғанын білмей қайтыс болып кету мүмкін екен.

Кеше осындағы Жанна ауызашарға шақырып, үнді ресторанына бардық.Ауыз бекіткен мен және 1 айлық программамен келген Айымгүл екеуміз.

Айымгүл айтады «осы сен блог жазасың ба?». Иә жазамын десем. Ее бәсе сен екен ғой дейд:). Америкадағы бір подругам айтқан сенің блогың туралы дейді:) Хаха вообщем оқитын адамдар бар екен деп риза ғып қойды:))

Аптап ыстықтан аман шығыңыздар ағайын:).

5 responses to “Ыстық күндер

Subscribe to comments with RSS.

  1. Оразаларың қабыл болсын! Сенің блогыңды мен білсем өте көп адам оқиды, Жанна! 🙂

  2. Біз жақта да күн ыстыыыық. +37 бар шығар.

  3. жер-Ана адамдардың ұқыпсыз, дәкпірсіз тірліктерінің белең алғанына ұялып, беті ысып кетсе керек

  4. Еее, +35 дейсің бе? Сендердікі нешауа екен ғой, біздегі ыстықты айт мықты деп.
    Казгиромет қырық жеті дегеніне сенуден қалдық қой, уйдегі термометр көлеңке бетінде сағат таңертеңгі алтыда елу екі көрсеткен күндері болды. Аудандарда одан көп болса керек.

Пікір қалдыру urimtal Жауап беруден бас тарту

Fill in your details below or click an icon to log in:

WordPress.com Logo

You are commenting using your WordPress.com account. Log Out /  Өзгерту )

Google photo

You are commenting using your Google account. Log Out /  Өзгерту )

Twitter picture

You are commenting using your Twitter account. Log Out /  Өзгерту )

Facebook photo

You are commenting using your Facebook account. Log Out /  Өзгерту )

Connecting to %s

%d bloggers like this: