Жапонияда ыстық күндер жалғасуда. Бәрін тастап салқын тауға не теңіз жаққа кетіп қалғың келеді.
Бір айдың ішінде ыстықтан қайтыс болған адамдар саны 100-ден асты. Ол қайтыс болған адамдардың көпшілігі қарт адамдар, көбісі үйлерінде қайтыс болған және қайтыс болған уақыттары түнгі уақыт екен. Себебі қазір тіпті түнгі уақытта да температура 30-дан төмен түспейді.Әлі де бұл ыстық жалғасады береді дейді метеорологтар. Қазір менің үйімдегі кондиционер 24 сағат қосылып тұрады десем өтірік емес. Былтырмен салыстырғанда Жапония сұмдық ыстық. Былтырлары ыстық түндер 11 болса, биыл болса ыстық түндер 29 рет, ал супер ыстық түндер саны 12 болыпты. Қазір Жапонияда моушёби супер аптап күн деген сөз пайда болды. Температура 35-тен асқан күнге айтады.
Температура 35-тен артқанда адам терлеп, денедегі судан арыла бастайды. Әсіресе түнде байқамай ыстық ұстап қалғанын білмей қайтыс болып кету мүмкін екен.
Кеше осындағы Жанна ауызашарға шақырып, үнді ресторанына бардық.Ауыз бекіткен мен және 1 айлық программамен келген Айымгүл екеуміз.
Айымгүл айтады «осы сен блог жазасың ба?». Иә жазамын десем. Ее бәсе сен екен ғой дейд:). Америкадағы бір подругам айтқан сенің блогың туралы дейді:) Хаха вообщем оқитын адамдар бар екен деп риза ғып қойды:))
Аптап ыстықтан аман шығыңыздар ағайын:).
Оразаларың қабыл болсын! Сенің блогыңды мен білсем өте көп адам оқиды, Жанна! 🙂
Aйтқаныңа қосыламын! Бізге сенуің керек, Жанна!
Біз жақта да күн ыстыыыық. +37 бар шығар.
жер-Ана адамдардың ұқыпсыз, дәкпірсіз тірліктерінің белең алғанына ұялып, беті ысып кетсе керек
Еее, +35 дейсің бе? Сендердікі нешауа екен ғой, біздегі ыстықты айт мықты деп.
Казгиромет қырық жеті дегеніне сенуден қалдық қой, уйдегі термометр көлеңке бетінде сағат таңертеңгі алтыда елу екі көрсеткен күндері болды. Аудандарда одан көп болса керек.