Өткен апта Жапонияда бон мейрамы болды. Буддистік дәстүр бойынша жылына бір рет қайтыс болған адамдардың рухтары үйлеріне қайтады деген сенім бар. Осы кезеңде көп жапондар үйлеріне қайтады. Аталық молаларға барады. Вощым отбасының жиналатын кезеңі. Бірақ бұл мейрам Жапонияның аймағына қарай әртүрлі уақытта болады. Каленьдардың ерекшеліктеріне орай туындаған өзгешеліктер болуы керек, бірақ мысалға Токио, Йокохама, сосын солтүстік шығыс жақтарда шілденің ортасында болса, басқа Жапонияда тамыздың ортасында. Сосын осы мейрамда көбіне дәстүрлі билері де бар-Bon odori дейді. Кей аймақтардың бон одорисы атақы, сол одориді көру үшін туристтер жиналады. Бүкіл қала бойынша парад жасалады. Ал Нагасакидің бір ерекшелігі, бонның соңғы 15 күні әр отбасы бір кеме жасап сол үйдің рухын портқа шығарып салады. Бұл дәстүрді-精霊流し шёуроу нагаши дейді. Кей орталық көшелерде транспорттың жүрісін тоқтатады.
кемені сүйрете отырып петардалары атады. Қытайлық жаңа жылға жақындығы бар сияқты осы жерінде. Не үшін екен мағынасын білмедім. Бірақ жын-шайтандарды қуу үшін атқылануы мүмкін, немесе рух жолдан адаспай портқа баратын жолды табу үшін қатты дыбыс шығару керек деген сенімнен болуы мүмкін.
әр отбасы өзінің дизайны бойынша құрастырады, сол адам өмірінде нені жақсы көрді, хоббисін білуге болады кемеге қарап. Сосын кейбірлері ит-мысық сияқты отбасының бір мүшесі деп есептелетін pet-тің кемесін де көруге болады:).
кей ауқатты адамдардың кемелері енді дәу болады, мынаусы енді орташасы
сосын тағы бір ерекшелік, сол өз үйінен не жұмыс орнынан қозғалған кемені кейде бірнеше км сүйреп апару керек. Ну енді кеме болғанда астына дөңгелек салынған кеме ғой. Кейбірлері дәстүрлі ағаштан жасалса, кейбірі формасын ғана сақтап, жеңілдеу картоннан жасалған
15 күні сағат 5-тен кейін тарс-тұрс дыбыстар басталады. Қаланың әр жағынан осындай кемелер портқа қарай жылжи бастайды.
бірер сағаттан кейін атқылаған петардалардан кейін, жан-жақ түтіндеп кетеді
мынау енді өте ауқатты бір кісінің кемесі
петардаларды атқылатып, портқа жақындаған жері
sosin kemelerdi ne kiladi portka aparip? 🙂 jagip jibereme alde muhitka koya bere me?
рисайклға жібереді кажись, себебі мұхитқа жіберетіндей кеме емес:)
Мен жазбаның тақырыбын көріп, өлген кісіні кебіндеу туралы шығар деп ойлап қалдым. Сондай бір кино көріп едім. Өте ұнады. Бір жігіттің мамандығы сол – қайтыс болған адамдарды арулап жуып, бетіне макияж жағып, үстіне әдемі киіміп кигізіп, сосынн отқа жағуға жәрдемдесетін. Кинода осы бір мамандықты асқан бір шеберлікпен насихаттағаны ұнады. Бізде исламда кісінің сүйегіне кіретін адамдар аз ғой.
😦 Оффтоп болып кетсе, кешіріп сұраймын.
Бізде қазақтарда сүйекке көбіне денсаулығы түзу үлкен кісілерді, сосын өлген адамның жақын бауырын кіргізеді білуімше.
Сонша әдемілеп отқа жағатыны өкінішті екен.
біздегі мейрам санатындағы күндерді жиып, рисайклға соларды жіберу керек