Кешенің алдында осы Нагасакидің бір қалашығына бардық он шақты шетелдік студент.
Ой мен жеткенше бір жыр болды. Автобус аялдамаға шамамен сағат 8.26-да келу керек. Сүйтсем Вьетнамка бір қыз бірге баратын еді одан, мен уже автобустамын деп мэйл келді. Бірден жауап бердім. Менің аялдамама жақындағаныңда звонда деп. Уақытын білсең несіне сонша дерсіздер?? Көбіне енді жапон автобустары жазылған уақытымен жүред, енді тіпті енді сәпсім өліп кешікті дегенде 10 мин. Ооой әйтеуір басқа автобусқа міне жаздап, әйтеуір дұрыс міндім.
Пыросто осы Нагасакидің автобустар жүйесін түсінбей ақ қойдым шыны керек. Мысалға № 1 автобустан әртүрлі маршрутпен жүретін бірнешеуі бар:)))))). Орталыққа баратын кезде трамваймен ғана жүретін маған осы автобустардың жүйесі енді хммм
Шығатын пункты мен баратын пункты бір болғасын номеры бірдей. Содан маршруттың ортасы не аяғында бұрылып аралайтын микроаудандары бар әрқайсының. Пәленбайыншы номерлі автобус, бәленбайыншы аудан арқылы өтеді деп жазылып тұрады. Бірақ мен сияқты адамға мүлдем түсініксіз. Иероглиф танымайтын адам болса вааще түсініксіз менше. Бөлек номер жасаса болмай ма дегенге , ол тағы болмайды. Номері бір болғасын шамамен қай жаққа баратынын қалай жүретінін білуге болады. Сосын кейбір аудандарға сағатына бір ғана автобус жүреді. Сол күніне жүретін 10 ретке ған бөлек номер жасау тиімсіз.
Нагаё деген қалада «International kids day» болды. 10 елден келген студенттер өз елдерімізді кішкене балаларға таныстырдық. 3-6 клас, барлығы 94 бала болды.
содан балаларды 6 топқа бөлді. Вьетнамка АнТу екеуміз бір топқа басшы болдық.14-15 баладан әр топта. Жарты сағаттан әрқайсымыз өз еліміз туралы айттық балаларға. Мен әйтеуір қазақтың тиындарын ап барғаным жақсы болды. Балалар қатты қызығып ақырында бөліп алды:). АнТу да, мен де кәмпиттер ап барған екенбіз, вообщем оны да балаларға үлестірдік:)).Содан уақыт артылып қалып, не істесек болад деп ойлап. Уже сөйлей бергенге балалар да шаршады, сосын біраз шулы залда өзің де шаршайсың. Содан мен кішкене сувенирды қуыршақ ар барғам, балаларға соның суретін салдырдым:)).
Кім жақсы салса, соған сыйлайм деп:)
алғаш көрген нәрсеге балалар әйтеуір барынша суретін салды, сондағы мына сурет жақсы болды.
Балалар өздер дауыс беріп, кімдікі жақсы болды деп. Қыз бала салған сурет ең жақсы деп дауыс берді, әйтпесе маған бір ұл бала салған, басқасы ұнаған сияқты еді:) Вообщем көпшіліктің шешімімен солай болды, бірақ артынан сол дүрыс болған екен деп ойладым, қыздар ондай ұсақ-түйектерді жақсы көреді ғой.
Содан кейін сағат 12-де жарты сағаттық үзіліс болды, түскі тамаққа. Балалар бәрі бентоу ап келген. Ал бізге сол ұйымдастырушылар дайындаған еді бентоу. Балық сендвичы бар, тәтті булочка сосын алмасы мен суы бар.Ораза болғасын енді ол жерде жемегенмен үйге алып қайттым:).
Қазақстан туралы не айттың? дегенге. Сол кішкене балалар түсінетіндей дәрежедегі заттар айтылды. Қазақстан Жапониядан 7 есе үлкен, ал халқы 7 есе аз деп:). Қазақстанға самолетпен барса 7-8 сағат кетеді. Қазақтар ет көп жейді. Тіпті түйе етін жеуге болады кей жерлерде деп:)). Сосын Қымыз бен Шұбат деген сусындар бар деген балаларға қызық болды. Ондай нәрселер жапондарда жоқ қой. Сосын мысалға жазда + 40, ал қыста – 40 болады деген нәрселер балаларға қызық болды.
түскі үзіліс, балалар бентоларын жеуде..
үзілістен кейін, балалар үйренген заттарын біріктіріп, мини баяндама жасаулары керек болды. Сол үшін жииналып үлкен ватманға жазды. Сонда 14 баланы екіге бөліп, әр ел туралы баяндама жасалса деді. Содан мен топты екіге бөлдім. Қыздарды мен алдым да, ұлдарды АнТу алды.
күшті ия? балалардың салғандары. Әсіресе ана туды салған қыз тегі сонша тырысып:) Мен айтам ойбай үйтіп қатты детальдарға мән бермей ақ қой деп:))). Содан мен шетіндегі оюларды өтірік сала салдым:)). Қалғанын салған қыздар өздері.Мына Қыздар!
Сахнаға шығып баяндама жасадық. Мынау басқа топтардың баяндамалары. Түрік бала Махмут.
Малайзиялық Розлин. Малайзиялық қытай текті қыз екен. Бірақ сол ақыры енді Малайзиядан келгесін деп малайлардың ұлттық киімдерін киіп кепті. Шығарған газетінде де мемлекет діні Ислам деп жазып, мешіттің суретін де салғызыпты.Сол жағынан алғанда Розлинды сыйладым.
Өте көңілді бір күн болды.
Балалардың ата-аналары келіп аяқ жағында. Менің қыздарымның бір-екеуінің де мамалары ерте келген екен. Суретке бірге түсіңізші деп маған:) Вообщем аяғында дос боп қайттық:)
Онымен қоса 8000 ( 90$) йен алдық:). Вообщем керемет:)))
төменге жайғаса білу арқылы кеңістікті молынан пайдалануы ұнайды
detyam je interesno imenno v takom vozraste poznavat mir… hochu chtobi moi deti toje uchilis v kakoi nibud razvitoi strane (mechtatelno dumaya skazala ya :))
иә балалар қазір ананы да мынаны да білгісі келетін уақыт:)
хаха Назёк Иншаллах өзің үйретесің ғой:)
КүЧт ғо сурет салып, отаныңды таыстырасың, оған тағы ақша төлейд, уау 😆
Біріншіден, жаңа дизайн құтты болсын! Балалар туды күшті салыпты! Жарайсың!!! Шетелде білім алып жүргендер сенен үлгі алса ғой дейсің…
баяндамаң керемет ұнады! (+ жаңа дизайн да жаман емес)
автобустарың қызық екен. Корейліктер сияқты әр маршрутті бөлек бөлек түске бояп қойғанға не жетсін =) содан нөмерлерді жаттаудың да керегі болмайды екен. деп оқыдым =)
балалар қандай тәтті!!!! жапондық, көрейлік балалар қуыршақ сияқты болады иә? сұмдық ұнайды. тілдері де тәтті шығар.. видео бар болса, іліп қой – өте қызық болар еді.
менің ойымша сенің балаларға Қазақстан жайлы айтып берген әңгімелерің балалардың өздеріне ғана емес, ата-аналарына да қызық болған. Жапоняда ҚЗ туралы үлкені де, кішісі де біле бермейтін шығар.
Бенто дәстүрлері ұнайды маған. Бірақ бір жағынан біздің мектептегі «бәріне бірдей түскі ас» принципі да дұрыс шығар. Әйтпесе біреуінің ақшасы өп болып, мамасы жақсы бенто жасап берсе, ақшасы жоқтың мамасы қатты қиналатын шығар «балама дұрыс тамақ жасай алмадым» деп. балалар арасында да қызғаныш, деление пайда болады. Азиялықтардың (әсіресе корея мен жапондардың) тамақтарды сүйсіне жасайтындарына қызығамын. Неше түрлі сурет салып жасайды ғой бентоларын. Визуально әдемі болуы шарт.
Мектеп жастағы балалардың дүниетануларына жасалынған шаралары керемет. Біздің мектептерде де осындай шара өткізілсе біздің бүлдіршіндерімізге де қызық болар еде деп ойлаймын. Просто біздің мектеп басқарушыларының мақсаттары бала оқыту емес сияқты. Балаларға обал.
ия бенто дәстүрлері күшті шынымен. Ия аналарына бенто жасау бір өнер, ал ішіндегі окадзуcы (күріштен басқасы) қиын нәрсе..
Жазбаңыз жақсы екен.Бірақ, неге орысша сөздерді араластырып айта бергенсіз?мен соны онша түсініңкіремедім…(((«Вообщем» деген сөзді вообщем көп қолданбасаңыз өте керемет болар еді.
рахмет Әсем пікір қалдырғаныңызға.
Иә орысша сөздерді араластырып жаза беремін мен, себебі ондай қыстырма сөздер, уже даже, просто тб әдет боп сіңіп кеткен бізге. Мен блог жазғанда керемет әдеби туынды болсын деген претензиям жоқ. Қалай сөйлеймін, солай жаза беремін, өңдеп жатпаймын.Бұл енді менің жазу стилім шығар:)))