Фукуяма Масахарудың жаңа әні Хотару (жарық қоңыз)   4 comments

ой осы Фукуяманың әндері енді супер. Баяғыда группа болып, жапонша ең алғаш жаттаған әніміз де осы Фукуяманың Сакурадзака әні еді. Алдында да бір постымда ілген едім осы Фукуяманың түскен жарнамасын , бәкграундында өзінің әні, ол әні де супер.. Әндерінің мелодиясы ұнайды маған.

Айтпақшы осы Хотару әнінің ішінде Нагасаки туралы жазылған жерлері бар.

僕が育った街にいつか一緒に帰ろうよ                       Бір күні  туып өскен қалаға бірге қайтайықшы
古い教会 坂道の通学路 会って欲しい人がいる  Ескі шіркеу, дөңге өрмелеген мектеп жолы, таныстырғым келетін адам бар.

ал жалпы сөздері..

Нагасакиді жақсы көруіме осы Фукуяманың көп әсері болды шыны керек:)). Қазіргі Фукуяма Масахарудың басты рольде ойнап жатқан тайга дорама (тарихи сериал) популяритисы артқан сайын, Нагасакиге келуші туристтер саны артуда. Шілдеде осы Нагасакиде кей сценалары түсірілді. Сериалда көрсетілген жерлерге барғым келеді деген адамдар одан сайын артатыны анық. Фукуямя «Рёмаден» сериалына мықты таңдалды, шығу тегі Нагасаки болғаны да үлкен плюс болды. Қазір Нагасакидің әр жерінде осы Фукуяманың сериалдағы постерін көруге болады. Менің мұғалімімнің де бөлмесінде әлі ілулі тұр:)

Ал мына Хотару әніндегі «Ескі шіркеу, дөңге өрмелеген мектеп жолы» деген жерінен бірден Нагасаки туралы айтылғанын білуге болады. Нагасаки Жапонияда шіркеуі көп, сосын дөңі, тауы көп қала:).

Бұл Хотару әні жақында басталған «Миока» деген сериалдің main theme әні ретінде жарияланды. Сериал Миока деген қыз туралы. Жігіт Таичи Миокамен танысқаны универдің төбесінде, секірейін деп тұр екен деп ойлап, ұстап қаламын деп жүгіреді, вообщем танысқан жерлері dramatic scene:))). Сүйтсе Миока «НЕЕ? мені секірейін деген адамға ұқсайм ба деп жігіттің өзін қатырады:)). Воощем солай басталған таныстық, кейін Таичи Миокаға ғашық болады. Но ол әңгіменің басы ғана, Миока жазылмайтын ауруға шалдыққан екен. Воощым былай енді қызық н, бірақ өте драматик дорама сияқты. Ана «Бір литр жас» сияқты ғой дейм, көрмегесін айта алмайм, мен көрмейтін жылауық сериал сияқты. Но басты рольдегі актриса Ёшитака Юрико ұнайд маған, сүйкімді қыз.

Хотаруда осы сериалға дәл келетін сөздері бар.Кішкене болса да, қаншалықты трагедия болса да ,  Хотарудың (жарық қоңыздың) жарығындай өмірімнің шамын жандырып келемін.. Хотарудың жарығы түнде ақырын ғана көрінетін жарық қой, сол сияқты миында жазылмайтын ауруы бар қыз да, барынша сәуле шашып, қалған өмірін өткізуге тырысқан кейпін көрсететін сериалдың басты тақырыбын ашатын ән. Мынау сериал туралы

4 responses to “Фукуяма Масахарудың жаңа әні Хотару (жарық қоңыз)

Subscribe to comments with RSS.

  1. Жақсы өлең сияқты. Жалпы менің байқауымша, егер сериал ұнаса, кейін саундтректерін де іздеп, тыңдай бергің келеді екен. Өйткені 10 серия бойы сол бір өлең құлағыңа үйренісіп қалады. 🙂

  2. біздің нагасаки дегендей әсермен оқып, жүрегім зырқ ете қап отырм…

  3. менің ең жақсы көретін әншім ғо. 私恋をしている。恋に落ちている-деп қайырмасы басталатын әні тіптен керемет!!!

Пікір қалдыру

Fill in your details below or click an icon to log in:

WordPress.com Logo

You are commenting using your WordPress.com account. Log Out /  Өзгерту )

Facebook photo

You are commenting using your Facebook account. Log Out /  Өзгерту )

Connecting to %s

%d bloggers like this: