Жоғалған қарттар   5 comments

Қазір Жапонияда бар жаңалықтар жүр.

Токиода тіркелген 113-тегі бір қарт әжені іздегенде, тіркелген жерде тұрмайтын боп шықты. Тұрмағаннан бұрын сол жерде тұратын 79-дағы қызы, шешесінің қайда екенін білмейтін боп шықты. 20 жыл бұрын інісі мен шешесі үшеуі бірген тұрған екен Чиба префектурасында, кейін өзі Токиоға көшіп кетіп, ал шешесі інісімен қалған дейді, сол уақыттан бері шешесінің мед. сақтандыруды төлеп келген. Ал інісі тіркелген Чиба префектурасына барса, ол адрестегі үйді уже бұзып тастаған.  Тағы Хоккайдода да сондай жағдай үйдің орнында жол салынған деген сияқты. Содан кейін ал кеп Токио бойынша тағы бірнеше қарт жоқ боп шықты. Бүкіл Жапония бойыша жасы 100-ден асқан70-rе жуық қарттың қайда екені белгісіз боп шықты.

Урбандалған жерлерде кімнің көрші екенін білмейтін заман ғой. Сосын отбасының қатынасының өзгеруі ол бар. Сосын мысалға тіркелген жері Токио болып, бірақ Осакада ем қабылдаса оны бір жерден бақылау мүмкін емес, соңғы кезде Privacy Information деген жағы ол бар.. Жергілікті үкімет толық бақылай алатындай мүмкіндігі жоқ боп шықты. Шынымен ол кісі тірі ме жоқ па, тіпті жергілікті әкімияттан адам барса да, ол кісі ұйқтап жатыр, не бар үйде бері шыға алмайд деп үйдегі адамдары айтса, жоқ мен көруім керек деп тексеруші одан әрі аса алмайды.

Пыросто көп жағдайда кей отбасылары қайтыс болды деген қағазды өткізбейді екен, содан әлгі адам тіркеуде жүре береді. Көбіне егер артында бөлетіндей мүлкі, ақшасы қалған адам болса, ол қағазды өткізбей әрине мүлікті бөліске сала алмайды. Ал ондай қажеттілік болмағасын кейбірінің балалары тіркеуден сол шығарылмаған күйінде қалады екен. Бұл жарайды ал кейбірлері осыдан бірнеше жыл бұрын жоғалып кетті дегендер де бар. Сонда дейм де әке-шешесін қалай іздемейді деп.. Не бір жоғалып кеттіп деп полицияға өтініш те бермегендер де бар. Өзі қайтып келеді деп ойладық дейді. Вааще еш логикағы сыймайды.

Әрине заң жүзіндегі жетпейтін жерлері де бар, осындайдың алдын алуы үшін Дания сияқты дамыған елдерде жыл сайын бір тексеріп тұрады екен, әсіресе жалғыз тұратын қарттарды.

Бірақ заңы заңмен, сонда да адам арасындағы қатынас қазір Жапонияда азайған. Сосын отбасылық құндылық деген қайда кетті деген сұраққа жауап іздеу керек екені анық болды.

5 responses to “Жоғалған қарттар

Subscribe to comments with RSS.

  1. «Мөңке бидің келешекті болжауы» атты өлең.

    Бір адамның басына жүз киім жетпейді.
    Ауа бұзылып, жуған киім тез кеппейді.
    Жиі-жиі жалмауыз өрт шығады.
    Адамдардың мінезі шарт сынады.

    Кісі біреуге-біреу куәсіз қарыз бермейді.
    Қарыз берсе алғанша сенбейді.
    Обал мен сауаптың не екенін білмейді.
    Шақырмаса көрші көршісіне кірмейді.

    Бұл мақалаға сол дәл келіп тұрған сияқты.

  2. Біздің орыстар сияқты ғой че то… ))

  3. kazakhtarymyzda soitip ketpese jarar edi, bul bir korkynywty zaman boldy goi, :((

  4. «қазақтарымыз да сүйтіп кетсе жарар еді» емес,қазақтардың арасында да ата анасын қарттар үйіне өткізіп,сосын қарттардың пенсиясы шыққанда барып ақшасын қағып алатындар туралы қарттар үйінде істейтіндерден талай естігемін.
    ал балалары қарамай кеткен қарттар қаншама?қайта жапонияда сақтандыру ақсын төлеп тұрады екен ғой балалары.
    жалпы әлем бойнша отбасылық қатынас ыдырап бара жатқаны жасырын емес.

Пікір қалдыру

Fill in your details below or click an icon to log in:

WordPress.com Logo

You are commenting using your WordPress.com account. Log Out /  Өзгерту )

Facebook photo

You are commenting using your Facebook account. Log Out /  Өзгерту )

Connecting to %s

%d bloggers like this: