жоғары палатаға сайлау   5 comments

Бір ай боп қалды қала іші шу-шу боп кетіп еді. Сайлау алдында әртүрлі депудаттардың сайлау кампаниясы жүреді:). Машинамен сосын репродуктормен айқайлап, кейде сауда орталықтарына келіп, әйтеуір біраз шу болады.

Билік басындағы демократиялық партия өз позициясын сақтап қалу үшін ең аз дегенде 50 орын керек деп, барынша тырысып бақты. Өзі осы партия билік басына келгенімен осы жылдың басынан скандалдан кейін скандал болып рейтингі түскеннен түсіп, ақыр аяғында Хатояма Юкио премьер-министр қызметінен кетті. Бірақ парламентте санын сақтап қалу үшін қажетті орнын сақтай алмай қалды. Бұдан әрі не істер екен?

Ал алғаш рет билік сыртында қалған Либералды демократиялық партия (ЛДПР) билікке келу үшін әйтеуір жаңа билікті сынаумен әлек. Бірақ бұл партияға да оңай болмады. Бірталай аты бар депудаттар басқа партиядарды құрап, бүл партиядан кетті. Қазіргі жапон саяси әлемінің жағдайы мәз емес. Осы жолғы жаңа партиялар ішінде көп дауыс жинаған партия Миннано тоу, қазақша аударсақ Көпшіліктің партиясы популяритисі жоғары болды.

Меніңше осы жолғы билік басындағы партияда партияның символы болатындай адамның жоқтығы. Ну премьер ия әрине бары бар. Бірақ дәл сайлау алдында НДСты көтеремін дегені үшін популяритсы түсіп кетті.

Мысалға ЛДПРдың символы бұрынғы премьердың ұлы Коидзуми Шинджироу.

Жасы 29-дағы жас жігіт. Қазір төменгі палатаның депудаты. Кантоу университиде экономика, одан кейін американың Колумбия университедінде политикал сайнсты бітірген. Әрине әкесінің популяритисі жоғары саясаткер болғаны ол бар әрине. Бірақ өзі де харизмасы бар жігіт болу керек.

Арасында әйтеуір теледидардан сөйлегенін естігенде, кейде өте байыпты, кейде өте жалынды речьтарын естуге болады. Өткір пікірлерімен елдің назарын аудара білетін жігіт.

Мына ілген суретте байқағандарыңызда жас жігіт болғасын әсіресе әйелдер арасында популар жігіт:))).

Көп елдер блогтарына ілген екен. Мысалға: бүгін мағазинге бара жатып жарты жолда кездесіп, сөзін тыңдап қайттым, суреті мынау деп блогтарына суретін ілушілер көп екен:).

Осы жолғы сайлау алдынғы бір ай ішінде өз партиясынан шығатын кандидаттарды қолдау үшін шақырған аймақтар көп екен. Содан әйтеуір 60 шақты жерге барып қайтқан екен бір ай ішінде:). Елдерің сол аймақтың кандидатынан көрі осы Коиздуми Шинджироуды тыңдап, осы жігіт үшін жиналып:).

сосын осы соңғы кезде маған жапон саясаткерлерінен Фукушима Мидзухо деген социалистік партияның лидері ұнайды. Соңғы кездегі жапон саяси әлеміндегі қатты көзге түсетін екі әйелдің бірі. Көзқарасымен ұнайды деп айтпас едім.

Қайта көп жеріне қарсымын. Бірақ жалпы саясаткер ретінде өзін-өзі ұстауы, self presentation жағы ұнайды, қарапайым адамдар түсінетіндей тілде сөйлейді.  Бірақ осы жолғы сайлауда бұл партияның жолы жақсы болмады.

Нагасакидің сайлауға қатысуы 61% болған екен. Нагасакиден бұрынғы губернатор Канеко, 66 жастағы кісі өтті. Екі рет губернатор боп сайланған жалпы рейтингі жақсы саясаткер болған кісі. Бірақ былтырлары ЛДПРдың адамы болағны үшін жағдайы қиындап кеткен еді. Осы жылы наурызда мерзімі өтіп, әкімдік қызметінен кеткен.Ал осы жолғы сайлауда билік басындағы демократиялық партияға қарсы дауыстардың көбейгені бұл кісіге жақсы болды, ЛДПР атынан осы кісі жоғары палатаға сайланды.

Posted Шілде 11, 2010 by 6gradus in Жапондар:))

5 responses to “жоғары палатаға сайлау

Subscribe to comments with RSS.

  1. Хмм… мұнда неге комент жоқ?!

    Осы алдыңғы семестрда мен курстық жұмыстың тақырыбы Жапониядағы басқару технологиясындағы мемлекеттік шешімдердің ерекшелігі болып еді… Жалпы, Жапон елі қызытырғасын алғам да осы тақырыпты. Көп нәрсе біліп қалдым! Қазақша түк таппағасын орысшадан аудардым (((

    мендегі сұрақ: Жалпы Жапон халқы билікке өалай қарайды? Көңіліңіз тола ма? Қазақстанмен салыстырып қарастырсақ?

    • жапон саясатына қатысты бірден коммент жаза кету қиын болу керек, әйтпесе оқуылуы жақсы тақырыптардан.
      Ал сұрағыңа келер болсам. Үкіметке риза емес әрине. Жерден алып жерге салып жатады. Премьер министрдің әрбір сөзін аңдып жүреді, өткендегі бір ғана фразасы үшін бір апта бойы неге олай айтады деп журналисттер шулады. Кейде жоқ нәрсеге шулайды меншн. Ал ҚЗ мен салыстыруға келмейді ғой. Мемлекеттік құрылымы жағынан да, демоктратияның таралуы жағынан да жер мен көк, демократиялық биліктің бір ғасырдан артық тарихы болғасын бөлек әрине.
      Қазір Жапонияда үкіметке талапты қатты қояды. Бірақ әрине одан керемет боп жатқаны жоқ. Саясат болғасын былығы көп, жетеді. Бір партия келіп екіншісі биліктен кетіп жатады. Онысы әрине жақсы, жаңалық болады ғой. Бірақ премьерлері ауыса беретіні ұнамайды. Құрығанда 2-3 жыл бір адам билікте болса екен деп ойлаймын қазіргі жапон саяси сахнасына қарап
      Салмақты комментеріңе рахмет:)

  2. иааа 2-3 жыл дейсіз бе :)))
    біздікідей 20-30 жыл болса тіпті супер болып кетер еді негізі 🙂

    • хахаха. Жо шынымен 3-4 жыл бір адам болса жақсы, шошаңдатып қайта қайта басшы ауысқасын, басқа елдер де несерьезно қарайды, үлкен жиналыстарда жапондардың сөзі өтпей қалады.

  3. бірақ баріне жоғары талаппен қаарйтын Жапон халқы үшін басшы болу қиын шығар иа?

    бір жерден оқып едім Жапондықтар тек отандық өнімді ғана таңдайды деп… сол рас па?

    олардағы әр түрлі қарапайым тұтыну нарығында да солай ма?

Пікір қалдыру altygradus Жауап беруден бас тарту

Fill in your details below or click an icon to log in:

WordPress.com Logo

You are commenting using your WordPress.com account. Log Out /  Өзгерту )

Google photo

You are commenting using your Google account. Log Out /  Өзгерту )

Twitter picture

You are commenting using your Twitter account. Log Out /  Өзгерту )

Facebook photo

You are commenting using your Facebook account. Log Out /  Өзгерту )

Connecting to %s

%d bloggers like this: