Жапонияда жаңа премьер!   4 comments

Уже екі аптадай дым уақыт болмай, одан қалса соңғы 2-3 ауырып жағдайым болмай теледидар қарамай кеткем. Сүйтіп кеше жаңалықтар қарасам Хатояма Юкио премьер-министр қызметінен кетіп жатыр екен! Мен теледидар қарамай кеткен уақытта не боп кеткен өзі деп қоям:)))) Бар жоғы 8 ай бұрын билік басындағы партия ауысып, Хатояма Юкио билік басына келген еді. Әй бірақ, оңбай сүрінді. Басында премьердің саяси салым ақшасының скандалы болды, ол ақша шіріген бай шешесінен келді дегесін ол мәселе басылғандай болды. Одан кейін партиядағы екінші, тіпті көлеңкеде бірінші адам:)))Одзава Ичироның сатып алған жері тіркелмеген боп шықты, тіптә ол жерді сатып алған ақша қайдан келгені түсініксіз боп кеткесін, билік басындағы партияға жұдырық үстіне соққы болды.  Партияның рейтингі 30 пайызға түсіп қалды. Одан қалса, Окинавадағы американдық әскери база-Футенманың шешілуі де ақыр аяғы сиырқұйымшақтанып кетті. Окинаваға премьер соңғы айда бірнеше рет барды, барған сайын демонстрация жасаған Окинава халқы қарсы алғанда, «НЕ БЕТІҢМЕН КЕЛДІҢ, КЕТ» деп айқайлаған халық. 5 минуттық сөз сөйлегенде, 7 рет кешірім сұраған премьердің көрінісі, шынымен жалко. Ол Футенма базасын көшіреміз деген жердегі халық ол көтеріліп, оой әйтеуір демократия бар ел болғасын ғой, әйтпесе көшіреміз бітті ғой, жергілікті халқы қарсы ма жоқ па.. Американың сөзін ол қалдырғысы келмид, Окинава жұртының сөзін ол жерге тастағысы келмей, екі оттың арасында қалды.

Негізі мен ойлайм да, иә қойған мақсаттары супер, ал бірақ нақты тәсілдері қарастырылмаған. Осы Окинавадаңы әскери базалар мәселесін манифестте ой керемет қып шешеміз деген кезде неге ойластырмады екен деп. Өткенде бір біраз пәлсафа соққыш жапон жігіт айтқандай. «Айналып келгенде, әйтеуір билікке жетсем деген мақсат болды ғой» деп. Негізі созып жүріп алмай, соны наурыз болмай шешіп тастағанда болар еді, көшіретін жердің әкімдерімен, халқымен кездесіп, сол қалашыққа мемлекеттік компенсация ретінде ақша беретін боп, ананы мынаны салғанға мемлкеттік қазынадан ақша береміз деп, немесе сол қаланың мемлекет алдындағы қарызын кешіреміз деп па, вообщем реально подход жасағанда болар еді, сүйткен арада әкім өзгеріп, базаға қарсы боп сайланған адам ол жерге әкім болды. Одан кейін Окинаваға жүз барсаң да кеш менше. Себебі сайлау кезінде әскери базаны қабылдауға ыңғай танытқан кандидатпен арадағы айырмашылық көп емес еді. Демек базаны қабылдауға қарсы емес адамдар да болды ғой. ээх, Хатояма:)))

Одан басқа, менің әсіресе қарсы пунктым жылдам жолдар (high way)ды ақысыз қыламыз дегендері. Ол жылдам жолдар ақысыз болатын болса, оның несі хайвей екінің бірі жүретін болса, хайвейге заторға тұрмас үшін артық ақша төлейді, демек төлеген ақшасына сай, босырақ, тезірек жолмен жүру деген қызметтың түрін пайдаланады. Сосын ол жолдарды бағу оңай емес. Ақысыз жолға айналады, демек оны бюджеттен ақша бөліп жөндету керек. Осы жерде ең бір әділетсіз тұсы бар. Бюджет салықтан құралады, тіпті мүлдем машина мінбейтін адамның ақшасын сол жолдарды жөндеуге жібереді. Ал мысалы оған керегі ол жол емес, үйінің қасындағы парк болса ше? немесе келесі жылы баласы сыятындай бала-бақша болса шы? Әншейін елдің дауыстарын жинау үшін жасалған осы бір пункте жыным ұстайды.

Бірақ әрине ұнайтын тұстары бар, әсіресе демографиялық қыс Жапониядағы балаларға берілетін көмекақы бағдарламасы, әлі сомасы нақты шешілмеді. 200 доллардың шамасындай болар, Жапония үшін керемет ақша емес, бірақ сонда да, оның өзі көмек қой. Сосын жоғары мектептердегі оқу ақысын мемлекет көтеретіндей ету. Себебі Жапонияда 10-11-12 кластар ата-ана төлеп оқытады. Мұның бәрі әрине әлеуметтік тараптар, бірақ бұлар болашаққа инвестиция ғой, Жапонияның болашағын көтеретін балалар болмаса..

Сосын ең ұнаған тұсы жоғарыдағы ақша мәселесі болмаса, ашық саясатқа ұмтылғандары. Тіпті бірнеше қадамдары да жасалды. Ондайжақтарын айтпаса болмайд менше.

Ойй жазда жоғары палатаға сайлау болады деп, асығып үсігіп, партияның рейтингін жөндеу үшін жаңа премьер әкелді. Бүгін партия ішіндегі дауыс берк арқылы Кан Наото тағайындалды. Ендігі, 49-шы премьер-миниистр Кан мырза не бітіреді екен? Негізі Окинава маңызды бірақ сол бопты, біақ одан да эконом дағдарысқа қарсы бірдемелер ойластырса болар еді, вот сол кезде рейтинг те болады бәрі болады:).

Posted Маусым 4, 2010 by 6gradus in Санатталмаған

4 responses to “Жапонияда жаңа премьер!

Subscribe to comments with RSS.

  1. aldimenen – jazilip ketkenine shukir. shet elde auirgannan jaman narse jok shigar. basimnan otkennen bilem.

    re.: PM.
    oz basim japonyanin janaliktarin tindaytin boldim, sen japonyaga ketken kunnen bastap. ol jerde bir kazagimiz jur dep. hehe. ras aytam. PM auiskanin janaliktardan estip ofistegilermen otirip biraz talkilagan edik JP PM’terlerin (kulaktari netken shigar. gygy). Kopshiligimizge eski (sapsem eski) PM Junichiro Koizumi unaytin bolip shikti. Sayasati da, Richard Gere’ge uksaytini da. gygygy.

    Al jalpi, japondiktar amerikandik bazalarin koreyler siyakti shet bir jerge ornalastirsa jaksi bolar edi. el kormeytin, estimeytin jerge. toligimen amerikandik bazani alip tastau mumkin emes narse siyakti korinedi ozime. koreyada da narazilik kobeyip jatkan korinedi olarga karsi.

    kop jazip ketkenimdi keshir. jumistan kol bosap, erigip otirgan turim goi. + sushidin sureti aser etken bolar.. jalpi ontustik-shigis asiyaga kizigushiligim kop – kobirek jaz, aha? Bakha, sen de..

    • негізі премьерлер ауысы беретіні береке бермес
      Пыросто демократиялық партия солай жасамасқа болмад, себебі тамызда жоғары палатаға сайлау, ал қазір халық билік басындағы партияны қолдауы тек 20 екен.
      Жаңа премьер Кан мырза да өте харизматичный адам. Ну Коидзумиге жете қоймас, бірақ менің болжауымша билік біткенше отыруы керек, тағы бір былық шығып жүрмесе.
      Соңғы 20 жылда 15 премьер ауысқан екен.
      Ал осы жолғы Хатояманы журналисттер довели шын айтсам. ойбай рейтинг түсіп жатыр, халық Хатояманы дым қолдамайды деп, өңкей қарсы адамдардың интервьюсын жинап алып, ну и ондай настр халық арасына жайыла береді ғой.
      Айтпақшы жаңа премьердің бір ерекшелігі жәй отбасынан шыққан, үнемі оппозициялық партияларда жүрген адам. Соңғы кездегі премьерлар өңкей министрдың балалары, ал Хатояма мырза вааще супер бай отбасыннан кісі. Жо негізі бай отбасынан шықты демек дұрыс емес деген емес, пыросто айтпағым жаңа премьер сөйлеген сөздері халыққа түсінікті, жалпы симпатия көп. Коидзуми сияқты рейтинг енді мүмкін емес қой, ол кісіні 80%артық адам қолдап, ең төмен деген кезде 45% ке түскен. Айтпақшы ол кісінің үлкен ұлы Либералды демократиялық партияда, қазір парламент депудаты, әкесі сияқты ол да бір симпатичный жігіт:) Ал кіші үлы тож красавчик, айтпақшы актер:)). Ну қатты атақты емес, бірақ сериалдардан көріп қалуға болады:).

  2. көңілашардың саясатка бейжай қарай алмайтыны оның соныбір қырын аңғартқандай

  3. Қайтарма үнқосу: жоғары палатаға сайлау « 6 градус әлемді өзгертеді

Пікір қалдыру

Fill in your details below or click an icon to log in:

WordPress.com Logo

You are commenting using your WordPress.com account. Log Out /  Өзгерту )

Facebook photo

You are commenting using your Facebook account. Log Out /  Өзгерту )

Connecting to %s

%d bloggers like this: