Hotaru-жарық қоңыз-fire fly   6 comments

Бүгін хотару яғни жарық қоңыздарды тамашалауға бардық.

Жарық қоңыздар жапондар үшін жаздың белгісі. Бұрыннан жапондар хотару тамашалауға баратын, көбелек аулайтындай тор апарып, аулап немесе жәй әйтеуір қызық үшін жинап қайта босатып, көңіл көтерудің бір түрі. Бірақ индустрализация, сосын жолдар салынуы, өзендердің ағысының бұрылауы жарық қоңыздардың өмір сүретін ортасын өзгертіп жіберді, содан көп жерлерде жоғалып кетті. 3-4 түрі бар екен, біз бүгін өзен бойын жағалайтын хотарулар көруге бардық. Бір дамыған фотик болмаса суретке түсіру мүмкін емес. Бірақ сондай керемет, қызық сезім екен. Бір өшіп, бір жанып жүрген жәндіктер айналаңда ұшып жүргені қызық екен. Балалық кезге қайтқандай ма, ертегі әлеміндей, вообщем сөзбен жеткізу қиын :).

Бір жапон досымыз Шинджи деген жігіт шақырған еді, ал барғандар: мен сосын Ливиялық Хишам және Йордандық Ахмет 4-міз бардық.

Негізі Хотару көргенге жаңбырдың алды немесе артынан, желсіз, тымық, әрі жылы күн екен, более энергичней ұша ма екен кім білсін..

Ну бүгін жылы деп айту қиын әлі күн салқын, Хишам пысықсып қысқа жеңмен ғана шығып кеткен, біраз тоңды енді:).

Жапондар енді жарық қоңыздардарды шынымен сүйеді ғой, басқадай сөз жоқ енді, аж әкімияттарда арнайы адам бар екен, осы хотарудың ақпаратын беретіндей:).

Азайып кеткен хотаруды қорғаумен айналысатын топтар бар екен, кезінде тіпті личинкаларын өсіріп, өзен бойы, не тауларға жіберумен де айналысқан екен. Қазір енді бұрынғыдай қауіп жоқ шығар енді. Себебі қазір өзендерде бұрындағыдай қоқыс жоқ, ауыл шаруашылығында да бұрынғыдай химикаттар көп қолданбайды. Бірақ сол әкімияттарда хотару тамашалаушыларға ақпарат беретін арнайы топ, адам бар екен. Мына жерді қайдан білдім дейм мен, Шинджи сайттан қарадым, кеше осы жерде көп болған екен дейді:). Күндегі ақпаратты, күнде жаңартып тұратын сияқты:))) Әйтпесе басында удон барға барамыз дегенбіз, сүйтсе ол удон(кеспе) жейтін жақта уже хотару азайып кетті депті әкімиятта. Мен айтам удоны бар болын:))). Басқа күні де жерміз, ал хотару ол тек қазір ғана, көп жағына барайық деп:))). Кешкі сағат 20:00-20:30 ең көрінетін уақыты депті:). Біз ерте барып алдық, ең алғашқы боп, содан кейін басқа жұрттар да келді, балалар да бар, ішінде иттер де бар:).

Мына сурет енді гугл аман болсын:)))). Әйтпесе өзіміз суретке түсіре алмадық. Біз барған өзен хотарулары синхронно баяу өшіп жанады екен, таулы жердегі хотарулардыкі енді өшіп-жану арасы тез екен. Ал біз көргендер баяяяяу:). Қызық әйтеуір. Бала болып ауладық, алақан арасына салып, біреуіміз тіпті 3-4 уін уысқа салғанда қаншалықты жанады екен деп:)))).

Содан қой қайтайық деп, енді машинаға отырсақ, Шинджи не сасиды дейді:). Әрі бері иіскейміз кеп, мен айтам бірдеме басқансыңдар ғой деп:))). Шннджи мен Ахмет екеуі табандарын тазалап әлек болды. Біздікі тегіс табан, ештеме жабыспағаны көрініп тұр. Мен айтам жаңа ит те жүрді ғой деп:)))) aaa possible possible деп кроссовкилерінің табандарын қарап, машина жарығына:)))))). Содан қайтарда ана алдыңғы постта ілгендей суши кафеге бардық. Дамыған суши кафе екен, тач панельмен тапсырыс беретін:))).Мен барған жерлерден үлкен екен, онымен қоса, тапсырыс берген суши ойыншық машинамен келеді екен:)))) Әйтеуір анау-мынау деп неше түрлі суши жеп, бір кезде Хишам бір сушиге заказ берген, чот түріне қарап түсінбейм, мынауың ет сияқты ғой дейм. Даа кажись ет деп Шинджи де, содан официанттан сұрасақ доңыз еті екен:))). Там пыросто иероглиф қабырға ма бірдеме, но доңыздыкі емес, балықтың бір түрі шығар деп бере салған ғой Хишам, себебі суреттен ет деп ойламайсың. Мен айтам  бүкіл менюдан, қаншама балық арасынан етті таңдап, онымен қоса именно доңызды таңдағаныңды-ай деп:))). Ну лана енді не істейміз, не то заказали өзіміз кінәлі деп қоя салған стол үстіне, мен «үй босқа төлейміз ба» деп, айналма лентаға сала салдым:)). Genius деп күледі жігіттер:)))))).

Шинджи вааще дамыған жігіт екен, my hashi деп өз таяқшасын ап шықты:). Мен «wooow so green thinking , тегі бір дамыған екенсің, қандай эко» деп таң қалдым. «Ну өмірі өзіммен алып жүрем деп айтпайм но бүгін бірге тамақ ішуге баратынымызды білгесін ап шықтым» дейді.  Жапония болсын, Корея болсын, осы таяқшалар да бір экологиялық мәселе десе болады. Себебі қоғамдық тамақтану жерлердің бәрінде варибаши-арасынан екіге бөлетін ағаш таяқшалар қолданылады. Жылына Жапонияда 25 млрд жұп таяқша қолданылады екен. Ол болды бір қолданғасын босқа лақтырылады, мүмкін тағы қолданысы бар шығар, но мысалы өзіміз күнделікті бентоға қолданатын ағаш таяқшаларды жанатын қоқысқа тастаймыз. Рисайклдың иісі де шықпайды:))). Сосын бұл таяқшаларды Қытайдан әкеледі. Әдейі таяқшаға  арнап өсірген ағаштар, сондай ағаштарды өсіру үшін, сол жерде тұрған орманды құртады бірінші, сосын еккендері тез өссін деп химикаттап, вообщем полный набор анти-экологии, тағы да бірдемеге салып өңдейді екен бұл таяқшаларды, ой денсаулыққа да зияны болмаса, пайдасы жоқ менше.

Өткен аптадан бері жалғасып келе жатқан стресстен кейін бүгінгі мини саяхат супер болды, бір серпіліп қалдым.

6 responses to “Hotaru-жарық қоңыз-fire fly

Subscribe to comments with RSS.

  1. Ой енді сол таяқшаларды да тасып жүре ме? Біздікілерге дүкенге өз пакенттерімен баруды үйрету керек. Қағаз пакетке 2030 да көше алмайтын шығармыз… Фуф, Хашимидің доңыз етін көрген соң жүрегі айнымаған шығар. Кульминация болар еді.

  2. Қызық, жанып-өшетін қоңыздар туралы бірінші рет естіп тұрмын.
    Осы солар неге шаңышқыға көшпейді екен? )))

  3. аватардағыдай «я тебя вижу» деген жоқсыздар ма))). маған жанатын қоныз дегеннен кин Аватар фильмі есіме түсті))

  4. сол аватарды бар ғой көрмеппін де:) айтуға ұят өзі:)))

Пікір қалдыру

Fill in your details below or click an icon to log in:

WordPress.com Logo

You are commenting using your WordPress.com account. Log Out /  Өзгерту )

Facebook photo

You are commenting using your Facebook account. Log Out /  Өзгерту )

Connecting to %s

%d bloggers like this: