Темекі тартпайсыз?   12 comments

Бүгін Такеши Китаноның денсаулыққа қатысты бір бағдарламасын қарадым. Сондағы әңгіме темекі, соның ішінде жанама түрде темекі тарту туралы болды. Темекі тартушы адамы бар барлық отбасында болатын жағдай.

Күйеуі темекі тартатын адам, кейде кухнядағы ауатартқыштың қасында шегіп, кейде балконда шегіп, чтоб балаларға, әйеліне зияны келмесін дегені.

Ал әйелі елуден асқан кезде рентгеннен бір көлеңке шығып, кейінгі тексерістен кейін рак боп шыққан. Темекі шегетін адамдардан айырмашылығы, рак өкпенің түкпірінде пайда болған. Себебі темекі шегетін адамда рак көбіне өкпенің кіре берісінде пайда болса, ал пассивті темекі шегетін адамда рак көбіне өкпенің түкпірінде пайда болады екен.

Осыдан 20 жыл бұрын-ақ жапондық ғалымдардың зерттеуі бойынша, күйеулері темекі тартатын әйелдердің ракпен ауыруы күйеулері темекі щекпейтін әйелдерге қарағанда көп екенін байқаған. Сосын күйеулері темекі тартқыш әйелдердің өмірі 5-6 жыл қысқарақ, ал темекі тартылатын отбасындағы балалардың демалу жүйесінің ауруға шалдығу мүмкіндігі темекі тартылмайтын отбасына қарағанда 3 есе көбірек. Сосын пассивты темекі тартып жүргендер авитаминозға шалдыққыш келеді.

Ал біздің Қазақстандағы қыздардың денсаулығы итак қайбір жетіскен екенін ойласақ, онымен қоса күйеуі темекі тартатын болса, полный набор вообщым :(. Ондай әйелден туған балада қайдан денсаулық болсын, онымен қоса бір жерден оқығаным бар еді, темекі тартатын ата-анадан туған баланың қабылдауы ақырындау келеді екен. Ну енді темекі тартқыш ата-анадан туған бала бәрі тормоз деген нәрсе емес қой, бірақ бұл зерттеулер статистикаға негізделген ғой.

Бүгінгі Такеши Китаноның бағдарламасында пассивты темекі тартуға арнады. Сонда мысалға күйеуі балконда темекі шексе де, бәрібір үйдің ішіне зиянды заттар кіретінін, арнайы аппараттармен зерттеді. WHO Әлемдік денсаулық сақтау мекемесінің стандарттары бойынша минутына/25 микрограммнан аспау керек, денсаулыққа зиян келтірмес үшін, ең допустимый норма бойынша содан артпауы керек .

Бүгінгі бағдарламадағы тәжірбие бойынша, күйеуі балконда темекі тарта бастағанда, 10 секундта балкондағы аппараттың көрсеткіші 100 микрограммға жетті, ал 20 секундтан кейін ол үй ішіне де ене бастады, шамамен 70-80 микрограммға жетті. Ал кухнядағы ауа тартқыш туралы айтудың да қажеті жоқ, түтінді көрсететін лазер жарығымен жасалған тәжірбиеде темекі түтінінің бір бөлігі төбеге қарай кетіп, содан кейін бөлме ішіне жайылды. Одан аздай темекі тартқан адаммен қоса бөлмеге енді. Мысалға далада темекі тартып келген адаммен қоса темекінің иісі қоса келеді ғой, ол тек иіс емес, зиянды заттар қоса келді деген нәрсе екен. Тіпті мысалға темекі тартылған жерде отырып, үйге келгенде киімге сіңіп қалған темекінің иісінің өзі зиян. Ондағы улы газдарды кетіру үшін жел қағатындай бір желге іліп қою керек екен.  Ал бір емес, бірнеше адам қоса шеккен кезде 25 микрограмың не, одан 10 есе көп 250 микрограммға шықты. Бұл сыррттағы темекі шегетін жердегі көрсеткіш. Ал мысалға жабық жерде одан көп, бір кафедегі тәжірбиеде бірден бірнеше адам қоса тартады ғой, онымен қоса ауа тез ауыспайды, ондағы көрсеткіштер тіпті 750 микрограммға жетті.

Сосын тағы бір ужыс деген нәрсе,темекі тартып келген адам, өзімен қоса темекі ауасын ертіп әкелгені аздай, сөйлей бастап еді, өкпесіндегі түтін шыға бастады. Бұл 1 мин бойы жалғасады екен. Арнайы лазер жарығымен қарағанда көрінді, ужыыс.

Онымен қоса көшеде темекі тартып бара жатқан адамның артынан жүргенде 100-250 мг ға дейін жетті көрсеткіш. Онымен қоса мысалға көшеде балалар да жүреді ғой, көп адам болса күлі де тіпті баланың  көзіне тиюі мүмкін.

Жапонияда осы темекі жағына қатты көңіл бөлінетіні ұнайды. Темекіні тек арнайы жерде ғана тартуға болады көп жерлерде. Бар жерде емес әрине бірақ темекіге қатысты моральды қалыптастыруға тырысуда. Мысалға мына жарнама ішіндегі сөздері:

Қолымда  700 градус отты ұстап жүрмін. Лақтырған темекі қалдығы суды сіңіріп, мусор көбейеді. Мысалға біреуді қағып кеткенде кешірім сұрадым, ал темекі түтіні барғанда ештеме демедім. Қол күлсалғыштың бары, көрінген жерде темекі тартуға рұқсат бермек емес. Егер сіз көңіл бөлсеңіз, манера (тәртіп) өзгереді.

Мдааа..  Жігіттер ойланыңдар. Жан-жағыңыздағы адамдарды ойласаңыздар екен.

Advertisements

12 responses to “Темекі тартпайсыз?

Subscribe to comments with RSS.

  1. Басқа мысалдардың шет жағасын естісем де, авитоминозға да себепші дегенді тұңғыш рет естуім. Ойланып отырмын. Рахмет. Өте пайдалы ақпараттар екен. АРБ!

    • әмин
      темекінің түтіні көп нәрсееге себепкер, ең берілері ол көзге жас әкеледі, стресс әкеледі, содан авитаминозға әкелу мүмкіндігі арту керек. Жалпы темекіні зиянды қалдықтар шығаратын мини зауыт деп қарастырса болады ғой.

  2. 30 секундқа осынша ойды қалай сидырған? Жарнаманың айтамын. Тамаша шығыпты!

    • иә бұл Japan Tobacco-ның әлеуметтік жарнамаларынан
      темекі шегу мәдениетін жақсарту үшін жасап жатқандары ғой, әйтпесе өздеріне де сөз келеді:)

  3. ал фаст футтың жағдайы қалай?

    • фастфудтың нендей жағдайы?

      • естуімше онда фаст фут өте көп. семіздік проблемасы деген сияқты

      • фастфуд көп болғанда әрине Макдональдс пен КФС жетеді.
        Бірақ енді күні бойы фастфуд деген аз жапондарда
        Таңертеңгі тамақты ішіп, көбіне шешелері қолдан тамақ жасап береді обедке..
        Семіздік бары бар, бүрынғы жапондармен салыстырғанда.
        Бірақ жапондар қазіргі зациклены денсаулыққа жақсы нәрсе, диета дегенге.

  4. mende osi bizdin kalashikta temeki tartatin adamdardi kormeymin, syrtta da, tualetterde de tartakandaryn kormeymin. sonda kayda temeki tartady? albette, bir oryn bolip tur goi temeki shegushilerge arnalgan.

    sosin temekini kimge bolsa da sata bermeydi. temeki ashik satylmaydi. specialnyi marketterde bolmasa.

  5. мына мәліметтен көп нәрсе ұқтым ,мен өзім темекі шегем,мен өзімді гана улап жаткан жоқ екем ,сонымен қатар жолдастарымды,жасөспірімдерді де қатар улап жатырмын! Қогамнан,копшіліктен кешірім сураимын!

    • Ғабит блоғыма қош келдің. Иә, бізде ол жағынан мәдениет төмендеу ғой. Бізде енді енді қалыптасып келеді ғой. Негізі ең абзалы әрине темекі шекпеген

  6. Дұрыс айтасыз, Жанна! Темекі түтініне қақалағанша, салауатты өмір салтын қалыптастырайық, ағайын!

Пікір қалдыру

Fill in your details below or click an icon to log in:

WordPress.com Logo

You are commenting using your WordPress.com account. Log Out /  Өзгерту )

Google+ photo

You are commenting using your Google+ account. Log Out /  Өзгерту )

Twitter picture

You are commenting using your Twitter account. Log Out /  Өзгерту )

Facebook photo

You are commenting using your Facebook account. Log Out /  Өзгерту )

w

Connecting to %s

%d bloggers like this: