Өткенде біздің универде болған студенттікке қабылдау церемониясынан суреттер ілейін.
Нагасакидегі үлкен бір холлда болды.
Былай қарасаң дым қызық емес, бәрі өте ресми түрде, бірақ енді әйтеуір бір барып көрген дұрыс қой деп барғам. Жалпы жапондар үшін маңызды церемония бізде ондай нәрсе жоқ қой,біздегі посвещение басқадай енді форматымен. Мүндай қабылдау церемониялары тек универ , мектеп емес компанияға қабылдау церемониясы да бар. .
Вообщем ең басында ректор сөйледі. Бұл универде оқу арқылы армандарың мен мақсаттарыңді жүзеге асыру…Сосын осы универде өткізетін жылдарыңды көңілді есте қаларлық қылып өткізулеріңе тілестеспін, көп дос табуларыңа тілектеспін деген сөздер айтты..
Нагасаки университетінің тарихы туралы 2-3 ауыз сөз айтты. Мысалға мен Нагасаки университеті алғашында медицина үйрететін типа колледж сияқты нәрседен бастау алғанын білмеген екенмін.
сосын 2008 жылғы химия саласынан Нобель премиясының лауреаты Осаму Шимомура Нагасаки университетінің түлегі екен. Өмір баяны жазылған екен ана сілтемеде, (ағылшынша) қызық екен, жаңа оқып шықтым.
Біздің универдің оркестрінің ойнаған музыкасы ғана арасында қызықтысы болды:))).
Жапондарда осындай церемониялар керемет маңызды ғой, сен енді осы топқа кірдің, осы топтың мүшесің дегенді сезіну үшін жасалған ғой. Бөлектеніп жүретін қазақтарға керек нәрсе шығар, корпоративты рухты қалыптастырудың бір жолы ретінде:))). Компанияларда да ресми түрде болады екен осындай церемония. Бір шетінен жұмысқа қабылдау Жапонияда көбіне сәуір айында болады, содан да шығар, енді елдің бәрін жинап жасауға болады, ана бізде сияқты қалаған кезіңде жұмыстан-жұмысқа секіріп жүре беретіндей жағдай өте аз. Қазір енді бұл жұмысқа қабылдау жүйесі де бірте-бірте ауысып барады, бірақ сонда да.. Қазір біздің 4 курс студенттері уже оқу жылының басынан бастап жұмыс іздей бастады,енді келесі көктемге дейін өздеріне сай жұмыс табу үшін, 100 ден артық емтихан тапсыратын шығар , тіпті қазірдің өзінде он шақты емтихан, интервьюлерге де барып үлгеріпті.. Бізде сияқты әрі кетсе бір ай ғана күтетін емес, жапондар бір жыл бүрын өзіне жұмысқа қабылдайтын адамдардың санын белгілеп, адам іздей бастайды.
Бітіру церемониясында сияқты емес, тегі елдің бәрі серьозно боп киінген. Қара, қою сұр костюм шалбар киген. Мен деген үстімде ашық түсті көк кофта , бүкіл залмен контраст болдым ғой:)))
Мына церемония болған жер Нагасакидегі ең үлкен залдары бар ғимарат болу керек. Симфониялық концерттер, поп концерттер де осында болады көбіне.
Церемония барысында ректор бізге, біз оған ең аз дегенде 10 рет иілген болармыз:))).
сыртта күткен ата-аналар
ғимараттың ішін аралап шетелдіктерге арналған бір бұрышты таптым, әртүрлі кружок сияқты активитилер бар екен. Жүргізетіндер волонтерлер, так ышто ақысыз, содан келесі дүйсенбі оригамиге баратын боп жазылып кеттім, сабақтарға керемет кірісіп кетпей тұрғанда барып алайын дедім, кейін күнделігім сәйкес келе ма жоқ па кім білсін..
сонгы суретте казирги казакстан созин корип кап журегим тарслдап кет го)))
2 суреттин отру позалар кызык кен. типа анау ректор жалгыз туру керек сиякт. қы-қы-қы
rektor soz soilep tur
Шынымен, ана кітап қалай жүр ана жақта? )
baiqasandar qasynda arturli elderdin enciklopedialary jilnalgan, al qaidan kelgenin chot bilmid ekem, mumkin bireuler syilagan shygar kim bilsin, ishin qaramadym..
жақсы екен ерекше мән беретіні. бізде атүсті өте салатындар бар ғой