Қытай туралы Жапонияда   5 comments

Әрине Қытайдың экономикалық дамуы туралы айтпасақ та бәріне белгілі. Әлемдегі екінші экономикаға айналған қытай енді бір 7-8 жылда біріншіге шығуды мақсат етуде.. Соңғы кезде жапон теледидарында осы экономика дамуынан қытайлық қоғамдағық өзгерістерге көп көңіл бөлуде. Ең басты себебі менше жапондық қоғамның, әсіресе бизнесмендердің назарын аударуға тырысуда..

Мысалға жылдан жылға Жапонияға саяхат етушіқ қытайлардың саны артуда, және тек қана артып қоймай, сапасы деген сөз дұрыс болмас, бірақ келетін қытайлықтар анау-мынау адамдар емес. Жалпы біздің қоғамда да солай ғой, Қытайдың имиджі арзан ел, арзан арзан және тағы да арзан:))), содан да болар Жапонияға келіп ақшаны шашқан қытайлықтарды көру жапондар үшін жаңалық болып жатыр.

Мысалға қазір Қытайдан Жапонияға келер турлар ішінде міндетті түрде шоппинг бар, оның ішінде жапондық техника сатып алады екен, ерекше сұранысқа ие күріш пысырғыш, бағасы да орташа 100$ емес, мысалға 300-400$ тұратын қымбат күріш пысырғышты алады екен қытайлар, өткенде бір журналисттің жүргізген интервьюсында бір автобус боп қытайлар келді, сондағылардың барлығы дерлік күріш пысырғыш ап жатты, кейбір әйелдер тіпті 3-4ден ап жатты, «оның бәрін қайтесіз?» деп журналист сұраса, «Бірі өзіме, бірі мамама, бірі сіңліме» деген сияқты,(ну былай қарасаң қытайлық стильде ғой бізде сияқты тек өзі емес туыстарды ойлап жүретін) сондағы ана әйел жаңағы дүкенде 1 жарым мың доллардай жұмсады. Бұл орташа есеппен.. Басқалары да солай шамамен, арасында кейбірлері енді вааще, Ролекс сағаттан 3 алған әйел болды, бизнес партнерлеріме сыйлық дейді. Немесе студент қызына Омеганың 10 мың доллардық сағатын алып беріп жатқан бір семья.. «Нуу қызым ұнатып тұрса неге алып бермеске» деген әкесі, немесе «ұнатқан затым болса аламын, ал ақшасы басты емес, сумма не иммет значения» деген жас әйелдер..

Бұл жерден қандай тенденция көруге болады?

Жалпы осыған дейінгі қытайлықтардың имиджі басқа елге барып жұмыс істеп, тірнектеп жинап, оны Қытайға алып қайту болса, ап қайтудан бұрын тек жинау, жинау болса, қазір керісінше тенденция байқалады. Экономиканың дамуынан туындаған ауқаттыларды бір класы, тапқан ақшаны жұмсағанда тұрған не бар? деген түсінікті ұстанатындардың көбейгені байқалады. Сосын соңғы кездері миллиардан артық Қытайда жақсы деңгейді тұратын адамдар 10/1 деп алса, 100 мил адам аз емес қой.  Ренжімеңдер жапондар сандық көрсеткіштерін де көрсетті,табыс деңгейі бойынша мен оны ұмытып қалдым:). Бірақ экономика алға жылжуы үшін тапқан табысты жұмсауға әзір адамдардың көбеюі жақсы ғой, демек ақша айналысы одан да жақсарады. Қазір Жапониядағы дағдарыстың бір себебі ретінде адамдарда ертеңге деген сенім жоқ, содан да тапқан табысты жұмсауға қорқыныш басым, машина сатып алмайды, үй алынбайды, бұл әсіресе ақшасы көп үлкен жастағы адамдар, өмір сүру ұзарған Жапонияда қазір жасы үлкен адамдарда ақша болғанымен оны жұмсамайды, ертеңгі күнім не болады? деп. Бізде ғой ол немерелеріне бәрін бере беретін, ал жапондарда олай емес. Сосын не по теме заң да бар екен, мысалға немереңе үй сатып алуына 150 мың $ берсең, почти 40 мың $ салық төлеуің керек екен. Қазіргі биліктеге демократиялық партия бұл заңды өзгертеміз деп жатыр екен, үй сатып алатындай адамдар көбейуі үшін..

Әңгіме тақырыбы қытайларға оралсам, Пекиндегі бір түнгі клубқа барды жапондық журналисттер. Түнгі клубтағы көрініске қарап, ничо се социализм:))))) дедім ғой. Ну вообщем лана кәдімгі түнгі клуб но ең қызығы алды болды, сондағы бір VIP бөлмеде жиналған жастарға барды, рұқсаттарын алып интервью алды. Короче көзге көрініп тұр, үстілеріндегі дизайнерлер киімі екені,қай дизайнер демесе де, шаш үлгілері де керемет жасалғаны.. Арасында журнал моделі бір қыздық туған күні екен. Сосын ішіндегі бір жігіттен «былай қыдырып, сонша ақша жұмсай алатындай не жұмыс істейсің?»- деп сұрап еді. «Нуу жұмыс істемеймін, ақша ата-анамнан. Айына 3-6 мың $ жұмсаймын, кредиткама сап береді»- дейді, жасы 25-те екен. Әлгі жастар тобы ішінде 7нің 6-уы жұмыста жоқ боп шықты. (Қытайда екі аптада 4-5 қаласын қыдырғанға 600$ жұмсағам мен:)) Болашаққа деген қорқыныш жоқ па? десе неге қорқуым керек дейді:). Нууу әке-шешем аман болсын дегені шығар:). Қазір қытай қоғамында осындай бір ауқатты отбасынынң балалары мәселе екен, былтырлары бірнеше жағдай болған екен, сабаққа кешіккен бала, сабаққа самолетпен келген:), ну бұл лана выпендреж. Тағы да адам қағып кетсе де, түк болмағандай шуыладап жүре берген жастар тобы.. Қасыңда біреу қиналып жатса наплевательское отношение, и то бірден-бір кінәлі болса да, кешірім сұрау жоқ… Былай қарасаң бізде бар ғой ондайлар, ақша болса болд, бәрін шешуге болады дегендей..

Неге соншалықты жапондар көп көрсетіп жатыр? дегенге.. Қытай қазір донор мемлекетке айналды ғой.. Мемлекет түрмақ жеке адамдардың да капиталы пайда болды. Қазір әсіресе Африка елдеріне кетіп жатыр ғой қытайлық инвестиция..

Қытайлар алдап кетеді, Қытайлықтар сенімсіз халық. Тауарлары нашар деген көзқарастан арылыс, жаңа бизнес шанстан айрылып қалмау керек деген месседж жіберуде..

Тіпті жоғарыда айтылған қытайлық туристтерге қайта айналсам, мысалға Жапонияға келетін шетелдік турист Жапонияда орта есеппен 1000$ жұмасаса қытайлық турист орташа есеппен 2000$ жұмсайды екен..Қытайлықтарды тарту үшін жаңа турлар жасап жатқан жапондықтар да бар екен.

Қытай экономикалық монстр.. Мдааа…

5 responses to “Қытай туралы Жапонияда

Subscribe to comments with RSS.

  1. Масса бар жерде бәрі де болатын сияқты. Оларда адам көп, сонымен қатар түрлі соц. статустар.

  2. Kazakhstan kytaidan tauar alama? Bizde kytaidyng kili jauylatyn bolsa xalkymyz jan saktay almay kaluy mumkin import onimderining 70% kytaidan keledi 🙂

  3. Baska mamandyktardy bilmeimin, aiteu Computer Science/Engineering/Electricalda Kytailarmen Undister jaulap algan.

    Men keide sabakta Kytailar, Unidster jane MEN dep ushke bolinemiz 🙂

    Nemese baskalary. (Baskalary kobinde vietnam, Taiwan, Men, Orys, …t.b)

  4. уахаха және мен дегендей:))) өзім бір төбе деш:)
    Еврейлер қайда? бірақ олар білдіртпейтін шығар:)

Пікір қалдыру Дудар Жауап беруден бас тарту

Fill in your details below or click an icon to log in:

WordPress.com Logo

You are commenting using your WordPress.com account. Log Out /  Өзгерту )

Google photo

You are commenting using your Google account. Log Out /  Өзгерту )

Twitter picture

You are commenting using your Twitter account. Log Out /  Өзгерту )

Facebook photo

You are commenting using your Facebook account. Log Out /  Өзгерту )

Connecting to %s

%d bloggers like this: