Қызыл әскер миллионеры деректі фильм   2 comments

Жаңа осы бір деректі фильмды қарап біттім. Қатты ұнады.

Оқиға желісі Ұлы Отан соғысы кезеңінде басталады, сол кезде жұмыс істеген бір қылмыстық топ туралы. Бірақ жай бір қылмыстық топ емес 🙂 Еріксіз жымиясың да қарап отырып, былай қарасаң әрине қылмыскер,(ата- әжелерімізбен қатар кезеңде болған жағдай ғой, қаншалықты қиналғанын біздің басымызға бермесін) бірақ та, бірақ та, сонда да таң қалмасқа болмайтын деңгейдегі афера..

Орта деңгейдегі адамның алдын орап ойлайтын адамдардан құралған топтың іске асырған махинациялары, желінген қаншама қаржы , бірақ сонымен қатар былай қарасаң социалистік мемлекеттегі «бреши» дей ма қалай, жетіспейтін жақтарын толтырған әрекеттері. Атқарған істерінен  қоғамға пайда да келген тіпті қылмыстық істері болса да, әлеуметтік инфраструктураларды ретке келтіруге қосқан үлестері..

Бір шетінен былай да ойлауға болады, мүмкін заман басқа болғанда үйтіп қылмыскер болмайтын ба еді? Керемет бизнесмен болатын адамдар ма еді:). Тіпті қазіргі біздің кезге де келетін сияқты, қанша алға жылжыдық, ашық мемлекетте тұрамыз десек те, ойлаған мақсаттарын, қоғамға пайда әкелетіндей бір істерді жүзеге асыра алмау баршылық қой, біздегі жүйенің сәйкессіздігінен.. Қызық жалпы мына фильм, екі ойлы боп қаласың да, ужыс! бірақ сонымен қатар гениально деп:) Келесі ұрпақ көзқарасымен мен Ақ пен Қара деп емес сұр түске бояр едім.

p.s Қуанышқа рахмет, орысша атын жазуды ұмытыппын, Миллионер из красной армии деп іздесеңіздер инетте бар, ақысыз көшіретін линктер табуға болады..

2 responses to “Қызыл әскер миллионеры деректі фильм

Subscribe to comments with RSS.

  1. инетте барма видеосы?

Пікір қалдыру

Fill in your details below or click an icon to log in:

WordPress.com Logo

You are commenting using your WordPress.com account. Log Out /  Өзгерту )

Facebook photo

You are commenting using your Facebook account. Log Out /  Өзгерту )

Connecting to %s

%d bloggers like this: