Осы қыстық маусым бітердегі ең соңғы жарыс, Туриндегі әлем чемпионатында Асада Мао чемпион атанды. Тек Асада Мао емес Такахаши Дайсуке де алтын алды.
4 тік флипы керемет таза болмаса да, сәтті болды, ал басқа жағынан сөз жоқ болды. Энергияға толы орындау, өте эмоцияға толы. Дайсуке красавчик!
Осы спортсменнің алға ұмтылысына таң болам әркез, сосын әрине талмай еңбек етуі, тіпті сол 4 тік элемент сәтті шыға қоймайды-ау десе де, ылғи бағдарламасына енгізуіне риза боламын. Ну осы жолы әрине Лайсачек пен Плющенко қатыспады, сондықтан нақ Дайсукенің жұлдызды сағаты болды, бірақ мен үшін Лайсачек бір керемет фигурист емес, бір кішкентай кезіміздегі ертегілерде Кащей бессмертныйдың қасында жүретін нөкерлеріне ұқсатамын:). Шамасы бойы ұзын, қабағы түксиген, онымен қоса мұздағы киімі қара болғасын:)))).
ой бопты Лайсачек туралы, Такахаши Дайске маладес болды. Айтпақшы мұздағы сырғанаққа келуші балалар саны артуда екен Жапонияда:)
Сосын Маочянның олимпиададағы күміс медалының өзі Жапония экономикасына 20 мил доллардай пайда әкелді деп жатыр кейбір эксперттер:). Олимпиада қарсаңында сатылған теледидар, Маочянның суреттер жинағы, сосын бұған күміс медальды ресторандарда тойлаған адамдарды кіргізсе 20 мил әбден болады:). Ал Ким Юна туралы айтып та керек емес:))))).
Мао осы жолы екі бағдарламасын да почти таза орындап шықты, секіру элементтерінде қате болмады, бірақ санамай тастағанадары болды. Ең құрығанда маусым аяғында алтын алуымен құттықтаймын. Менің сүйікті Андо Микиім осы жолы толық бағдарламасын почти таза орындап шықты, соңындағы Николай Морозов екеуінің қуанғандары енді… а вот жігіттерден фаворитім Ода Нобунаридің жолы болмады Туринде де, секіру элементтерінен басынанан бірінен қате кетіп еді, қалғандары бірінен соң бірі кетті, тіпті күрескісі келмей қалды Ода:(. Менше бұл Ода Нобунаридің мәселесі оның секіре алу қабілеті емес психика жағында. Олимпиадада елден ерекше бауы үзілуімен есте қалған ол, әлі сол травмадан арыла қоймаған сияқты.
1. Дайсуке Такахаси (Жапония) – 257,70 баллов.
2. Патрик Чан (Канада) – 247,22.
3. Бриан Жубер (Франция) – 241,74
Жубер маладес, осы жолы 4 тік элементті жасады, техникасы мықты, сосын красавчик Стэфан Ламбьел кеткесін ең әдемі фигурист осы Жубер шығар:). ал Патрик Чанның бағдарламасын аса ұқпадым шыны керек, құлағаны ол бар, менше оған қарағанда Жубердің бағдарламасы тазарақ болды.
Вот Мирай Нагасу жалко болды, алғашқы күнде бірінші орында тұрған жетінші орынға түсіп қалды. Сондай жүзу жарқын сүйкімді қыз, шыққасын сахна артында интервью бергенде жылап қалды. Әке-шешесі де жапондықтар болғасын жапонша керемет болмаса да ойын жақсы білдіре алады екен.
Ал Ким Юна осы жолы қателесті ау кеп, по самое не хочу, көрген адамдар түсінеді. Секіруден құлап жату Ким Юна үшін әдеттен тыс емес, ол болатын жағдай, бірақ оңай деген элементтерден қате жіберді. Ал толық бағдарламада оңбай бір құлады, сосын тағы қателері болды, мен сияқты проф емес адамға да көрінетін қателері бола тұра Асада Маомен шамалас балл жинап, екінші орынға бірақ шықты. Қазылар алқасына деген күдік көбейе түседі екен. Почти таза орындаған Андо Мики мен финдік Лепистоның баллдары төмен болды. Воощым дым әділ болмады! Менше күміс тұрмақ тіпті медаль алатындай орындау болған жоқ осы жолы.
1. Мао Асада (Жапония) – 197.58
2. Ю На Ким (Корея) – 190.79
3. Лаура Леписто (Финляндия) – 178.52
Фавориттерді түсіруге болмайтын шығар… Осындай ойын түрлерінен судьяларда көп билік болады, сол үшін әділетсіздік көп орнайды.