Archive for Ақпан 2010

яхууу Қазақстаннан жүгім келді   2 comments

Үйдегілер маған біраз заттар жіберген еді поштамен, авиа емес, наземный, яғни теңізбен келді. Ооой қайда Желтоқсан айының басында жіберген нәрсе екі жарым ай дегенде әзер келді ғой. Мен кетерде жүгім көп боп біраз қыстық киімдерімді қалдырып кеткен болатынмын, артынан поштамен салып жібересіңдер деп, басында өзім де айтпадым, артынан үйдегілер құнттамай, ол жүк қыстың басында бірақ жіберілді. Мені тоңып өлсін демесеңдер дегем, ақыры құнттамай қойғасын, не сендерде қыс бола ма не деп қатырды:). 2-3 аптада келеді деген затым екі айдан артыққа жоғалды ғой құрсын. Мен өткен айда осы Жапония бойынша сұрау салғам, жіберген жүктің номерын алып үйдегілерден, Жапонияға келмеді ме деп, содан мындағылар орталықтарына хабарласып Read the rest of this entry »

Жапониядағы ғашықтар күні   10 comments

Жапониядағы ғашықтар күні әлемде тойланатын дәстүрден бөлек. Себебі жалпы бұрын валентин күнін тойлау мерекесі болмаған Жапонияға енгізуді алғаш бастаған Моринага деген атақты компания, жүргізген кампаниясының арқасында Жапонияда ғашықтар мерекесі деген түсінік пайда болды. (Моринага компаниясы Жапониядағы тәтті тағамдар бойынша бірінші болмаса да анық 3-тікке кіретін үлкен компания) Алғаш 1960 жылы ғашықтар күнінде қыз жігітке шоколад сыйлау туралы жарнама жасағаны, кейінгі Жапониядағы ғашықтар күнін тойлау дәстүріне әсер етті. Батыстағы ғашықтар күнінен айырмашылығы Ғашықтар күнінде қыз өзі ұнатқан адамына шоколад сыйлау арқылы өз сезімін білдіреді.

Айтпақшы қазір Жапонияда берілетін шоколад екі түрге бөлінеді. Read the rest of this entry »

квартира таптым   11 comments

Соңғы екі апта бойы инетті аралап, журналдарды ақтарып квартира іздедім. Себебі менің қазіргі  тұрып жатқан жатақханамен контракт наурыз айының аяғында бітеді. Содан әртүрлі үлкен маклерлік компаниялардың жүйелерінен қарастырдым. Мында сол квартира іздесең маклерлік компаниялардың қызметін пайдаланасың, (иесімен тура келісу өте сирек) вэбсайттары сосын ай сайын шығатын журналдары бар соларды ақтарып іздестіру керек. 2-3 компанияны салыстырып іздедім, ақыры осы Нагасаки бойынша жүйесі дамыған, үйлері көп компанияға бардық бірінші. Содан универге жақын деген 5-6 квартираны предлагать етті. Нагасаки жер қымбат, таулы жер болғасын, дөңнің басындағы жерлердегі үйлер арзан. Мен қараған үйлер бағалары шамалас енді, содан біреусі универдің тура жанында деп, солтүстік қақпаның шыға берісінде тура, тек велик қоятын жерге бөлек төлеу керек ай сайын 12$ шамасында. Қасымдағы тюторым онда универде ақ қалдырсаң болар великті деп, ее лана бірінші барып көрейікші өзі деп шыға берген едік, сүйтсе бір қыз келді де сол квартираны алатын болды.  Алдында бір келіп көріп кеткен екен, содан белгілеп кетті, одан маклер қыз тура соған ұқсас тағы бірі бар, бірақ орналасуы сәл басқа жерде бірақ ол да универге жақын деп, бірақ қазір  ол бос емес, бірақ ұқсас болғасын жаңағы солтүстік қақпаға жақынын көрсетейін деп бардық, млииин деп қоямын, жері жақсы екен.. жап жақын екен,  түскі уақытта үйден тамақ ішуге болатындай қашықтық деп қояды маклер қыз.  Ал тағы сол универдің қасындағысы өзі де бағасы да ұқсас мың теңгедей ғана жоғары, маған ұнамағаны иесі дәл қасында тұрады екен. Нуу по идее түннің бір уағында музыка айқайлатып, не гитара тартатындай, не болмаса ешкімге айтпай мысық асырайтындай адам емеспін, бірақ сонда да білмим қанша таза болса да, иесі жақын болғанын қаламадым. Кім біледі қандай адам екені… Read the rest of this entry »