Әп-сәтте өте шыққан «ұзақ» 4 минут..   2 comments

Бүгін ақыры қыздардың мұзда мәнерлеп сырғанаудан алтыны Кореяға бұйырды:).

Ким Юна маладес, супер-мупер еш қатесіз сырғанап шықты.

Маған бағдарламасы аса ұнады деп айтпас едім, ну былай әдемі, жеңіл нәрсе, бірақ эмоциясыз сияқты.. Ким Юна болғасын жандандырды дегені болмаса.. Юна көбелек тәрізді, секіріп қонған кезі де сондай жеңіл,еш қиындықсыз effortless көрінді.

Бір интервьюсында «Нәтиже қалай болатынын бір Құдай ғана біледі, бірақ бір білетінім қандай нәтиже болса да  қабылдауға дайынмын« дегені.. Басқа қыздарда жоқ қасиеті, жүрегі, нервысы мықты қыз, андағыдай прешрға шыдап шықан маладес. Сұмдық енді, бүкіл Корея уже алтын біздікі деп шулап жатқанда, сол жүкті көтеріп шықты.(Мынау алдындағы видео біраз қателіктері бар сырғаауында, но программа бір)..

Ну әрине менікі субъективті көзқарас бірақ сонда да барлығының ішінде ең керемет программа Маочяндыкі болды. Эмоцияға толы программа, маған 3-тік аксель комбинациясынан кейінгі ашуды білдірген шапалақ тартатын жері ұнайды...Бұрындары ылғи жеңіл, көңілді музыка алып келген ол осы жолы жаңа амплуа Рахманиновты алғаны Маочянның жаңа бетін көрсетті, хотя қарсы болғандыр көп болды, и вааще таңдаған музыкасы сәтсіз деген көзқарастар да көп болды, онымен қоса өзінің қаруы болып келген аксельдерді секіре алмай қалған осы маусымдаға сәтсіздіктері қаптап кеткен кезде бұл дау одан сайын өршіді. Ақыры Татьяна Тарасова»точно осы музыкаға сырғанағың келе ме? мүмкін ауыстырғаным дұрыс шығар» дегенде, ауыстырғысы келмеді. Жалпы бағдарламасы өте күрделі (Тарасованың шәкірттерінің ерекшелігі ).Әсіресе екі рет 3-тік аксель енгізгені күрделендірді.

Екеуі алдында айтқандай жасты, тіпті бір айда туған, 14 жасынан бастап бәсекелес боп келе жатқан екеуі, Юна «Неге екеуміз бір уақытта дүниеге келдік екен деп қиналғанған кезім де болды бірақ Мао болғаны үшін алға жылжып келдім», сол сияқты Мао да «Юнадан асу үшін секіру жағын жақсартуға бар күшімді сап келдім» деп интервьюларында, тіпті уақыт өте келе «тағдыр қосқан бәсекелестер» деп атайтын болды.

Ким Юна Корея тарихындағы мәнерлеп сырғанаудан алғаш медаль әкелді, тіпті жәй емес алтын болғаны әрине одан сайын.. Бүкіл Корея бүгін вокзалдарда, мектептерде тіпті полиция учаскелерінде жанкүйер боп күткен медаль болды. Бұрын соңды қыздардан алып көрмеген баллдар алды, көбіне ондай балл тек жігіттерге ғана беріледі. Ал қысқа бағдарламадағы Джеймс Бонд тарихта қалатындай программа менше..

Асада Маоның осы олимпиададағы жаңалығы 3-тік аксельді екі рет секіргені болды. Басқа элементтерден бөлек аксель күрделі сондықтан қыздардан ондай 3-тік аксельді секіре алатын фигурист жоқтың қасы. Олимпиадада бәрі 2лік аксель жасады, ал Мао қысқа программамен қосқанда 3 рет challange сәтті болды.

Бәрі кеше ойлағанымдай болды, Ким Юнаның артынан шыққан Маочян тым толқып кетті. Мао айдынға шығар шыққанша музыка тыңдап тұрды бірақ, «Юнаның қанша бал алғанын естімесем де көрермендердің қабылдауынан ақ тамаша сырғанап шыққанын сезіп қойдым» деді  кешкі жаңалықтардағы тікелей эфирдегі интервьюда. Юнаның сырғанауынан пайда болған атмосфераға кіріп келіп қайта өзінің әлемін жасау қиын болған шығар. Видимо жүрегінің бір жерінде паника пайда болып, содан қателіктер жіберген шығар. Ана жоғарыдағы сөздер енді біраз көңілі орнына түскен кездегі интервюсынан, ал мынау сырғанап шыққан беттегі интервьюсы. Жіберген қателеріне өкініші жібермей жылап жіберді..

Журналист :қандай 4 минут болды?

Мао: мм қалай десем екен? Өте ұзақ бірақ әп-сәтте өте шыққан 4 минут болды..

Журналист: Ұзақ, қысқа деп сезінгеніңіз қай жерінде болды?

Мао: кешіріңіз (жылап жіберді). Мм қалай десем екен, 4-ақ минут бірақ (жылап) сол аралықта талай нәрсені ойлап шыққасын ұзақ боп көрінді, бірақ сонымен қатар әп-сәтте өте шықты..

Журналист: Шығар алдында музыка тыңдап жүрдіңіз не ойлап жүрдіңіз?

Мао: Өкінішті әрине бірақ қолымнан келер нәрсені жасап шықтым..

Трипл аксельды 2 рет жасай алғаным әрине тамаша болды бірақ басқа жағынан қателіктер кетті. Сондықтан осымен қанағат дей алмаймын

Маочян қателіктер жіберіп аяғында комбинация секіруден алатын 9,4 баллдың орнына тек 0,4 қана алып қалды, сосын тағы бір 8 баллдай алатын жерінде түк алмай қалды. И то ана 9,4 деген тек базовый баллдар, секіру биіктігіне, қонғандағы тазалығына орай үстіне бонус баллдар береді қазылар. Осы жолы Ким Юна барлық секіргеніне базовый баллға қоса үстінен 1,5 нан 2,5 жарымға дейін бонус баллдар алып шықты. Маочян екеуінің балын салыстырғанда кей жерінде Юна кей жерінде Мао көбірек жинаған, бірақ әрине Маочянның жіберген қателіктері  артық баллды жоғалтуына әкелді, секірудегі қателіктер орындаудағы (execution), жылдамдықтағы өзгерістерге әкелді соған бола артистизм, элементтердің байланысы жағынан да Ким Юна озып кетті.

Олимпиада соңы емес, әлі де жалғасы бар деген Асада Маоның интервьюсына қарап бұдан былай да екі қыздың бәсекесі қызық болатыны анық.

Сосын бүгінгі тағы бір хироин Мирай Нагасу, программасы Кармен, секіргенде де таза секіріп шықты, Мао мен Юнаға қарсы келер бәсекелес өсіп келеді:). Ал бүгінгі Кармендегі иығын қимылдатқан тұсындағы жері сондай әдемі.. Бар болғаны 16 жастағы вундеркинд қыз келесі Сочиде Америкаға алтын әкелуі әбден мүмкін:).

Андо Микидің балдарын бүгін төмен болды жасаған ритбергер элементін есепке алмады деп жатыр білгіштер, негізі үлкен қателіксіз сырғанаған еді, не то что ана қателікке толы Рошетт, ну анасының қайтқанына көңіл айтамын бірақ қазылар объективті болды деп айта алмаймын,  қателіктері жетед бірақ сонда да почти Маомен бірдей жоғары балл алды.

2 responses to “Әп-сәтте өте шыққан «ұзақ» 4 минут..

Subscribe to comments with RSS.

  1. Шынымен Мирай Нагасу үшінші орынға лайық еді. Бірақ әлі жас қой, талай асуларды алар. Рошетт бір жағынан өте крупный қыз екен )))
    Ким Юна өте жеңіл сондай, бірақ түрінде эмоция аса байқалмайды.
    Мао Асаданың секіргені де сондай керемет.

  2. ой қазір Ким Юна професионалды фигурист боп кете ма деп шулап жатыр кәріс газеттері:)..
    вот именно Рошеттке қарап мен де солай ем біраз ебедейсіз сияқты..

Пікір қалдыру

Fill in your details below or click an icon to log in:

WordPress.com Logo

You are commenting using your WordPress.com account. Log Out /  Өзгерту )

Facebook photo

You are commenting using your Facebook account. Log Out /  Өзгерту )

Connecting to %s

%d bloggers like this: