Қыздардың сырғанауы Асада Мао vs Ким Юна   6 comments

Ертең қыздардың мұзда мәнерлеп сырғанауының шешуші күні.

Бүгінгі жапон газет бетттері осындай..

Бірінші күн бойынша бірінші орында Ким Юна, содан кейін Асада Мао , 3 орында Канадалық Рошетт тұр. Менің любимицам Андо Мики 4 орында. Сосын тағы бір өте мөте қызық қыз Мирай Нагасу, американдық жапон қыз,жасы тек 16да ғана, мүмкіндігі өте жоғары, болшағы зор қыз, тек жараланудан сақ болса, секіргенде баланысы мықты!

Мао чянмен Ким Юна екеуі жасы 19да, туған күндері де жақын.. Соңғы жылдары бірнеше рет айдында кездесіп, соның ішінде 6 рет Юна, 4 рет Маочян жеңген екен.

Менің любимицам Мики шорт программда  қатарынан жасаған 3-тік тулубы дұрыс болмай қалды әттең, содан балы төмендеп қалды, әйтпесе Андо Мики тіпті қыздар секіре алмайтын  4тік элементтік жасайтын мүмкіндігі бар қыз. Қысқа бағдарламада ең соңғы 30 номермен шыққасын, занервничала кажись, осы жолы 20 шығады бір жақсысы. 20-Андо Мики,  21-Ким Юна  22-Асада Мао 23-Рошет, жабатын адам Мирай Нагасу.

Осы жолы тым жоғары балл алған канадалық Рошетт менше, жеке себептеріне орай жоғары балл берген сияқты, әйтпесе керемет нәрсе байқамадым шыны керек. Дәл жарыс алдында анасы қайтыс болса да мұз айдынына шыққаны әрине ерлік, сырғанап біткесін жылаған суреті бүкіл газет бетінде жүр.. Сосын Маомен арадағы айырмашылық  2,3 балл ғана, канадалық дегені ол бар сондықтан анау мынау кішкене қателерін судьялар байқамауы әбден мүмкін..

Маоның қысқа бағдарламасы қатты ұнады. Ең соңында қуанғаннан секіргені супер болды, Татьяна Тарасова да қуанып, ол кісінің қуанған түрін көру өзі бір ғанибет қой.  Өткенде ғой бір бағдарламада Тарасованы қалай елестетесіз деп сұраса біреу, «қорқынышты қорқынышты мұғалім» деп:))) Бірақ шынымен талабы қатал тренер ғой. Бірнеше олимпиада чемпионын өсірген кісі, таң атқаннан кеш батқанша «покажи мне максимум» деген айқайы рингте:))). Маоның қысқа бағдарламасы ұнағаны до того инеттен бірден Арам Хачатурянның Маскарадын тауып алдым:))), мына жерден түсіріп алсаңыздар болады. Супер настр көтеретін классика.

Басты интрига әрине Ким Юна мен Маочян арасында. Бүкіл Корея болып аж алтыннан басқа медаль күтпейміз деп шулап жүр. Жапонияда да енді алтын күтеміз дейді бірақ жапондар кәрістер сияқты емес.. Кеше премьер министр Хатояма Юкиодан Маочян туралы бір сөз дегенде, «медаль медаль деп айта бермеген дұрыс қой, итак өзі де біледі, одан сайын прешр болады, бастысы өзінің қолынан келер ең-ең деген сырғанауын көрсетсе болды ғой » деп ,бір интервьюсында.

Ал Кореяда енді вааще, басқалардың алтын медалы Ким Юнаның медалына татымайды дегендей күтуде.. Ну бірақ енді шынмен Ким Юна тек бір фигурист қана емес, керемет селебрити ғой Кореяның, ән айтқаны ол бар одан басқа қаншама жарнамасы бар, былтырғы жылдық табысы 7,5 мил$, осы Ванкувердегі атлеттердің арасындағы ең табысы жоғары қыз, сәл жақын келсе табысы жағынан ана американдық сноубордист қатар шығар..

Ким Юнаның қысқа бағдарламасы әрине супер, Джеймс Бонд. Сосын осы қыздың психологтары мықты не болса да, бір саспайды ғой. Гипноз тәсілін қолдана ма екен:))). Маған кеше бір моменті қызық боп көрінді, Мао сырғанап бітіп Юна айдынға шығайын деп тұрған кез, Мао жақсы сырғанап шыққан сәтінде Ким Юна миығынан күлгендей болды:). Бүкіл камера өзіне бағытталып тұрғанын білгендей, тез күлкісін жинап алды:))). Нервысы мықты қыз не болса да..

Алғашқы күнде Мао мен Ким Юна арасында 4,7 балл айырмашылық бар. Ким Юна қысқа бағдарламаға жақсы, сондықтан да баллы жоғары. Егер де Маочян қатесіз сырғанап шықса Ким Юнадан озу керек дейді білгіштер, себебі программа компоненттері сосын элементтердің арасындағы байланысы жақсырақ дейді. Нуу мен ол жағынан эксперт емеспін, но надеюсь барын жасап шығады. Пыросто менің бір ойлап отырғаным ертең Маочян тура Ким Юнаның артынан шығады, егер Юна қатесіз сырғанап шықса онда Маочян одан асуым керек деп прешр астында қалуы мүмкін, сол жері беспокоит, ну жалпы программаны судьялар қалай қабылдайды? Маочянның музыкасы ауырлау, Рахманиновтың прелюдия бірдемке деген бөлігі, ауыр музыка..

Айтпақшы соңғы олимпиадалардағы тенденция қысқа бағдарламадан кейін бірінші орында тұрған фигурист қыздардан ешбірі алтын алмаған екен, нуу осы жолы енді кім біледі? Ким Юна нервысы мықты, ол жағынан Мао чян мен Мики қап қояды. . Бап әрине бәрінде бар ғой бірақ бақ кімнің қолында екен…

6 responses to “Қыздардың сырғанауы Асада Мао vs Ким Юна

Subscribe to comments with RSS.

  1. кеше орыс қалашығынан(Ванкуверден) ресей тілекей сұхбаттасты. Осы А.Малахов жатпайд неде болса ))) сарт/сарт қызыл кеңірдек болып жатыр )))) Тарасова Лайсачеканы оқытқанба бірдеме. ол оған тұрарлық еді алтынға деп))) Юки(жапондық) парный катанияда шығыпт ғо орыс құрамасына кіріп. очм сол әтейі құлаған деген болжау ((( Жапон тыңшысы деп))) бірақ Юкидің енд жоғары поддержкасын көріп «құлайд анау құлайд» деп тақымымды қысып отқаным рас енд ))) мойындауымыз керек елдер, Ресей үлкен держава кені. 😉 шіркін біз қашан сондай болар екенбіз…
    тарасова ел айтқандай тиран болса Біздің ДЕНИСтіде ураган ететін шығар деп сенейік. мойындау керек Денис өзін шыйрақ көрсетті ғо ағайын. Айналдым Денисінен ім/ім/ім түрінен сол :)))

    Сен жапондарға қатты болейт етеді кенсің ))) мен ана жолы дорожкада жүгіруде корей қызына болейттетіп жаттым, Шіркіннің саны кең айбат кен, көзім түсіп кеткені )))) былай корей/жапон/кытайларға уважуха ғо. 😉

  2. NYTimes қарағанмын. Кеше бірінші бетінде осы екі қыздың арасындағы талас жазылыпты. Екеуінің арасындағы спорт бәсекесін бақылау шынымен де қызық. Рахмет. Осы жазбаларың өте қызық!

  3. Maonin sirganaui katty unadi, Canadian super syrganadi dep mende oylamaym, ote grubi ma, mende oiladim mamasinin kaytis boluina, sonda da syrganauga shykkanina karap bagaladi ma dep.

    Kim Yu Na angime jok. Jalpi aziatkalardin kozgalistari muz aydininda ote ademi goi.

  4. Қайтарма үнқосу: Әп-сәтте өте шыққан “ұзақ” 4 минут.. « 6 градус әлемді өзгертеді

  5. Қайтарма үнқосу: Ким Юна және планшет | Корей толқыны

  6. Қайтарма үнқосу: Әп-сәтте өте шыққан “ұзақ” 4 минут.. | 6 градус әлемді өзгертеді

Пікір қалдыру

Fill in your details below or click an icon to log in:

WordPress.com Logo

You are commenting using your WordPress.com account. Log Out /  Өзгерту )

Facebook photo

You are commenting using your Facebook account. Log Out /  Өзгерту )

Connecting to %s

%d bloggers like this: