Олимпиада медалын қалай алады?
Мұздан мәнерлеп сырғанаудан ерлерден Жапонияға алғаш медаль әкелген Такахаши Дайсуке хиро болды. Бүкіл газет беттері мен жаңалықтарда жүр.
Ерен еңбегінің жемісі-қола медалы құтты болсын дейм Такахаши Дайсукеге, жарап кетті.
Осы жолы олимпиадаға 1 жыл 4 ай қалған уақытта тренинг кезінде оң тізесін жаралап, операцияға бел буды, одан кейінгі 5 айлық реабилитация курсы да қиын болған екен. Өткенде бір документальды фильмын көріп ужыс дедім, аяғына массаж жасатқанда ауырғаннан орамалды тістеп шыдаған кездері сұмдық енді, мускулдан айрылған оң аяғына салмақ түсіретін жаттығулар күніне 9 сағат!!. Қатты ауырғаны до того спорттан кетсем ба деп, қиналған сәттерді талай болыпты. Тіпті таныстарға, ешкімге ештеме айтпастан бірнеше күнге із-түзсіз жоғалып, ақыры айдынға қайта оралған кезі де болған екен.
Спортқа оралуының өзі күмәнді болған Такахашидың осы Ванкуверге дейінгі жолы қиын болды. Туринде 8-ші болды, сонда да конькиды тастамаймын деп жылжып келді. Осы жолғы фрипрограмда итальяндық композитор Нино Ротаның әуені ЖОЛ, өзінің жүріп өткен қиындық пен қуанышы бар жолын суреттеді. Жоғары орындарды алған спортшылардың ішінде Такахаши артистизм жағынан ең жоғары баға алды. Таза орындау мүмкіндігі төмен болса да, қайтсем де жасап көремін деп интервьюлерінде айтып келген ол, ақыры 4-тік элементі жасады, бірақ сәтсіз боп ең басында бір құлады, бірақ сонда да қалған жағынан балл жинады.Такахашидің бір жақсы жері секіру элементтерін орындау арасында бос жерлері аз, немесе секіруге кетіп бара жатқан сәтінде құр сырғанамай, қолымен бір элементтер жасап, жалпы артистизм жағына көңіл бөлінген бағдарлама.
Толық бағдарламадағы хореография жағын итальяндық хореогроф, қысқа бағдарламадағыны жапондық хореограф, секіру жағын Солт Лейк Ситиде медальға жетпей 4 орында қалған фигурист Хонда Такеши бақылаған. (2008де Николай Морозовтан кеткен, по ходу Морозов пен агенті келісе алмай қойған)
Фридағы программасы грамотно қойылған, балансы жақсы программа. Орындау қажетті элементтер және ең-ең деген стэптар қамтылған, соның ішіндегі міндетті 3 тік аксель туралы. . Басында ол 3-тік аксельді бағдарламаның алғашқы жартысында орындап жүрген, кейін аяғына қарай ауыстырған, аяқ жағына қарай фигуристтің әлі кетіп секіргенге көп күш керек болады, қателік кету мүмкіндігі артады бірақ есесіне бірдей элемент болса да бағдарламаның басында орындаған аксельмен аяғындағы 3-тік аксельге берілетін баллдың айырмашылығы 0,8 балл. Ламбьелді 0,5 баллға ғана озып медальға қол жеткізгенінен, сол бір аксель медальдың тағдырын шешті десе болады.
Медаль алған сәтінде қуаныштан көзіне жас келіп, марапаттау сәті біткесін берген интервьюсында Нагамицу тренерімен бірге келді, тренері 13 жасынан бері бірге келе жатқан кісі. Спорттан кетемін деп қиналған кезінде де қолдау көрсеткен адам. Тікелей эфирдегі интервью біткесін сырттағы болған әңгімеде Ода Нобунаридің бауы үзілген сәті туралы айтылған екен, сонда Такахаши да «айтпақшы менің де бауым үзілетіндей боп тұрған, қайта аман шықты» дейді. Сүйтсе жарыстың алдындағы түнде тренері соны байқап ауыстырып қойған екен.
Мдааа… Не дерсің.. 4 жылдағы бір олимпиадағы медальға қол жеткізу үшін атлеттің бір өзінің талабы аз, қасындағы адамдардың еңбегі, қолдауы үлкен екенін байқауға болады.
Шыққан отбасы 4 баланың кішісі, бір анасы өсірген екен. Анасы жұмыс істейтін шаштараздың иесінің қызы( туған апайы сияқты боп кеткен кісі) алғаш мұз айдынына апарған екен, по идее хоккейге жазылса деп апарған, бірақ беттерінде протектормен ринг қабырғасына тарс-тұрс соғылған хоккеисттерді көріп, ооой жоқ деп, фигуристтерді көрсетіп, ал андағыдай спортпен айналыссам шы? болмай ма? деген екен:)). Содан бопты көп ақша кете қоймайтын нәрсе ғой деп, оны серьозно болып кетед деп ойламаған ғой, тіпті кішкене кезінде алғаш жарысқа шыққан кездегі киімі де қалған матадан тігілген, небәрі 10$!! Ал алғаш халықаралық юниорлық жарысқа киген киімін де қолдан тіккен екен жаңағы апайы, оның өзі бір 100$ шамасында:). Таланты бар екенін сол кездегі мұғалімі байқап қалған..
Бір шетінен қазір Такахаши Дайсуке мен Ода Нобунари екеуі Кансай Университетінде (Осака) оқиды. Ал бұл универдің басқалардан бір ерекшелігі универдің жеке мұз айдыны бар. Бұрындары фигуристтер ортақ мұз айдындарын түнгі уақытта ғана қолдана алса, Такахаши мен Нобунариде қалаған уақытында дайындалатындай мүмкіндіктері бар. Сол сияқты жылдамдыққа конькимен сырғанаудан 500 м Жапонияға күміс және қола медаль әкелген жігіттерде жұмыс істейтін компанияларының сырғанақ айдынын пайдаланады екен, компанияның жағдай жасауы нәтижеге әкелді.
Сосын әрине масс-медияның ролі зор. Мысалға ана мен жақсы көретін Айко Уэмура былтырғы әлем чемпионы атанғаны болмаса, олимпиада медалін алған емес бірақ сонда да халық арасында өте танымал, фанаттары көп атлет қыз. Тек жарыс кезінде көрсетіп сонымен болды деген болса, Айко деген халықтық махаббат болмас еді. Қайта оның жеке өмірінен эпизодтар, балалық шағы, өскен қаласы туралы, дайындық сәттерін көрсету арқылы Айко жарқын мінезімен адамдарды баурады. Қатысқан 3-ші олимпиадасы Туринде медальға қолы жетпегесін, спорттан қол үзем деген ойы болған, қатысы жоқ, таныс та емес адамдардың тілегі, қолдауы әсер етіп, тағы да олимпиадаға дайындалатын боп шешкен екен. Жақсы сөз жарым ырыс…
Жапонияның әр жеріндегі мұз айдынынан интервью жасалды жаңалықтар кезінде, бар жерде адамдар бұрынғыдан көп екен, бәрінің аузында әрине Такахашидің медалі. Сосын конькимен айналысатын балалардың айдынына барғанда кезде, айтқан сөздері мен де кейін олимпиадаға барсам, тіпті Такахашиден биігірек орын алсам деген балалар. Арасындағы ең сүйкімдісі кіп-кішкене 4-тегі бала бірден көзге түсті:). Мұз үстінде әлі дұрыс жүре алмай әкесімен жүр. Бүгін келдік, олимпиада басталғалы қызығушылық танытып мен де сырғанағым келеді дегесін алып келдім деді әкесі.
Сондай бір балалық қызығушылықтан басталып Олимпиада чемпионына айналмасына кім кепіл??
Like this:
Ұнады Жүктелуде...
Related
Халық тарапынан үнемі осындай бақылаудың барын біліп отыру үлкен жауапкершілік қой. Екінің бірі көте алмас жүк.
Біздегі «Такахашилердің» жағдайы қалай екен?
Мани, мани, мани!!!