Сашими-шикі балық   10 comments

Осы жапондар тағамға көбіне дәмдеуіштер қоспайды, табиғи дәмін татуға тырысады. Мысалға оңтүстік Азия, Қытайда неше түрлі дәмдеуіштерді қосып ақырында не жеп не қойғаныңды  білмей қалуың әбден мүмкін, ол жағынан алғанда жапондық тағамдар бөлек. Соның бірі Сашими- шикі балық, тек соя соусымен ғана дәм кіргізеді.

Тағамдарды екі түрге бөлуге болады, ке-яғни күнделікті, сосын харе-яғни мейрам не ерекше күндері желінетін тағам түрлері. Харе тағамдарына суши мен сашимиді жатқызады. Ну түр түрі көп, мен аса айырмаймын шыны керек, аттарын да жаттай алмай қойдым, былай түріне қарап мен ұнататын балық деп білемін:))).

Мынаның ішіндегі салмоннан бастап бәрін жақсы көремін десе болады , әсіресе ана оң жақ жоғарыдағы нәрсе, түсі ақ, ракушка ішінен шыққан нәрсе хотатэ, қатты жақсы көремін. Денсауллыққа да жақсы, әртүрлі минералдары көп нәрсе.. Ал креветкалардан мына түрі аса ұнатайм.. Сосын ана оң жағындағы жасыл нәрсе-wasabi, жапондық хрен, вааще ұнатпайм десе болады. Сушиға тапсырыс бергенде васабисіз деп беремін ылғида..

Мынау ана алдындағы мұғалімімізбен барған рестораннан, сондағы кей тағамдардың суреті..

бірдемке саңырауқұлақтың түрі, дым ұнамады дәмі, әлде имбирь қосылған ба білмедім, имбирьдің тамырының дәміне ұқсайды екен..

мынау менің тарелкам, ана оралған горох ұнайды қатты

Біз барған жер, Жапония бойынша ресторан кафелер желісі.. Айтпақшы ана оралған горох, клиент ұсынған рецептпен жасалған. Осы ресторандар жүйесінің сондай ерекше жүйесі бар. Қалаған клиент өзінің рецептін қалдыруына болады, егер де ол тағам ресторанның менюсына кіретіндей болса 4000 $ ақы төленеді. Осы оралған горох та солай пайда болған.. Кейде тек сол аймақта, кейде бүкіл Жапония бойынша,сосын қолданылатын ингредиентіне байланысты маусымдық тағам болуы мүмкін. Жапондық ресторан бизнесіндегі бәсекелестік өте жоғары, сол үшін де әртүрлі жаңа меню, жаңа сервис түрін енгізбесе нарықта қала алмайды.. Сол ресторанға тән меню, қонақтарды тартатындай бірнәрсесі болмаса..

10 responses to “Сашими-шикі балық

Subscribe to comments with RSS.

  1. boje, kalay shiki balik jeysin?!

  2. Балық деген жетед деш… )

  3. Аш қарынға оқуға болмайды екен бұл жазбаны … ммм ээээ
    Обед қайда

    Қуаныш Мағзуов
  4. сырдың балықтарын еске түсіріп жіберді ғо…

  5. паразитермен қайлай күреседі екен?

  6. сонда сушиді тек мейрам күндері ғана жейді ме?

    • жапондар ылғи да осындай жоғары тұрмыста болған жоқ, соғыстан кейін болмаса. Сондықтан Сашими салыстырмалы түрде қымбат болғандық харе тағам деп саналған

Пікір қалдыру altygradus Жауап беруден бас тарту

Fill in your details below or click an icon to log in:

WordPress.com Logo

You are commenting using your WordPress.com account. Log Out /  Өзгерту )

Google photo

You are commenting using your Google account. Log Out /  Өзгерту )

Twitter picture

You are commenting using your Twitter account. Log Out /  Өзгерту )

Facebook photo

You are commenting using your Facebook account. Log Out /  Өзгерту )

Connecting to %s

%d bloggers like this: