Қыздардың сырғанауы, Андо Мики сосын Денис Тен туралы   3 comments

Кыздардың мұзда мәнерлеп сырғанауы басталады.

мен жапондық қыз Андо Микидің жанкүйерімін. Жапонияда номер екінші фигурист қыз популярити бойынша, Асада Мао қайткеменде қатқан брэнд боп кеткен, олимпиаданың жарнамалары, шоколад, сақтандыру басқа жарнамаларда Асада Мао жүреді, спонсорлары мықты спортшы.  Ана алдында айтқандай Мао-чянның олимпиадаға барып-бармауы теледидарлардың сатылауына әсер ететіндей фанаттары көп фигурист қыз. Сол жағынан қарастырғанда Асада Мао асып кетеді, ал бірақ осы маусымда өте жақсы нәтиже көрсетіп жүрген жоқ, әдетте керемет орындайтын элементтері 3-тік аксель мен 3-тік  тулуптары да аса болмай жүр. Маочяннан алтын күтеміз деп күндіз түні теледидардан. Маған Мики сүйкімдірек, сосын осы маусымда балансы жақсы боп келе жатыр. Клеопатра бағдарламасы да өте әдемі.

Айтпақшы осы Андо Микидің де тренері Ода Нобунаримен бірдей адам Николай Морозов (олимпиада чемпионын қалай өсіреді деп, Ягудинді дайындау кезінде Тарасованың астында жұмыс істеген). Андо Мики мен тренері Николай Морозов екеуінің қатынасы сондай жақсы, қолдау көрсеткені, Микидің Николай деген керемет адам деп берген интервьюларынан, тб бар екеуінің арасы тек шәкірт пен тренер деген қатынас қана ма деген өсектер де бар:))). Жапондық желтый пресса әй жұмыс істейд ау:)))

Ертең қатты нервничать етпей сырғанап шықса екен деймін, қайткен күнде де бұл қыздардың алдарында тұрған үлкен қабырға Ким Юна ғой, Джеймс Бонд бағдарламасы енді супер, ең басталған кезінде тіпті 19-дағы ғана қыз ба дейсің, түрі де өзгеріп кеткен кезде..

Мында айтпақшы әлі Такахаши Дайсукенің медалін тойлауда, кей ресторандарда арнайы менюлар ойлап тайып.. вообщым әлі де жігіттердің сырғанауынан эмоциялар әлі басыла қоймады..

Өткенде ғой Еленаға жанкүйер болам деп қараған биатлон таң атқанда бірақ ұйқтағам. Одан кейін де дүрыс ұйқы болмай, дәл сол күні өрт сөндіргіш пен бөлмелердегі жалюзиді ауыстыратын күн, дрельдің дыбысынан ақыры дұрыс ұйқы болмады. Бір қарасам уже жігіттердің мұзда мәнерлеп сырғанауы басталатын уақыт. Содан ақыры теледидар қосып қойып ұйқтадым бір құлағыммен тыңдап:)))). Денис Тен дегесін оянып қарадым. Былайша жақсы сырғанап қоятын бала екен. Алғаш олимпиада болғаннан әрине волноватся еткені анық. Әйтеуір жапон коментатор жалпы секіргендегі техникасы жақсы спортшы, балансы мықты деп жатқан..Элементтерді дұрыс орындай алмай мұз сипаған сәттерін былай қойғанда менше Денистің перфомансында жетпегені артистикалық жағы. Мұздағы бидің үстінде Дениста бос жері көп, әсіресе алғашқы бөлігінде..Бос жері дегенім секірген арасында, дайындыққа кететін жерлері көп боп көрінді,  Дениске техникасын одан ары жақсартумен қатар хореография жағына көбірек көңіл бөлу керек. Жапон коментатор айтқандай балансы бар спортшы болса сыртқа көңіл бөлмейтіндей психолог жағынан қолдау болса, сосын әрине ана бос жерлері.. Дениска Сочиге дейін әлі уақыт бар..
Медальдар алынбағасын Ресей үшін ең жаман олимпиада болды.  Плющенконы көрген адам сен алтын алуға тиістісің деп айта берген екен, прешр тым көп боп кеткен сияқты. Плющенко үшін сөз боп па деген элементтерден қателіктер жіберді. Бір рет спорттан кетіп,  қайта оралып Ресей қоржынына күміс әкелді. Қателіктерін өзі біліп, екінші орында қалғанын естігенде басын изегенін байқап қалдым, келіспеске болмайд дегендей болды түрі. Бірақ артынан әрине Ресейліктер шу көтерді, әділдік болмады деп.. (Ана Солт Лейк Ситидегі әділетсіздік ұмтылмайды ғой өмірі, басында Ресей алтын, Канада күміс деп, артынан Канадалықтарға арнап қайта церемония жасап алтын бергені шынымен әділетсіздік болды әрине) осы жолы Плющенко тағы бір алтынды тағар деп ойлаған бәріміз.. Бір күн бұрынғы пресс конференцияда, «Қайткен күнде де мен 4тікті секіремін, алай айт, былай айт бәрібір мәнерлеп сырғанаудың болашағы осы 4тік элементті орындау шеберлігінде»- дегені суперски болды. Бірақ хореография жағынан осы Плющенко дені дұрыс есте қаларлық, яркий программа қоя алмады, сонда да 2-3 жылдан соң спортқа қайтып, кеп, жәй ғана қайтып келмей жеңістерге жетті, тіпті олимпиада күмісін алды. Бұл әрине талант және мінез.

Алтын алған американдықтың сырғанағанын қараған да жоқпын, көзімді ашуға ерініп:)))). Дым қызығушылығым жоқ осы фигуристке:))). Ол 4тік элементті жасап ва-банкке бармады, есесіне басқа элементтерді таза орындап шықты, айдынға шығар номеры Такахаши мен Плющенконың алдында болуы да жақсы болды.  Эван Лайсачекке түк қызығушылығым болмауы жапондардың кесірі:))). Өткенде ғой бір бағдарламада олимпиададағы красавчик споршыларды әңгіме қылып, атлет қыздар арасында журнал беттерінде жүретін модельдер де бар екен, жігіттерді айтқанда арасында осы Лайcачекты красавчик деп адам жынын ұстатып:))). О вкусах не спорят, бірақ сонда да!! Жарайт бойы ұзын, сымбатты жігіт екен, бірақ маған бұрынғы бір ескі ертегі фильмдер бар еді ғой бала кезімізде, сондағы бір жаман персонаждар арасында жүретін біреу сияқты. Көзін жауып қара көзілдірік кисе еще нормально, но былай қорқынышты түрі суық па бірдемке, вооощем неважно:))) Осы жапондарың қуад екен деп қараған едім сол кезде:)))

3 responses to “Қыздардың сырғанауы, Андо Мики сосын Денис Тен туралы

Subscribe to comments with RSS.

  1. Маған да Лайсачек онша ұнамады, жалпы сырғанауда ерлердің бойлары ұзын болғаны біртүрлі ыңғайсыз сияқты.
    Денис әлі жас қой, бәлкім келесі олимпиадаларға дұрыстап дайындалса бәлкім озып шығар ма екен…
    Жапон фигуристері актерлік шеберліктері жоғары деңгейде екен 🙂

  2. Қайтарма үнқосу: Қыздардың сырғанауы Асада Мао vs Ким Юна « 6 градус әлемді өзгертеді

Пікір қалдыру

Fill in your details below or click an icon to log in:

WordPress.com Logo

You are commenting using your WordPress.com account. Log Out /  Өзгерту )

Facebook photo

You are commenting using your Facebook account. Log Out /  Өзгерту )

Connecting to %s

%d bloggers like this: