Ояна сап теледидарды қосып жапондық фигурист Ода Нобунаридің шығуын күттім.
Биін бастаған Ода Нобунаридің перфомансы жап жақсы басталды 3-тік тулуп аман есен, бір кездеТуууу деп мен, комментаторлар АААА!!! НЕ БОП ҚАЛДЫ??? ТОҚТАП ҚАЛДЫ, БІР ЖЕРІН АУЫРТЫП АЛҒАННАН САУ МА деп айқайлап. Сырғанауын тоқтатқан Ода сахна сыртына қарай беттеді сондағысы конкиінің бауы үзіліп қалған екен.
Төтенше жағдайда арасында 3 минут пауза алуға болады, тоқтаған жерінен әрі қарай жалғастыру мүмкіндігі беріледі, бірақ әрине баллдар алынады.
Ода Нобунари үзілген бауын қайта байлап мұз айдынына шығып соңына дейін аман-есен, үлкен қателерсіз сырғанап шықты. Нервысы мықты екен не болса да,шашылып қалмай өз-өзін жақсы жинап алды.
Тренерлері өзінің анасы мен Николай Морозов.
Барлық фигуристтердің ішінен осы Ода Нобунаридің толық бағдарламасы ең қатты ұнайды, ең қызығы еді, әттең..
Сахнаның сыртына шыққасын, «Бауымның үзілейін деп тұрғанын байқаған едім негізі, басқа мәселелер жағымен бас қатып, сол беті қалған еді. Кінәлайтын ешкім емес, бар жауапкерішілік өзімде…» деп интервью беріп, көзіне жас келген түріне қарап, бедный Ода деп мен өзім жылап жібердім, алдыңғы олимпиадаға бара алмай, енді міне деп күткен 4 жылдағы әрең деген сахнада…
Осы жолғы сәтсіздікті бір сәт деп қарап болашақта бұдан да керемет сырғанаса екен деймін.
Тағы бір айтайын дегенім Ода Нобунари тоқтап, қайта оралған сәтіндегі көрермендердің қолдауы да керемет болды. Жалпы осы жолғы Ванкувер олимпиадасының атмосферасы жақсы, халықтың қолдауы күшті, тіпті Канадалық жеңіліп, басқа елдің спортшысы жеңсе де қолдау көрсету жағы керемет. Бұл көп ұлттардан құралған Канадалықтардың менталитетінде деп ойлаймын. Сол жағынан алғанда ең жаман олимпиада Солт Лейк Ситиде болған еді, пуп земли деген түсінік басым елде, басқа елдің спортшысының жеңісін мойындау, қолдау көрсету жағы нашар болып еді. Айтпағым Американы жамандау емес еді, біздің қазақтардың қылығы есіме түсті. Әр олимпиада біткесін ылғи айтылатын әттең қазақ болғанда ғой деген әңгіме…
Қайтарма үнқосу: Қыздардың мәнерлеп сырғанауы немесе Андо Мики « 6 градус әлемді өзгертеді
Қайтарма үнқосу: Қыздардың сырғанауы, Андо Мики сосын Денис Тен туралы « 6 градус әлемді өзгертеді
Бау үзілгенімен үміті үзілмесін! Жақсы спортшы тәрізді ғой. Сенің жазбаларыңнан кейін жапон спортсмендеріне деген қызығушылық пайда бола бастады. 🙂
Мен көрдім сол выступлениесін. Тура актер ғой ))) Сондай сүйкімді бала, қателіксіз жасап келе жатыр еді, бауы үзіліп, жаман болды…
Қайтарма үнқосу: Олимпиада медалын қалай алады? « 6 градус әлемді өзгертеді
Қайтарма үнқосу: Маочян жарады! « 6 градус әлемді өзгертеді
Konkimen sirganau sportin jaksi koresiz goi deymin. Ashat aga sekildi men de sizdin jazgandarinizdan son japon sportshilarina kiziga bastadim, ademi jetkize biledi ekensiz… ne goi, bir otinishim bar edi… Men futboldi jaksi koretin em, Japon futboli turali ne der ediniz… (MEYIRBEK, Almaty)
Мейрамбек рахмет
болашақта ИНшаллах жазайын Жлига туралы
Қайтарма үнқосу: Қыздардың сырғанауы, Андо Мики сосын Денис Тен туралы | 6 градус әлемді өзгертеді