Жарайсың Елена!!!
Қазақстанға күміс медаль әкелген Елена жарайсың!
ұйқтамай осы биатлонды күткенім мұндай жақсы болар ма!!
Елена басына қарай 7 номермен бастап ешбір қателіксіз, мүлт кетпей сырғанап шықты. Алтынды алған Тора Бергер бір рет мүлт кетсе де алтын алды. Елена артынан жүріп отырды, бір шетінен номері бас жағында болғаны жақсы болған сияқты, себебі аяғындағы Украиналық Валя Семиренко ең аяғында нервысы шыдамай соңғы оғы далаға кетті. Одан басқа Украиналық Вита Семиренко, Польшалық Новаковска тағы да Германияның қасқырлары Кати Вильхельм мен Андреа Хенкельдер де мүлт кеткеннен осы жолы медальға жетпей қалды.
Аяғына қарай шыққан әрине жақсы себебі, алдыңғы спортшылардың уақытына қарай өз уақытыңды жөндеп отырсаң болады. Бірақ бір жаманы анадай қалдым, былай жүрсем озамын деп ойлаған сайын қателік жіберуі мүмкін, осы жолы сол жағдай Валя Семеренконың басынан өтті, алтын алам ба дегенде ең соңғы оғы…
Қазақстандық тағы бір спортшы Лебедева да жақсы келе жатқан еді, соңғы межеде екі рет мүлт кетіп отызға бір ақ түсті. Себебі әр мүлт кеткенге пенальти ретінде бір минут қосылып отырады.
Беларусьқа қола медаль әкелген Домбрачева да әлі 23 тегі жас қыз екен, әлі де болашағы алдағы спортшы екені анық.
1.Тора Бергер 40:52.8
2. Елена Хрусталёва 41:13.5
3. Дарья Домрачёва41:21.0
Әәй аяғына қарай Еленаны педъесталдан түсіріп тастауы мүмкін әсіресе Новаковска мен Валя Семиренконың кезінде промахнись промахнись деп қарағаным қызық болды:)))).
Медаль құтты болсын!
пысы.
кешегі крос каунтри (шаңғы) спринттегі Ресейдің алтын мен күміс алған сәті енді супер болды. Көрген адамдар түсінер фотофинишпен анықтаған нәтиже енді керемет..
Ия, біз де осыны естіп, мәз болып жатырмыз! ) Қысқы олимпиадада көп бола бермейтін жағдай ғой )
Үміт күттіргендер қалып жатыр есесіне
Мен ана екі ресейлік шаңғышыны көрдім. Финалға жеткенде, шалқайып, аяқтарын соза қалғандары шынымен де қызық екен 🙂 Жүлде құтты болсын!
бізге күміс те кәт боп тұр ғо…