билік басындағы партияның рейтингі түсуде..   2 comments

Қазіргі Жапония билік басындағы демократиялық партия скандалдардан арылмай ақ қойды. Премьер министр Хатояма Юкионың мәселесі басылып еді, одан кейін партиядағы екінші адам (кей өсектерге сенсек немесе кейбір сәттеріне қарап тіпті бірінші адам) Озава Ичиро партияның генералды секретары да ақшаға қатысты скандалдың ортасында қалды.

Барлығы сол меншігіндегі мүліктердің ішіне бірнеше жыл бұрын алған жерді енгізбеген боп шықты. Токио Сетагава ауданындағы жер, территориясында қойма сосын тағы бір ғимарат бар болу керек. Шамамен 4 миллион долларға сатып алынған, сол жерді меншігіндегі заттардың тізіміне енгізбеген, одан бұрын сол жерді сатып алған ақша қайдан келді деген сұрақ туындады.  4 мил доллар шамасындағы соманы Озава сол жерді сатып ал деп секретарына берген, ал ол қайдан келді дегенде, еш жерге тіркелмеген, на всякий случай деп үйде тұрған ақша деп шықты. Осы ақшаның ішінде 500 мың доллар бір құрылыс компаниясынан келген күдік туды. Қалай ойлап қарасаң да, тіпті 100 мың жарайт 300 мың ақша үйде ұстасын бірақ 4 миллион адам сенбейд ғой. Ақыры бұрығы секретарларын жинақтап 3 адамды қамауға алды (арасында біреусі қазіргі парламенттің депутаты). Содан оларды тергеуге ұстады, Озаваның өзін үш рет прокуратура сұрақтар қоюға шақырды. Ақыры қамаудан шыққан бұрынғы секретары партиядан кетуге мәжбүр  болды, бірақ парламент депудаты болып қалды.
Бұл скандал енді енді жабыла ма деген кезде алдындағы премьер министрдің салық мәселесі қайта шықты. Анасынан келген ақша туралы премьер білген болатын деген сыбыс шыққасын скандал одан сайып өршіп, қазіргі Демократиялық партияның рейтингі 40% ке түсіп кетті..
Окинавадағы американдық база мәселесі, онымен қоса балаларға берілетін пособие мәселесі шешілуі де ұзаққа созыла берген сайын Хатояма премьер министр ретінде лидерлік қасиеті күмән тудыра береді.

2 responses to “билік басындағы партияның рейтингі түсуде..

Subscribe to comments with RSS.

  1. Қайтарма үнқосу: Жапонияда жаңа премьер! « 6 градус әлемді өзгертеді

  2. Қайтарма үнқосу: жоғары палатаға сайлау « 6 градус әлемді өзгертеді

Пікір қалдыру

Fill in your details below or click an icon to log in:

WordPress.com Logo

You are commenting using your WordPress.com account. Log Out /  Өзгерту )

Facebook photo

You are commenting using your Facebook account. Log Out /  Өзгерту )

Connecting to %s

%d bloggers like this: