шоколад демекші   4 comments

алдыңғы бір постта Жапонияда ғашықтар күніндегі шоколад сылау туралы айтып едім ғой, содан есіме түсіп кетті:))) Бізде де сатылатын КитКат шоколады бәріңізге белгілі, ол шоколад Жапонияда да бар. Біздегі кәдімгі қызыл орауға салынған сүтті, ішінде вафлимен шоколад қой. Бұрын мән бермеген екен, жоқ әлде бұрын Жапонияда да болмады ма екен??. Воощым мында КитКаттың дамыған түрлері бар. Әлде КитКаттың франшизасын кейіндері сатып алған ба екен???

Осы жолы Жапонияға алғаш келген күні Осаканың аэропортында байқап қалып сатып алған едім. Сувенирлер сатылатын бөлікте сатылады. Суреттен байқағандарыңыздай Мачча (қою көк шай) КитКаты. Қорабындағы жазуы тек Киотода ғана сатылымда деп жазылған екен. (Осака мен Киото бір Кансай аймағында орналасқан, сосын Киотода аэропорт жоқ). Мен сияқты маччаны жақсы көретін адамдарға қатты ұнайтын нәрсе екен. ( Мачча латте, Мачча балмұздағы да қатты ұнайды). Алматыда кәдімгі дүкендерде мачча балмұздағы әрине болмағасын Баскин Роббинстың мачча балмұздағы іздеп жүруші едік:).  Жәй көк шайға қарағанда қою, өзіндік дәмі бар қою көк шайды қатты жақсы көремін, бұл көбіне жапондық шай церемониясында берілетін шәйдің түрі. Шәй беруші адам арнайы бір щетка сияқты затпен оны сапырып араластырып, көбіктендіріп елдерге құйып береді.

Содан аа бұл Киото Жапонияның ескі астанасы, дәстүрлер берік ұстанатын қала болғасын осындай ерекше КитКат жасалған екен деп ойлағам, сүйтсе мұндай ерекше КитКат тек Киото ғана емес басқа жерлерде де бар екен..

өткенде Фукуокаға барғанда сувенир, сарқыттар дүкенінен байқап қалдым. Тек Кюшю аралының көлемінде сатылатын КитКат түрі, мандарин мен тағы бірдемке қосылған КитКат түрі бар екен.. Мандарин осы Оита, Миядзаки сияқты префектураларда көп өседі, бір ретте Фукуокада барған едік мандарин өсетін жерге..

Одан басқа Кюшю Окинавада сатылатын КитКат түрі бар екен. Оңтүстік аймақтарда өсетін тәтті картоп,Кюшюдн Кагошимада өседі, сосын әрине ыстық Окинавада, түсі күлгін тәтті картоп, сол картоп қосылған КитКат екен:). Дәмін білмедім қандай екен, бірақ ол картоп КитКаттың дәмін бұзбайтыны анық:). Хоккайдо жақта да сатылатын болса ақ аюы бар ақ шоколад қапталған КитКат болатын шығар:))).

Неге мұндай түр-түрімен жасайды деп сұрасаңыздар түбі жапондық дәстүрде жатыр. Біздің қазақтардағыдай жапондарда да сарқыт, базарлық әкелу салты бар. Базарлық ретінде тек сол аймақта ғана бар дәм, немесе ең дәмді деп саналатын тағам, тәттіні алып қайту дәстүрі бар. Жергілікті дәм деп әсіресе вокзал, аэропорттардан сатып алып жатады елдер.

4 responses to “шоколад демекші

Subscribe to comments with RSS.

  1. «Киотода аэропорт жоқ» бурынгы астана бола тура жок :О
    Жасыл шоколад жегим кекетті :)))

    • Киото ескі ғимараттары, әртүрлі храмдары көп қала, сондықтан қаланың пейзажын, перспективасын құртпас үшін биік ғимараттар салуға болмайды. Тек қалалық вокзалы ғана дамып кеткен ғимарат, оның өзі қанша айқай шудің ішінде салынған, Киотоға сай келмейді деген қарсылық көөп болған..
      Аэпорт та шу тудырады, самолет өтетін болса орта ғасырлық атмосферасы бар, пейзажы бар қалаға жаман..

  2. Мачча балмұздағын жегім келіп кетті ғой… :)))

Пікір қалдыру altygradus Жауап беруден бас тарту

Fill in your details below or click an icon to log in:

WordPress.com Logo

You are commenting using your WordPress.com account. Log Out /  Өзгерту )

Google photo

You are commenting using your Google account. Log Out /  Өзгерту )

Twitter picture

You are commenting using your Twitter account. Log Out /  Өзгерту )

Facebook photo

You are commenting using your Facebook account. Log Out /  Өзгерту )

Connecting to %s

%d bloggers like this: