Олимпиададан   3 comments

Мұздан мәнерлеп сырғанауды бүгін қараймын деп ұмытып кетіппін.Содан жаңалықтардан қарадым Плющенко әрине супер мупер сырғанап шыққан екен. Өзіндік атмосферасы бар спортшы ғой.

Жапондар өліп жанкүйер боп жатқан Такахаши Дайсуке 3 орында, по идее алғашқы үшеудің арасындағы айырмашылық аз ғана, сондықтан жапондардан бірі қандай да болсын бір медаль алса супер болар еді, себебі ерлерден бұрын соңды ешкім медаль алып көрмеген екен. Мен өзім алғашқы күнде 4 орында тұрған Ода Нобунаридың жанкүйерімін, толық программадағы биі күЧт. Чарли Чаплин сияқты комикалық биі қатты ұнайды. Ертең осы Ода Нобунаридің жанкүйер боламын:)

сосын Қазақстандық балалар да бар екен, әлі жастары кішкене Денис Тен және Абзал Рақымғалиевке бұл олимпиада тәжірбие болатын болды.

қысқа бағдарламадан кейін ертесінде емес арасына бір күн салып болуы фигуристтердің нервысын сынайтындай болды.  Арасы тым ұзақ созылып кетуі адам не болса соны ойлап, ой жеп тастауы мүмкін менше.. Тым волноватся еткенненбілетін, жасай алатын нәрсесін жасай алмай қалуы мүмкін , не болса да жақсы перфоманс көрсетсе екен Ода Нобунари. Айтпақы бұл фигурист орта ғасырлық Жапонияның тарихында өшпес із қалдырған адам-Ода Нобунаганың ұрпағы екен. Бүгін ғана білдім өзім:))

Осы жапондарда маған ұнайтыны спортшылардың өмірін көрсетеді. Мысалға қандай мектепте оқыды, алғаш мұз айдынына шыққан кездегі видеосы дегендей. Мысалға осы Ода Нобунари мен Такахаши Дайсукенің мектеп кездерін көрсетті. Кіп кішкене бала кезіндегі сырғанаулары. Бір жарнамадағыдай «бір кезде менің арманым деп ойлағаным көп адамның арманына айналды» дегендей. Кішкене балалардың спортқа тартылу үшін, спортшылардың өмірінен эпизодтар көрсетілуі маңызды деп ойлаймын.Біз көбіне мұз айдынында әдемі перфоманс көрсету кезін ғана көреміз ғой. Бүгін үшінші орында тұрған Такахаши Дайсуке мысалға екі жыл бұрын тізесіндегі жарасынан 4-5 ай реабилитация курсынан өткен. Күнде-күнде қатты аурумен арпалысып шыққан кезін көргенде енді, шынымен қайсарлығына таң боласың. Және одан әрі сыйлап, жанкүйер болғың келеді. Бізде ғой сол жағы жетпейді, жеңіп шықса әйтеуір маладес, жеңілсе ол апарып тастайды, ар жағында қанша еңбек тұрғанын білмейді біздегілер. Бізде бір-екі интервью алынар, ал бірақ шын мәніндегі күндегі қажырлы еңбегі немесе жеңілген кезде не нәрсе, кім қолдау болды деген сияқты, спортшының күнделікті өмірін көбірек көрсеткен жақсы болар еді. Көп балалар спортқа ұмтылуына себеп болар еді. Мен де кейін осы спортшы сияқты болсам деп..

Неге десеңіздер осында келгелі байқағаным, қыздардан мәнерлеп сырғанаудан Жапонияның үміті Асада Мао да сол басқа да жоғары орындардан көрініп жүрген спортшылардың кішкене кезін көрсеткен кездерінде, бәрі Олимпиадаға қатысқым келеді, Алтын алғым келеді, немесе Олимпиадаға қатысып Жапонияға медальмен оралғым келеді деген сияқты эпизодтары бар. Адам жалпы жақсылық болсын, жамандықты өзі программалап алады ғой. Жақсы нәрсе айтылса періште аумин десін деген босқа емес қой, адамның алдына қойған мақсаты, арманы оның бәрі дұға боп саналады ғой.. Спортшылардың сондай жақсы әңгімелерін көбірек көрсетсе ғой біздің спортшылардан. Мысалға қыстық сайыстарда Қазақстанға қаншама алтын әкелген Владимир Смирнов сияқты спортшылардың өмірінен эпизод келтірсе…

мен өзім қатты жақсы көретін Уэмура Айко осы жолы да могулдан медаль ала алмай қалды. Наганода 7, Солт Лейк  Ситиде-6, Туринде-5, және осы жолғы Ванкуверде 4 орында қалды. Сөйлегеніне қарап ақ мінезі сондай жақсы адам екені көрінеді, күлімсіреген түрі ең керемет, осы жолы тек төртінші орында қалғанда жыламауға тырысқан түрі одан сайын симпатия тудырады екен. Анасы жалғыз өзі өсірген қыз, әрқашан жарыстарға бірге барып, Туринде медальға қолы жетпеген қызына қолдан жасалған, қағаз медаль сыйлаған эпизоды керемет. Мен үшін әлемде біріншісің деген анасының көңілі…

Ванкуверге бағытталған бір жарнама ұнайды.

Уэмура Айко (mogul)- орта мектеп кезінде олимпиада спортшысының жанкүйері болып, қызығып..

Минагава Кентаро (alpine ski Айко Уэмураның күйеуі)- Еуропа спортшыларнан қалмай күрескен түріне қарап, қайрат алғандай болдым..

Такахаши Дайсуке (мұзда мәнерлеп сырғанау) бар күшімді саламын, енді ше менің арманым деп ойлап келген нәрсем қазір бір менің ған арманым емес қой..

Спортшылармен жанкүйерлер арасын жақындастыратын сияқты..

.

3 responses to “Олимпиададан

Subscribe to comments with RSS.

  1. Жапондар олимпиаданы қатты қарайды ғой дим? )

    • мәселе пропаганадаға байланысты..
      Енді бәрі керемет жақсы, таза ниет деп айтпас едім..
      Мысалға ана Уемура Айконың өзінің дәл қазір 3-4 жарнамасы бар. сол сияқты Такахаши Дайсукенің де бір жарнамасы точно бар, Тойотаның жарнамасында да көріп қалдым ғой дейм, қыздардан фигурист Асада Маоның жарнамасы тіпті сансыз десе болад: шоколад, сақтандыру, теледидар тб, сол үшін де атақты спортшыларға қатысты спонсорлардың ақшасы да өте маңызды фактор..
      Бұл пропаганданың жақсы жағы балалар спортқа қызығушылығы бар, жергілікті адамдар мен фанаттардың қолдауы спортшылар үшін маңызды ғой..

  2. Анасының қағаздан жасалған медаль берген сәті жүрекке қаттты әсер етті!

Пікір қалдыру

Fill in your details below or click an icon to log in:

WordPress.com Logo

You are commenting using your WordPress.com account. Log Out /  Өзгерту )

Google photo

You are commenting using your Google account. Log Out /  Өзгерту )

Twitter picture

You are commenting using your Twitter account. Log Out /  Өзгерту )

Facebook photo

You are commenting using your Facebook account. Log Out /  Өзгерту )

Connecting to %s

%d bloggers like this: