Олимпиададан..   Leave a comment

Ванкувер олимпиадасының алғашқы медалын швейцариялық спортшы Симон Амман жеңіп алды.

Медальдардан трамплиннен секіруден жаңа чемпион болды. Вааще керемет жігіт, Солт Лейк Сити мен Туринде медальдар жеңген жігіт. Солт Лейк сити олимпиадасы кезінде бар болғаны 20 жаста, бірден екі алтын медаль алған еді, медальмен марапаттау салтанында қуанған түрі әлі есімде. Дөңгелек көзәйнек таққан түріне Гарри Поттерге ұқсатқан еді елдер, осы жолы тағы бір алтын алғанына қуандым. Сосын күміс алған поляк Адам Малыштың соңғы олимпиадасы шағар, Польшаның күміс медалы үшін де қуандым.

Ал жапондар үшін бүгін сәтсіз күн болды. Фигурист Асада Маомен қатар халықтық хироин болып кеткен спортшы қыз Уэмура Айко медальға қолы жетпей тек 4  орында қалды. Фристайл немесе могул деген спорт түрі, сырғанау тәсілі, айналып түскендегі баланс, уақыт бәрі есепке алынатын спорт түрі.

Шыны керек мен де осы қызға жанкүйер болған едім. Осы жолғы олимпиада Уэмура Айконың 4  олимпиадасы, Наганода 7 орын, Солт Лейк Ситиде 6, Туринда 5 орында қалған Айко спорттан кетпекші де болған бірақ артынан қайта тренингті бастап осы жолы соңғы шанс деп қатысқан олимпиада медальдар сыртында қалғаны әттең ай болды. Өте ашық жарқын мінезімен адамдарды баурап алатын күлкісі қатты ұнайды маған.  Былтыр әлем чемпионы атанған Айкодан жапондар қатты үміттенген еді, әттең болмады.  Бірақ есесіне алғашқы олимпиадасында 8 орынға шыққан Мурата Ариса атты 19 жастағы қыз жапондарға үміт артатындай..

Өз басым могулға дым қызықпайтын адаммын,бірақ ақыры Уэмура Айко үшін қарағам қызық екен былайша, ал бірақ осы могулды қараймын деп ашқан жаңалығым, бәрінен таң қалғаным Қазақстандық қыздардан екеуі алғашқы 20 адамның ішінен көрінуі болды. Юлия Галышева мен Рыбалова Дарья. Оң жақтағы суретте 11 орынға тірелген Юлия Галышева, бар болғаны 17 жаста екен, ары қарай еңбек етсе әлі-әлі болашағы алда деген спортшы менше.

Одан басқа өліп қарайтын биатлонды қарадым:))). Өз басым жаздық олимпиадаға қарағанда биатлон мен крос каунтри-шаңғы спорты үшін қыстық олимпиаданы, қыстық чемпионаттарды жақсы көремін.

Словакияның азаматына күйеуге шығып Словакия азаматтығын қабылдаған орыс қыз Анастасия Кузьмина Словакияға алтын әкелгені ерекше жаңалық болды. Экраннан аса көрінбеген қыз Қазақстандық Елена Хрусталёва 5 орында келгені де маған жаңалық болды. Тек спортқа қызығып қарап қана қоймай жанкүйер болатындай қыз пайда болғанына қуандым. Ең соңына дейін кім жеңетіні белгісіз, интригасы бар спорт болғаны үшін осы биатлонды сүйіп қарайтыным бар. Осы сен ақ маньяк сияқты адам қызыпайтын нәрсеге қызығады екенсің деп үйдегілер болмаушы еді:))).

Пікір қалдыру

Fill in your details below or click an icon to log in:

WordPress.com Logo

You are commenting using your WordPress.com account. Log Out /  Өзгерту )

Facebook photo

You are commenting using your Facebook account. Log Out /  Өзгерту )

Connecting to %s

%d bloggers like this: