Үйдегілер маған біраз заттар жіберген еді поштамен, авиа емес, наземный, яғни теңізбен келді. Ооой қайда Желтоқсан айының басында жіберген нәрсе екі жарым ай дегенде әзер келді ғой. Мен кетерде жүгім көп боп біраз қыстық киімдерімді қалдырып кеткен болатынмын, артынан поштамен салып жібересіңдер деп, басында өзім де айтпадым, артынан үйдегілер құнттамай, ол жүк қыстың басында бірақ жіберілді. Мені тоңып өлсін демесеңдер дегем, ақыры құнттамай қойғасын, не сендерде қыс бола ма не деп қатырды:). 2-3 аптада келеді деген затым екі айдан артыққа жоғалды ғой құрсын. Мен өткен айда осы Жапония бойынша сұрау салғам, жіберген жүктің номерын алып үйдегілерден, Жапонияға келмеді ме деп, содан мындағылар орталықтарына хабарласып ондай жүк келмеген, бірақ негізі ол бағыттағы жүктерден Желтоқсанның заттары әлі келмеді деген жауап алғам, аа бопты деп қойғам. Сүйтсем кеше мастер бітіріп жатқандардың диплом қорғауын тыңдап, одан кейін шоппингтап келсем «Жүк алғаның туралы формаға қол қой, бөлмеге кіргізіп қойдық» деп біздің жатақхананың жауапты қызметкері есікте мемо қалдырған екен. Мдаа дедім таңертең асығып жүріп, бір зат іздегем, бөлмені былықтырып кеткем, онымен қоса бір апта шығарылмаған қоқыс- қағаздар яғни жанатын қоқыс мен полиэтилен қоқыс яғни жанбайтынқоқыс ол тұр кіре беріс жақта..воощым біраз ұят болды.
Келген зат мынандай КАЗПОСТ деген қазаға оралған екен, көк түс көзге бірден түседі екен, себебі Жапониядағы негізгі түс қызыл ғой:).
Воощым ендігі уақытты кие қоймайтын курткам бар арасында, сосын қыстық етік те бар:))) Келесі жылы болмаса бұл курткамен етікті далаға кимеспін, ал жатақхана ішінде инет қолданатын бөлмеге кидім:))) (себебі түнгі 11 ден соң кондиционер автоматты түрде өшіріледі). Бүгін сол жүктермен келген демисезон пальтомды киейін ба деп ойлап, қарасам біраз бырысы бар екен, үтіктегенге уақыт жоқ, сонымен жәй іліп қойдым өзі кетсін бырысқан жері деп:))). Осында келгенде бір-екі рет қана қолданған шығармын үтікті одан кейін мүлдем, келгесін бірден іле салам, үтіктеп уақыт кетіріп жүргенше деп:))). Алғаш келгенде ғой жатақханадан елдің бәрінен сұрап үтік таппаған едім, сүйтсе жатақхана бойынша ешкім үтік қолданбайтын боп шықты:))). Жатақханадағы қызметкерден барып алғам уақытша қолдануға ақыры қайтармадым, ақыры пайдаланып жүрген ешкім жоқ деп:))). Көшерде бірақ қайтарам бұйыртса..
Көк КАЗПОСТ пен араласып JPPost та жүр сыртындағы орауда, бұл не деп ішін қарасам мынадай екен. Вощым келген жүк кеден қызметкерлерімен тексеріліп, Жапон пошта компаниясы қайта орады депті. Шамасы не то боп көрінген ғой дейм ішіндегі заттар. Себебі киімдеріммен Рахат шоколадтарынан басқа, шөп-шалам да болған. Мен ішетін Зерденің жалбыз тб шөпты шайлары, сосын дәрілік шөптер болған біраз, сосын біраз дәрілер де болған:). Былай кешіккенімен қоймай кеден тексеруінде де біраз күн жатқан шығар бір Құдай білед, өткенде бір қытай қызға дәрілерге тапсырыс бергенде де кеденде жатқан еді бірталай уақыт..
Біздің ҚЗ поштасы да 2-3апта деп бөсіп қояды:))). Бәсе деп қоям, себебі алдында маған авиамен жібергенде 3 аптада келген, қызметтері тым дамып кеткен екен деп күдіктенген едім:)))
Әйтеуір аман-есен келген екен. Қазы-қарта салып жібермеп пе? Әдетте біз де шетелде болғанда сырттан сәлемдеме келсе, сол жақтағы қазақтарды жинап: «Елдің дәмінен ауыз тиіңдер» деп, еттің бәрін жеп болған соң, «Рахаттың» кәмпиттері мен шиколадтарын, сүт қосылған шай ішуге шақыратынбыз… 🙂
ее ол Малайзия Түркия сияқты елде ғой..
Жапонияға ет әкелуге болмайт, ортада кәрістер де өткізбейд