Жапониядағы ғашықтар күні   10 comments

Жапониядағы ғашықтар күні әлемде тойланатын дәстүрден бөлек. Себебі жалпы бұрын валентин күнін тойлау мерекесі болмаған Жапонияға енгізуді алғаш бастаған Моринага деген атақты компания, жүргізген кампаниясының арқасында Жапонияда ғашықтар мерекесі деген түсінік пайда болды. (Моринага компаниясы Жапониядағы тәтті тағамдар бойынша бірінші болмаса да анық 3-тікке кіретін үлкен компания) Алғаш 1960 жылы ғашықтар күнінде қыз жігітке шоколад сыйлау туралы жарнама жасағаны, кейінгі Жапониядағы ғашықтар күнін тойлау дәстүріне әсер етті. Батыстағы ғашықтар күнінен айырмашылығы Ғашықтар күнінде қыз өзі ұнатқан адамына шоколад сыйлау арқылы өз сезімін білдіреді.

Айтпақшы қазір Жапонияда берілетін шоколад екі түрге бөлінеді. Алғашқысы Honmyou choko- шынайы шоколад, яғни шын ұнатқан адамына, әйелдер күйеулеріне деген сияқты берілетін нәрсе де, екіншісі giri choko-сыйластық шоколад деп айтса болады. Гири чоко көбіне жұмыстастарға, араласатын ер адамдарға берілетін шоколад, сондықтан бір әйел көбіне 20-30 шоколад сатып алады, ну мәселе онда емес, мәселе сыйластықта деген сөз осы жерге сай келетін сияқты:))).

А сосын қазір үшінші түрі шыққан екен gyaku choko- яғни бұрынғыдай тек әйелдер ғана емес, еркектер де шоколад сыйлаған жақсы деген, бұл да шоколад компанияларының, дүкендердің бір саясаты:). Негізі еркектер бір айдан соң 14  наурыз күні, White Day яғни ақ күн, бұл күнде ақ шоколад сыйлау дәстүрі бар:).  Ну бірақ ақ күн валентин күні сияқты қатты бум емес, кеше сосын бүгін шоппингке барғам, бүкіл моллдарда ғашықтар күні деп арнайы бұрыш жасап кіре беріске, шоколадтар түр-түрімен тізіліп тұр. Ал ақ күнде ондай қатты шу болмауы себебі еркектер көбіне қымбатырақ сыйлықтар сыйлау керек қой:)).  Ну былай жұмыстас қыз-келіншектерге ақ шоколад сыйланады ғой. Бүгін Такеши Китаноның жаңалықтар бағдарламасын қарағам, сонда, мәәә бүгін қаптатып шоколад алдым, ал Наурыздың 14 күні қайтем, жұмысқа келмим ғой дейм деп жатқан елдерді күлдіріп:)))). А так жұмыстас қыз-келіншектер жарайд дейік, бірақ еркектер  шынайы шоколад беруде, тек шоколадпен құтыла алмайды ғой:))).

Сосын тағы бір нәрсе, honmyou choko-шынайы шоколад сыйларда қыз бала қолдан жасалған шоколад сыйлайды көбіне. Кәдәмге плитка шоколадты ерітіп содан формаға салып, мысалға жүрек формасына салып, әдемілеп безендіріп сыйлайды. Соңғы кезде тек шоколад емес, қолдан жасалған печенье, мини торт та сыйланады. Мына жарнама Лотте компаниясының жарнамасы, оның ішінде Гана шоколады Жапония бойынша сатылымы бірінші орында, осы шоколадты бэйс материал ретінде пайдаланып, қолдан шоколад жасау туралы..

Қазірге кезде сериалдардан көрініп жүрген актрисалар, Нагасава Масами мен Ейкура Нана, бұл қыздардың фанаты емеспін бірақ нормальны қабылдайтын актрисалар:))

пысы

Кеше біз тюторымыз екеуміз мұғалімізге шоколад сыйладық, кабинетінің есігі ашық, демек универ ішінде деп күтіп күтіп, келетін профессорымыз жоқ, сонымен With love деп месседж жазып қалдырып кеттік:). Енді қаз ойланып отырмын, осы жатақханадағы қытайлық, кәріс достарыма рахаттың шоколадын сыйласам ба екен деп..  Туу шото жаңа пысықсып дәмін тат деп Тайваньдық Алекске шоколад беріп қойып едім, ол Тайваньнан әкелген сарқытын беріп:))) Ертең қайта берген уже Қазақстанның шоколады деген сюрприз болмайтын болды:)))

10 responses to “Жапониядағы ғашықтар күні

Subscribe to comments with RSS.

  1. японияда ул балдар коппе, алде кыздар?

    • сонысын білмид екем теңдей болу керек
      а так префектураға қарай бөлек
      мысалға мен бұрынғы оқыған қала Фукуокада қыздар көп, ал мысала Нагояда жігіттер көп
      себебі универ бітіргесін жігіттер Токио тб басқа жаққа кетуі көбірек қыздарға қарағанда
      ал Нагоя Тойотаның орналасқан префектурасы, басқа да өнеркәсіп шоғырланған..

  2. Негізі маған да сол «Рахаттың» көк шиколдаттары ұнайды. Кімге болса да, ұялмай сыйлауға болады. Бір рет АҚШ-қа барғанда он данасын алып кеткен. Әйтеуір не ерімей, не сынбай аман-есен жеткен екен. 🙂

  3. Ана «Хана Иори Данго»-да Макино Домедзиге сондай печенье ма сыйлайды ғой… 🙂
    Негізі осы дұрыс вариант сияқты. Көп ақша да кетпейді, бір жағынан дәмді 🙂

  4. Өткен жылы honmyou choko-шынайы шоколад алған едім, ерітіліп содан формаға салынған. Ал бұл жылы шоколадты өзім әкелуім керек болды.
    РАХАТ әдемі шоколад сияқты еді, құрамына бір байқауым керек екен келесі жолы жегенде.

  5. Жапондықтардың барлығы қатты төбелеседі деген миф екен. Чмошнегтар көп. Айтпақшы, Жапонияда стрит мэджик пен «пикап арт» (адемилеп елиту) мадениеты жаксы дамыган дейд

    • жапондықтар бәрі керемет төбелесед дегенді қайдан естіп, не қылған миф екенін ұқпадым:)))))))))
      пикап арт мәдениеті насколко дамығанын білмедім енді, әйтеуір жапонша «нанпа» дейді

  6. Jaksy dastur eken shkolad bergen… Batys merekesin dal sol kuinde kabyldai salmai, ozindik erekwelikter engizgenderi unap tur 🙂

Пікір қалдыру

Fill in your details below or click an icon to log in:

WordPress.com Logo

You are commenting using your WordPress.com account. Log Out /  Өзгерту )

Facebook photo

You are commenting using your Facebook account. Log Out /  Өзгерту )

Connecting to %s

%d bloggers like this: