Соңғы екі апта бойы инетті аралап, журналдарды ақтарып квартира іздедім. Себебі менің қазіргі тұрып жатқан жатақханамен контракт наурыз айының аяғында бітеді. Содан әртүрлі үлкен маклерлік компаниялардың жүйелерінен қарастырдым. Мында сол квартира іздесең маклерлік компаниялардың қызметін пайдаланасың, (иесімен тура келісу өте сирек) вэбсайттары сосын ай сайын шығатын журналдары бар соларды ақтарып іздестіру керек. 2-3 компанияны салыстырып іздедім, ақыры осы Нагасаки бойынша жүйесі дамыған, үйлері көп компанияға бардық бірінші. Содан универге жақын деген 5-6 квартираны предлагать етті. Нагасаки жер қымбат, таулы жер болғасын, дөңнің басындағы жерлердегі үйлер арзан. Мен қараған үйлер бағалары шамалас енді, содан біреусі универдің тура жанында деп, солтүстік қақпаның шыға берісінде тура, тек велик қоятын жерге бөлек төлеу керек ай сайын 12$ шамасында. Қасымдағы тюторым онда универде ақ қалдырсаң болар великті деп, ее лана бірінші барып көрейікші өзі деп шыға берген едік, сүйтсе бір қыз келді де сол квартираны алатын болды. Алдында бір келіп көріп кеткен екен, содан белгілеп кетті, одан маклер қыз тура соған ұқсас тағы бірі бар, бірақ орналасуы сәл басқа жерде бірақ ол да универге жақын деп, бірақ қазір ол бос емес, бірақ ұқсас болғасын жаңағы солтүстік қақпаға жақынын көрсетейін деп бардық, млииин деп қоямын, жері жақсы екен.. жап жақын екен, түскі уақытта үйден тамақ ішуге болатындай қашықтық деп қояды маклер қыз. Ал тағы сол универдің қасындағысы өзі де бағасы да ұқсас мың теңгедей ғана жоғары, маған ұнамағаны иесі дәл қасында тұрады екен. Нуу по идее түннің бір уағында музыка айқайлатып, не гитара тартатындай, не болмаса ешкімге айтпай мысық асырайтындай адам емеспін, бірақ сонда да білмим қанша таза болса да, иесі жақын болғанын қаламадым. Кім біледі қандай адам екені…
Бәле іздеген қырсық біреу боп жүрсе тағы:)). Одан басқаларын қарадық әй бір бес-алтауын қарап шыққан шығармыз, бағалары да, іші енді ұқсас сәл бөлектері болмаса, тұрған жеріне қарай бағалар өзгереді, сосын тұрғызған жылдары бөлек, соған қарай да бағалар өзгереді. Бір квартираны қарадық, орналасуы дөңнің үсті, сосын үйге баратын жол құдды лабиринт сияқты. Екі жол бар екен, біреусі енді более удобный екен, бірақ сонда да түнде қараңғы болар деп менің тюторым, мен по идее қараңғысынан қорыққан жоқпын, мен көшу жағын ойладым, мысалға тоңазытқышты ана баспалдақтармен тасуды ойлағанда қооой дедім:))). Содан да бағасы 30-40$ төмен болды.
шамамен мынадай
осыған ұқсас мен қарастырған квартиралар, бұл үйлер көбіне екі қабатты, және балкалары ағаштан, жалпы ағаштан салынған үйлер. Тағы бір квартираны қарадым бетоннан, маған ұнамағаны тек бөлмесі тарлау боп көрінді. Ана үстіндегі қосымша мансардасымен болғанын қалағам. Ең үстіңгі қабатында болды қосымша мансардасымен бірақ мына суреттегідей емес, төбесі тар болды, мында на полный рост тұруға болады, бұл сияқты емес ана поездың жоғары полкасынан сәл ғана жоғары болды, сонысы ұнамады, сосын поезд жүретін темір жол жақын болды, сосын терезенің түбі машина жүретін жол, әйтпесе орналасқан жері супер еді, ешқандай дөң жоқ, өрмелеп керек емес, сосын жанында дүкендері бар, өте мөте қолайлы болды, темір жол пойдет болды негізі маған, аса көп жүрмейд поездар ол жолмен мені аса машиналар жүретін жол біраз ойландырды, дарылдатып мотоциклдар жүре ма деп, сосын бөлменің өзін ойлап қооой дедім.
Ақыры универден сәл алыстау болса да, мен ылғи баратын ыстық бұлаққа жақын жердегі квартираны таңдадым. Ну алыстау дегенмен менің қазіргі тұрып жатқан жатақханаға қарағанда универге жақын, ол да біраз дөңге өрмелеу керек бірақ қазіргі салыстырғанда түк те емес:). Контрактке осы айдың 24інде қол қоятын болдық, сол күні маған осы айдың стипендиясы түсу керек. Себебі осы жолы менде ақшам жетпеді. Өзіме сосын қыздарға Окинава баратын самолетке билетке жұмсағам.
Контрактіге отырған кезде мен 1300$ дай төлеуім керек. Квартираның өзі долларға шаққанда 470$, сосын маклерлік қызметі үшін-500$, кілт ауыстырудың ақшасы ол бар 150$дай, сосын мен наурыздың 25 көшетіндіктен, күндік төленетін ақшасы ол бар, бәрі сол 1300$ дай. Тюторым 25 жақсы күн деп:))), білмим қытайдікі екені жоқ басқасы екені, қай жақтың ырымы екені, ну маған бәрібір, сол күн болса сол болсын деп келістік. Жаңадан тұрғызылған үй болса тағы бір айдың ақшасы төленеді көбіне, мен таңдаған квартира сондай қатты жаңа емес, жеті жыл болғасын ондай ақшасы жоқ. Сосын Жапонияда квартира жалдаудағы тағы бір пункт депозит ақша алынады 2-3 айдың ақшасы депозит, үйдің алда жалда бірдемесін бүлдірген болсаң ол ақша қайтып келмид. Мындағы тағы бір Жанна ой сол ақша по любому қайтып келмиді дейд, шын өтірігін білмедім бірақ біраз уақыт тұрғасын әйтеуір бір жеріне зақым келу керек қой, ондай амортизаця болатын нәрсе, демек әртүрлі себептермен ол ақшаның қайтып келуі де күмәнді боп көрінді маған, ну мен таңддаған үй ағаш үй болғандықтан ондай депозит жоқ болды, көбіне ол бетоннан тұрғызылған үйлерде болады. Жер сілкінісін ойлағанда бетон үй болғаны қауіпсіздеу деген түсінік бар. Ну қалай ойласаң да ағашқа қарағанда бетон үйдің қабырғалары қалыңдау, дауыстар естілмейді.. Бірақ мен таңдаған компания Нагасаки бойынша жүйесі қатты дамыған, үйлері көп болғандықтан, студенттерге арналған депозитсіз үйлер деген сияқты кампанияларды іске асыра алады. Сосын өткенде сабақ бірге алып жүрген жапон достарым жер сілкінісі жағынан Нагасаки қауіпсіз жерде орналасқан дегесін де біраз уфф дедім. Қала орналасқан плита толықтай, Алматы сияқты бірнеше плитаның, не сол плиталардың жарығының үстінде емес екен. Ну Жапонияда жер сілкінісін өз басым бір ақ рет сезгем, Кагошима қаласында болғанда түн ортасында сілкінген кезде кәдімгідей болған еді…Бұл аймақта көп жер сілкінбейді. Жапониядағы бір қызығы жер сілкінсе, келесі минутында теледидардың жоғары жағында ақпарат шығады, мысалға Осака мағында жер сілкінді, эпицентры бәлен, түгілен магнитуда деп. Сосын цунамидің қаупі жоқ, егер бар болса қай аймақтарда неше минуттан кейін келетінін айтады.
Сооол жағдай, сосын бірнеше сабақ бірге алатын жапондық бір қызға сөйлесіп қойдым, таситын машинаға қатысты. менде қазір жүк көп емес, бір жеңіл машинаға сыйып кететіндей. Себебі қазір менде жиһаз жоқ, сосын электрозаттар да жоқ. Сол қайтатын студенттерден, бітірушілерден алу керек боп тұр. Өткенде бір мұсылман жігі еліме қайтам деп үлестірген екен, оған мен яху мэйлімді көп қарамайм кеш қалдым, бірақ әлі де талай жәрмеңкелер болад, сосын тағы қайтатын студенттерден сұрастыру керек боп жатыр. Маған бастысы тоңазытқыш, кір жуғыш машина керек. Сосын екі камфоралы газ болса дегем. Ал кітап сөресі сияқты заттар негізі аса қымбат та емес, бірақ компьютер столы керек сияқты.. осы айдың аяғы біздің жатақханада бүкіл жиһаздарды ауыстырады екен, соған мүмкін комод пен стол, кітап сөресі туралы сөйлесіп қойсам ба деп тұрмын, оны бір жерге жіберіп ақша кетіргенше маған былай ақ беріңізші деп:))). Бірақ басты мәселе оны сақтайтын жер болатын шығар, нуу көрем енді сөйлесіп ол болмаса басқасы болар.. Бірақ бір жиһаздар боп жатса жаңағы қыз үйде үлкен, сосын кіші жүк машинасы бар, қайсын болса да әкеле аламын деді. Өткенде жаңа тоңазытқыш пен кір жуғыш машинаны қарағам, 150$ шамасында бар екен жаңалары. Біреулерден табылмаса тоңазытқышты рисайкл дүкеннен ал кір жуғыш машинаны жаңасын алатын шығармын, себебі жаңарақ болған сайын созбай, кішірейтпей дұрыс жуады ғой деп ойлағаным. Сол ендігісі жиһаз бен электрозаттар іздеу керек елдерден:))). Себебі оларға маған жәй бере салған оңай, себебі оны мусорға тастай алмайды, оны ақша төлеп арнайы рисайкл жасатуға жіберу керек, одан да маған жәй бере салған артық:).
Сооол, енді бәрін алып, аман-есен көшіп ал. Ағаштан жасалған үйден дауыстар естілетін болар. Мысық асырамайтының жақсы екен 🙂
«Тютор» дегенді түсінбедім. Оқытушың ба? 🙂
tutor маған көмектесетін адам, әртүрлі жәйттерде, күнделікті проблемаларды кеңесуге, шешуге көмектесетін жапондық мастер студент. Мында сондай жүйе, әрбір шетелдік студентке бекітіледі, ол студентке ай сайын универден ақша төленеді, 150-200$ дай, бір жылға шейін, келген студенттің адаптациясына дейін вощым.
Барлық универлерде бар.
Маған да көшу керек.
не болды? таптың ба?
тез жақсы қоныс табуыңа тілектеспін
wow, markerlik kizmet katty damigan deshi, onsiz uy taba almasan. kiltti bizge besplatno auistirip beredi.
a tak apartment ote kizik, stili unadi.
негізі әрқалай, өткенде бір квартираны қарағанда кілті ауыстырылған деді. Бірақ көбіне көшіп барған адамның есебінен ауыстырады.
жаңа қоныс құтты болсын
Кілтті ауыстырмағанда болмай ма?
Мен ауыстырмастан кірдім, иншаллах бір пәле болмас.
Жаңа орның жайлы болсын!
Жан, сен қазір басқа үйде тұрасын бірақ, иә? мынау мен білгенге ұқсамайды четто
жоқ сол үй ғой, мынау пыросто инетте примерно тапқан суретім, себебі дәл менің кв суреті жоқ болды