яхууу мастерге түстім!!   17 comments

Құттықтап қойсаңдар болады:).

Бүгін емтиханның нәтижесі белгілі болды. Мастерге түстім. Жаңа деканатқа барып оқуға түстің деген құжатты алдым.

Таңертең 10-да ілу керек болатын нәтижелерді. Мен ертерек тұрам деп өзімше сағатты қойғам, бірақ өшіріп тастап, қаз тұрам деп жатып сол беті ұйқтап кетіппін:)). Содан сабаққа бірақ келдім, ал нәтижені білгем жоқ, мұғалімім айтар деп ойладым, сабақ басталды, мұғалімім түк демейд, қорқым өоям бірақ ну лана деп қоям, себебі менің мұғалімімнің ұмытшақтығы бар, нәтиже шығатын күн екенін ұмытқан екен ғой деп мен. Содан сабақ біткесін айтпақшы бүгін нәтиже шығатын күн емес па деп, маған қарайд. Мен ішімнен қорқып кеттім. Содан ол кісі: Рю өтпей қалды ғой деді, мен уфффф дедім:))). Біздің профессордан біз екеу болатынбыз тапсырған мен сосын Рю деген қытайлық бір қыз. Жанна сенің жапон тілің мәселе болып ед, әйтеуір өттің ғой дейд мұғалімім.

Шыны керек жапон тілі тесті маған қиын болды, қиын болғанда иероглифтердің оқылуын жаз дегенде біреуінің оқылуын білмедім ғой. Қытайлармен салыстырғанда әрине менің жапон тілім аса болмайд, олардай кішкене кезінен иероглифтер ортасында өмір сүрген емес деген әңгіме болған екен мұғалімдер арасында.

Негізі өзім де сондай бір мәселе болатынын сезгенмін. Емтиханды былайша нәрмәлні тапсырып шыққандай болғанмын бірақ сол күні түсімде бір поездға мінемін. Асықпай-ақ еш қиналмай ақ, бірақ неге екені орта жолда әлгі поездан түсіп қаламыз, жүгіміз бәрі кетіп қапты, қасымдағалар дым саспайд, олар паника шығармағасын мен де ештеме демейм, содан артынан келген бір поездға мінеміз де, келесі бір станцияға барғанда ана поезд әлі сол жерде болу керек, жүгіріп мінеміз деп жатыр екен қасымдағылар. Оянғасын әәәй осы емтиханнан бір шикілік шығатын сияқты, бірақ өтуім керек деп жорығанмын. Шынымен менің жапон тіліме қатысты әңгіме болған екен. Шамасы мен сабаққа қатысып жүрген мұғалімдерден сұрады ма екен, кім білсін.. Жапонша жақсы сөйлеп, түсінетініме қарап елдер мені супер білед екен деп ойлап қалады, ал менікі енді ана электронды сөздігім аман болсын деген жағдай шыны керек:)). Былай иероглифтердің мағынасын шамамен түсінгенмен оқылуын білмеймін деген мәселе ғой менікі. Бірақ бір жағы менікі мемлекеттік стипендия болғасын, жеңілдік те көбірек:)

Оойй сол не болса да өткен екенмін, қандай болса да:)).

Маған жанкүйер болған адамдардарға көп-көп алғыс айтамын, сол емтихан болатын күні, жалпы мен үшін дұға еткендерге рахмет, Алла риза болсын деймін..

17 responses to “яхууу мастерге түстім!!

Subscribe to comments with RSS.

  1. Құтты болсын.

  2. kuttyktaymin, jaraysin! bir challengeten ottin, alda endi masterdi bitiru bar, jumis tabu bar.. omir osinday challengetermen kizik emes pe.. insh barinen de aman esen otersin!

  3. ух енд жумаймызба 🙂
    мастерге түсуіңмен!
    жугысты болсын деп кыздарга тегин айтпадым ғой, сенің бешпетіңнің етегін ұрлап алуды :)))

  4. ҚҰТТЫҚТАЙМЫН!!!

  5. 🙂 Жарайсың! Құттықтайм!

  6. МашАллаһ! Шын жүректен қуаныштымын! Бізбен бөліскеніңе рахмет. Құдай тілеуіңді берсін! Аллаһ тағала екі дүние үшін де пайдалы болатын білім берсін!

  7. …сакеге бір тойып, жатқан шығарсың Арашидің әндерін айтып, а?! …ық-ық!

  8. haha, tusine kiretin samoletter men poezdar aman bolsin!

    kutti bolsin masterin 🙂

  9. Kuttyktaimyn !!!
    Arman Maksattaryn oryndala bersyn! Alla Zhar bolsyn ozine!

  10. Ура! Біздің дұға еткеніміз де көмектескен болар… :))

  11. рахмет сендерге:)

  12. Түһ, қандай керемет! Үстіңізден жүк түскендей болған боларсыз!

  13. Құттықтаймын! :)) Өте қуаныштымын!)

  14. Жаке, жарадын!! Куттыктаймын!

  15. Kuttiktaimin! otkende osi turali goi deimin bir narse aitkan edin, birak jumispen jugirip jurip endi esimde jok ne degenin:))) anyway kuttiktaimin!

  16. Kutti bolsin Zhanna! 🙂

Пікір қалдыру Shynar Жауап беруден бас тарту

Fill in your details below or click an icon to log in:

WordPress.com Logo

You are commenting using your WordPress.com account. Log Out /  Өзгерту )

Google photo

You are commenting using your Google account. Log Out /  Өзгерту )

Twitter picture

You are commenting using your Twitter account. Log Out /  Өзгерту )

Facebook photo

You are commenting using your Facebook account. Log Out /  Өзгерту )

Connecting to %s

%d bloggers like this: