Араши No.1   17 comments

Арасында Жапонияның танымал артисттерін таныстырып отырайын, онымен қоса Жазира мен Айжаннұрлардың сұрауы да бар. Өткенде ана жаңа жылдық құттықтауда қойған видеоның алдыңғы жылғы версияларында осы Арашилар түскен екен. Балдырған мен Баян ға айтып айтып уже олар Арашиді біраз танып қалды:))

Дәл қазір Жапонияда ең атақты топ кімдер десе Араши деп айтса еш қате болмайды. Jonny’s entertainment продюсерлік орталығының 5 жігіттен құралған тобы.( Jonny’s entertainment атақты бойбэндтерді шығаратын продюсерлік орталық. Жапондар осы жерден шыққан топтарды жяйниз дейді, құраушысы Джяйни Китагава деген кісі де ерекше әдеттерімен аңыз боп кеткен адам).

Қазақшаға аударсақ-Дауыл тобы. 2009 жылы альбом сатылымы бойынша № 1, DVD сатылуы бойынша № 1 және №2 орынды алды. Тек синглдарының сатылуы бойынша 1-2-3 және №5 орынды да бір өздері алатындай керемет танымал топ. Соңғы All the best 1999-2009 альбомы 1 жарым миллиондай дана сатылған. Believe, Ashita no Kioku синглдары алғашқы аптаның өзінде 500 мың данадан артық сатылған екен.Топтың мүшелері Мацумото Джюн (халық арасында Мацужюн), Ооно Сатоши, Айба Масаки, Ниномия Казунари (Нино), Сакурай Шё.

Жігіттер тобы болғасын тек қыздар арасында танымал болады ғой көбіне, ал Арашидің бір ерекшелігі бесіктегі баладан бастап 60-тағы апалар да , тіпті ер адамдар да жақсы көреді.

1 айдан кейін басталатын қыстық олимпиадаға баратын жапондық спортшылар тобының жанкүйерлік әні, тема сонгты да осы Араши айтатын болды.

Өткен жылдың синглдар арасынан сатылымы бойынша № 1 болған Believe әні, динамизмге толы ән.

Believe әні

Жалпы Арашидің әндерінің бір ерекшелігі көңілді әндер, ну кейбірі мағынасы терең, пәлсафалықтары да бар енді, бірақ көбісі көңілді әндер, содан да Арашидің жаңа әні Ванкувер олимпиадасына жанкүйерлік әні деп таңдалған болу керек.Бірақ Араши тек әндерімен ғана танымал емес.

Өткен жыл Жапонияда Арашидың жылы болды деп айтса болады. Себебі Арашидың бағдарламалары рейтингі жоғары бағдарламалардың қатарында болды және Арашидің біреусі қатысады деген бағдарламалардың өзінің рейтингі жақсы болған екен. Қазір Арашидің мен білетін 3 бағдарламасы бар, оның 2-уі прайм таймда.

Топтың құрылғандығына он жыл дегені ол бар биыл әртүрлі музыкалық және музыкалық емес арнайы бағдарламаларды жүргізді, тіпті Қараша айында Арашидың апталығы болды. Сол апта ішінде күнделікті праймтаймдағы бағдарламаларға Арашидің біреусі қатысып отырды. Ең сонында бұл апталық 4 сағаттық тікелей эфирдегі бағдарламамен бітті. Әртүрлі қонақтардың қатысуымен қызықты болды, арасында 10 жыл ішіндегі әртүрлі эпизодтарды келтірді. Арасында бір естелік ретінде Ниноның айтқаны қызық болды. Бірнеше жыл бұрын жүргізген түнгі бағдарламада Айба екеуі приведение көрінетін жерлерге барып, видео түсіріп әкелететін тапсырмасын орындап отырған екен, Вообщем приведениелер жүред деген жерге (ешқандай менеджер, көмекшілерсіз, операторларсыз) қолдарына камера беріп, тек екеуін ғана жібереді екен, сонда бір жыл бойы Айбаның личный операторы болғанын айтқанында күліп өлдім, себебі Нино ылғи камераға ие болып жүргендіктен бір жыл бойғы видеода тек қана Айба ғана түскен :)). Әрине олардың бүкіл Жапонияға танымал топқа айналуына көп жылдық еңбектің жемісі екені рас, бірден оларға праймтаймдағы бағдарламалар да беріле қойған жоқ қой. Неше түрлі эксперименттер де жасап, арасында нормальный дегені парашютпен секіру сияқтылары болса, кейбірде бұрынғы замандағы қамалдарды бұзу үшін жанған тасты лақтыратын құралға адамды салып лақтырса не болады деген қауіпті эпизодтары да болған:)). Өзіме Арашидың бұрынғы бағдарламаларынан МагоМаго Араши (немере Араши) ұнайтын, арасында инеттен қарайтынмын. Көбіне кішкене аралдарда немесе ауылдық жерлерде жалғыз өздері тұратын ата-апалардың үйіне баратын бағдарлама, сол 3-4 күн  ішінде қарт адамдарға көмектесіп, жаңа нәрсе үйреніп, сол жердің жергілікті тағамның дәмін татып тб. Керемет күлкілі эпизодтарға толы, небір прикольный аташка, апашкалар бар, Арашидың қылықтары ол бар, онымен қоса үйренетін нәрсесі көп бағдарлама етін, аяғында кейде жылап қоштасып вощым эмоцияларға толы бағдарлама етін.

Қазір көбіне тек бір ғана бағдарламасын қарап жүрм, ито праймтаймдағысы емесін, себебі біреусі сағат кешкі 7де оған көбіне үлгермейм, ол бағдарламада келген қонақтармен спорттық ойындар ойнап жарысатын бағдарлама, ал бірі сағат онда, мен жақсы көретін тағы бір бағдарламамен қабаттастырып қарағаннан, түк бір дұрыс көрген емеспін келгелі бері :). Мұнда көбіне актриса, модель немесе басқадай танымал қыздар кейде жігіттер қонаққа келетін бағдарлама. Арасында өз араларында сайысып, келген қонақтарға сұрақ қойып, развлекательно- познавательно деп топтаса болады.

Қай бағдарламасын алмасаң да керемет қызықты өткізеді. Сондықтан да Арашидің фанаттарының қатары жас ерекшелігі, жынысына қарамастан әртүрлі адамдар..

Не нәрсе болса да бел буып кірісіп кетеді, ой мынау біз жасайтын нәрсе емес деп шіреніп тұрмайды. Батпақтағы күрес ойыны болса да оның бел ортасында жүріп бағдарламаны барынша қызықты етуге тырысатындықтарынан шығар. Онымен қоса мүшелері де әрқайсы өзінше ерекшеліктерімен.
Мысалға лидері (1)Ооно Сатоши қолөнерге бейімділігімен де танымал, суретті де жақсы салып қояды, сосын тағы артистичный фигуралар жасайтын өнері бар.

Имиджі аса басы қатты істейтін емес, бірақ өзінше My worldды бар адам, бізше біраз со странностями, бірақ өте мейірімді. Хоббисі сурет салу, қыштан фигуралар жасау және балық аулау. Былтыр аж балық аулауға көп барғанынан, күнге  қап-қара боп ыстрашно күйгені соншалық, гримерлер не істерін білмей қиналған екен:)).

Нино (2) менше Арашидің ішінде ең актерлік таланты мықтысы. Сосын арасындағы комментарийлері сұмдық, бір-ақ сөзбен сол бір бағдарламаны қатырады. Клинт Иствудтың фильмінде түскені бар.

Сакурай Шё (3) араларындағы ең білімдісі, өте престижный Кейо университетін бітірген, қазір аптасына бір рет Ньюс Зеро, жаңалықтарының жүргізушісі, олимпиада сияқты әртүрлі спорттық шараларға журналист ретінде барып, интервью алу деген сияқты істер атқарады. Бірақ өзі спортқа түк икемі жоқ :))), VS Arashi спорттық бағдарламаларында ылғи дұрыс жасай алмай жатқаны, сосын арасында бір тауға өрмелеу сияқты нәрсе тапсырылса, неше айдан бері жасап тұрғаным осы, енді қайтем деп, құлап жатып оправдываться етіп жатқан қылығы сүйкімді :)))). Ақылды бірақ сонымен қатар аңқаулығы бар, өмірі бағдарламаларына қонақ боп келген қыздар бағалағанда ең төмен баға алып жатады, романтизмі жетпейд деп:))).

Айба Масаки (4) топтың ішіндегі мудмэйкер, и өзі подвижный болғасын, не по теме сайыстарға қатысу керек болса Айбаны жібереді көбіне:)). 

Жануарлар туралы бағдарламаның регюлар жүргізушісінің бірі. Бірде шимпанзе бірде крокодил бағып жүргені:). Осы өткен маусымда 5 жастағы қыздың жалғыз басты әкесі болған сериал жүрді, басты рольде Айба, менше сәтті болған сериалдарға жатқызуға болады. Ну былай сериалда жапон сериалдарына тән емес созылмалы моменттері көп болса да, кішкене қыз екеуінің дуэті ұнады маған.

Сосын Мацуджюн (5), ой қыздар өлетін бірден-бір персонаж, жалпы өзінің табиғаты романтик адам, джентельментдік қасиеттері ол бар. Онымен қоса «Хана Иори данго»(Boys before flowers) дорамасының әсері бар. 2005те 1 маусымы жүрді, 2007 2-маусымы, кейін 2008де «Хана Иори данго файнал» деп фильм боп шығып, тек Жапония емес, Тайван, Сингапур тб елдерінде кинотеатрларда көрсетететіндй танымал сиквел болды.

Мацужюн, Нино, Сакурай үшеуі басы жақсы істеп қоятындар қатарында болса, ал Ооно мен Айба біраз ақымақтау, странный деген мінездерімен бағдарламаны қызықты өткізіп, балансы бар боп шығатын сияқты. Арашидың барлығы әртүрлі сериалдардан көрінеді, көктемде Сакурай мен Ооно, жазда Мацуджюнның сериалы жүрді, қыса Айбаның сериалы, ертең Сакурайдың бір фильмы жүреді,себебі 1995 жылғы Кобедегі жер сілкінісінін кейін тура 15 жыл өтті, (еске күніне орай) сол кездегі қираған қалада да тоқтатпастан шығарылған бір газеттің журналистін ойнайды. сосын тағы бір толық сериалы басталады осы айда, адвокат ролін ойнамақшы. Мысалға мен Мацуджюнның «Хана Иори данго» дорамасын барлық маусымдарын толық қарап шыққам, ертегі золушка стиліндегі сериал десе болады. Өте позитивті сериал. Ну көбіне саспенс, сайнс фикшн қарайтын мен, ондай позитивный заттарды қарай алмайм, бірақ комедиясы бар тартымды шыққан, мангадан жазылған сценарий бойынша түсірілген сериалдардың бірі. Өте сәтті шыққасын,тіпті артынан кәрістер де өз версиясын түсіріп, өткен жылдың жазының хиттарының бірі болды, бірақ маған сонда да жапонша версиясы көбірек ұнайды, кәріс версиясы енді кәрістерге тән романтикаға толы ғып түсірген жері жапоншадан бөлек, бірақ кәрістерден ең ұнамағаны басты рольдегі қыз ұнамады маған, неудачно таңдаған сияқты, ну бірақ әр адам әртүрлі қабылдайды, кейбірлері кәріс версиясын ұнатқан екен. Ал менің жапонша түсінбейтін сіңлім, қатты ұнатып, астындағы ағылшынша субтитрларымен қарап шыққан осы Мацужюнның Хана Иори Дангосын. Ал Сакурайдың ешбір сериалын қарамаппын, Оононыкін үзіп-үзіп қана қарағаным бар, Айбаның да жалғыз басты әке роліндегі сериалын да толық қараған емеспін.

Арашидің мүшелерінің ішінде ең қатты ұнайтыны Нино ойнайтын Рюсей но Кидзуна (Meteor Bonds) сериалы. Саспенс, романтика, трагедия, комедия бәрі бар мықты сериал. Серияның басын күліп бастап, аянышты эпизодтарынан жылап аяқтайтындай, әртүрлі эмоцияға толы сериал. Жапонша үйреніп жүргендерге өте қызық менше, жаңа жастардың сөздерін қолданады. Партнер актері де күшті, Нишикидо Рё (суретте аузын ашып қалғаны:) )ойнайды, ну ол жігіт енді өзінше бөлек әңгіме:)).

17 responses to “Араши No.1

Subscribe to comments with RSS.

  1. Бір сөзбен айтқанда, красавчиктер!!:) Арасында танитыным тек Мацуджюн болса да. Сосын, Нишикидо Ре де таныс, ол да Ханайори данго сериалында ойнады емес пе?

    Жапонша оқуды жалғастыру керек. Сағынып кеттім:(

  2. Сендерде Аңсардың блогы ашылып тұр ма?

    непотемщик
  3. Сол хана йори данго көріп отырып, соңында Арашидің дискісін алыңдар деген жарнаманы көріп қалып, сенің блогың есіме түсті. Қызық, сол Мацюждон маған сериалдағы ролі түк ұнамады… (((

    • неге?
      видимо Цукаса эгоистичный болғаны үшін шығар?:)
      эгоист бірақ айтқан сөзінде тұрад, жақындары үшін жанын береді, лидер бірақ аңқау , дегенмен өте ақылды қызық негізі Цукаса
      Мацуджюн өзі ыспокойный характерлі адам болғандықтан маған қызық көрінед сол сериалдағы ролі, бағдарламаларда басқадай адам
      онда қайсы ұнады? Ханазава Рюй ма?
      маған Нишикадо ұнаған

      • ааа Мацуджюнның ролі түк ұнамады дегенде ана маусымындағы Нью Йорктағы кездесулері есіме түсіп кетті, фуууу сол кезде Цукасаға жынданғанымды ай:)))

  4. Очм, Цукасо да, Ханазава Рюи да ана екеуі де ұнамады )))) Просто білмим, неудачно таңдалған актерлар сияқты. Әсіресе ана Ханазава, майысып, вяк…
    Сосын сондай қатігез бола тұра, кейде ақылды сөздер айтып, адамгершіліктері бар бола қалатыны тоже таң қалдыртады…
    Көбі мақтаған соң көргенмін ғой, ұнамаса көрме деш :)))))

    • Қойши қай жерінен қатігездік көрдің, ең басындағысы ма?
      хаха Ханадзава Рюйды апарып тасатадың ғой:))
      Бірінші маусымында сол ұнаған маған:)
      өзімен өзі жүрген, сыртта боп жатқан нәрсеге еш қызықпайд, пофигист мінезі бар, но в то же время мейірімділігі де бар.
      Воощым Огури Шюн ұнамад деш:))). актерлер дұрыс таңдалмад дегенмен келісе алмайм себебі все таки мангаға қарай құрастырылған мінездері де, түрлері де, Ханазава Рюйдың мінезі де, осы роль үшін Огури Шюн шашын бояған:)

  5. Қайтарма үнқосу: One LOve-Arashi « 6 градус әлемді өзгертеді

  6. Қайтарма үнқосу: Токио Шибуя « 6 градус әлемді өзгертеді

  7. Қайтарма үнқосу: Жылдық синглы сатылымы жоғары апашка:) « 6 градус әлемді өзгертеді

  8. Қайтарма үнқосу: Arashi-Оно Сатоши Hotel Zero point « 6 градус әлемді өзгертеді

  9. Boys before flowers turali bir narse jazshi :))

  10. Нишикидо Ре туралы жазшы ))))) Неге ана досымен сүйісіп тұратындай фоткалар бар инетте? Ол не гей ма? 😦

Пікір қалдыру altygradus Жауап беруден бас тарту

Fill in your details below or click an icon to log in:

WordPress.com Logo

You are commenting using your WordPress.com account. Log Out /  Өзгерту )

Google photo

You are commenting using your Google account. Log Out /  Өзгерту )

Twitter picture

You are commenting using your Twitter account. Log Out /  Өзгерту )

Facebook photo

You are commenting using your Facebook account. Log Out /  Өзгерту )

Connecting to %s

%d bloggers like this: