Жапондар жыл соңында жылды шығарып салу bounenkai патилерін жасайды, сосын жаңа жылды ашу(қарсы алу) shinnenkai. Бүгін сол шинненкай жасадық. Экологиялық экономика сабағынан беретін мұғалім сосын төрт студент жиналдық. Сол ішетіндер саке ішті. Ой біздің бір қыз сакені жап-жақсы ішіп қояд екен. Мұғаліміміз сакені жақсы көтеретін әйел адамды 20 жылдан бері алғаш көріп отырмын деп, қазір айтпақшы парламентте деп:)). Негізі ана қыз керемет қыз, өз ойын жақсы білдіре алады, жеткізе алады, аудитория назарын аудара алады. Мен айтам сенен негізі жақсы саясаткер шығады, еще саке жақсы іше алсаң, сөзге шеберсің елдерді алдай аласың деп қатырдым:))). алдау деп қатты айттың ғой деп елдер, мен айтам саясаткер деген сол ғой енді деп:))).
Өте жақсы отырыс болды, мен улоң шайы мен мандарин сосын апельсин шырынын іштім. Нагасаки тарихын сөз қылдық, Токугава дәуірі, соғыс кезі, соңғы уақыт, модернизация тб. Жапондық жастарында әдет бар не болса соны қысқартып сөйлейді тіпті, макдоналдстың өзін макдо дейді:)). Осындай тенденция қашан пайда болды екен деп, мен айтам мобайлдың таралуының әсері менше деп.. Мұғаліміміз айтад 97-98 жылдар менше деп. Бүрындары шаш бояайын мода да болмайтын аса, 98де Жапониядан кеткем Америкаға, 2000да қайтып келсем шаштарын бояған әйелдер көп, артынан қарасаң шетелдіктер қаптап кеткен сияқты Жапонияға, басында сондай әсерде болғам деп. Адамдар бұрын ішінде ұстаған нәрсені сыртқа шығаруды сол кезде бастаған сияқты, сөйлеу манерасы да сол кезде өзгере бастаған сияқты дейді мұғалімім, келіспесеке болмайды. Неге 98 деп енді қазір кеп ойланып отырсам ол кезде Жапонияда бабл жарылды, өлгенше көтерілген жер бағасы құлады. 98дегі Жапониядағы экономикалық дағдарыс адамдардың мінезіне де әсерін тигізген сияқты…
Соғыс кезіндегі Жапония туралы сөз болды, мен айтам менің атам Жапонияға қарсы соғысқа қатысқан, деп дәл қайсы екені есімде жоқ, 38 сосын 39 жылдардағы Қиыр Шығыстағы шайқастардың біріне қатысқан адам. Екі қыздың аталары атом бомбасының зардабын көрген адамдар екен. Мұғалімімнің бір атасы Тынық мұхитындағы соғысқа қатысқан екен. Содан оқ тиіп құлаған екен, өлді деп өліктермен бірге жинап әкелген екен, сүйтсе тірі боп шығып, жаралыны Жапонияға қайтарып солай тірі қалған екен. Ал бір атасы жылқымен айналысқан кісі екен, алып кетсе де кейін соғыс кезінде керек жануар болғасын қайтарған екен. Менің де әке жағымнан атам негізі темір жолды істеген адам болғасын соғысқа бармаған, ну плюс астматик болған кісі..
Біздің факультеттің болашағын айттық. Жапон университеттерінде әр профессордың семинарларына, вообщым кураторлығына өтеді екінші курстың аяғында. Менің профессорым Химено сенсейдің семинариясы өте танымал, барғым келеді деген студент көп, жаңағы Сенсейге біраз студент келген екен бізді қабылдаңызшы деп, негізі біздің универге келгеніне әлі бір жыл болмаған, бірақ алдында сабақ берген екен бакалаврларға, содан 13 студент келген екен, бірақ тек 4 студент қабылдауға болады деген заңы бар екен біздің факультетте, себебі аса популяритисы жоқ профессорларға студенттер бармай қояды. Да и кейбір профессорлар нагрузка көп болад деп алғысы келмейд екен көр студентті. Ал бұл кісі көп болса да ештеме етпейд дейді. Тағы бір мұғалім екеуі қарсы болған бірақ дауысқа салғанда жеңілген екен. Бұл кісінің ойы студенттер жағында, себебі экология факультетіне келетін студенттер көбіне әйтеуір емес, алдына қойған мақсатымен келеді, ал қалаған профессорының кураторлығына кіре алмаса тауы шағылады, желиниесі жоғалуы мүмкін. Сондықтан қалаған жерге барғаны дұрыс. Өткенде сол келген студенттердің тоғызының бетін қайтарғанда өзімді жаман сезіндім деп біздің факультеттің әңгімелерін де айтты. Сосын біздің факультетте гуманитария жағынан да оқытады ғой, сондай мұғалімдер өз пәндерінде экология тақырыбына көбірек көңіл бөлсе жақсырақ болар еді деп..
Ой кеш қызық болды аяғында бір қыз ой сенсей сізді жақсы көрем дегені де қызық болды:)). Ну сакенің де әсері бар енді бірақ ол кәдімгідей куратор мұғалімін ауыстыру туралы ойлап жүр екен.. Негізі ол сенсейді бәріміз жақсы көреміз. Өз ісінің маманы Экологиялық экономика бойынша Жапония бойынша ең бірінші маман деп айтсам артық емес, сондай кісінің Нагасаки университетіне келгені бізге жақсы болды. Шынымен сейсенбі күнін сол экологиялық экономика үшін жақсы көрем, а салт дәстүр сабағы да бар екен ғой:). Осы семестр алып жүрген сабақтарымнынң ішінде осы экологиялық экономика, салт дәстүр сосын экологиялық заң сабағы супер сабақтар. Бейсенбі күнін заң сабағы үшін жақсы көремін бірақ «социологиялық сұрау жүргізу, статистика» деген сабақ бар сол үшін жек көремін:))).
Арасында тіпті атақты топ Арашидің ішінде қайсы ұнайд деген әңгіме де айттық. Негізі Арашидің бір жақсы жері жасқа қарамай фанаттары көп, тіпті ер адамдар да ұнатады. Солар туралы бір пост жазам деп әлі жүрмін:)).
Сол ананы айтып мынаны айтып сағат қалай 12 болғанын байқамай қалдық. Сағат нешеде қайтамыз деп, сенсей сіз нешеге дейін бола аласыз? Әлде сіз Cinderella Boy(золушка) сыз ба деп сұрақ қойып бір қызымыз қатырды:)). Маған қызық естілді синдерелла бой деген, шығармайтындары жоқ осы жапондардың деп ойладым:)))).
Айтпақшы мен кішкене кезімде қоян етін көп жегем деп мақтандым бүгін:))). Папамның хоббисі аңға шығу болатын. Сондықтан қоян, бөдене, қырғауыл, үйрек етін көп жегенмін:) не по теме әңгімеге кешіріңдер енді:))) сондай адаммын енді..хаха
Саке ішетін қызды қайдам, сенің әңгімең бізге өте қызықты.
Байқаймын, сабақпен қатар әңгімені де жақсы айтып қоясыңдар ғой араларыңда! Сөздің майын тамызып тұрып әңгімелеген соң ба қызығып кететініміз де рас! )))
Айтпақшы менде бала кезімде қоян, қырғауыл, үйрек еттерін көп жегенмін. Ал бөденені суреттен көргенім болмаса тірідей көрмеппін!
Қызық жазба, күнделік стилінде,
Текст форматы қабылдауға қиындау болғанымен аяғына дейін оқып шықтым. Әсіресе соғыс туралы ақпарат интирга тудырды.
En kop J arpin kezdestiretin blog…
Jana jyl, Janna, Japon… dep kete beredi
wahahaa
Скаэде қанша градус алкоголь болады? ))
Қайтарма үнқосу: Сашими-шикі балық « 6 градус әлемді өзгертеді