Жаңа жылдық өрнектер   7 comments

Жапонияда Кристмастан бір ай бұрын басталады кристмас көңіл күй, жер жерде әртүрлі лампалар жағылып, айтпақшы биылғы лампалар өте-мөте эколампалар, тоқты аз жейді. Мына суреттер Фукуокадан бәрі.( Нагасиде мүлдем сурет түсірмеппін??!) Фукуоканың Мариноа сити мен Канал ситиде түсірген суреттер. Мариноа ситидегі аяз ата менен ертегідегідей типа тәттілерден жасалған үйшік және арбаның образы қатты ұнады. Сосын Канал Ситидегі кішкене қалашық пен санта клаустың арбасы. Күн жылы болды сол күні, ана сантаның арбасы жылжып тұрады, соған қарап отырып біраз дем алдық, одан кейін магазин аралап кеткенбіз, қолымда алдында бір затпен пакет болған үлкен, соны қалдырып кетіппін, сосын біраз уақыттан соң Мақпал и? қолымда пакет бар еді ғой ол қайда?- деп, жүрген жолымызбен кері қайтып, ее сол Санта Клаустың жанында қалған шығар деп барсақ, сол отырған орындықтың қасында қалған екен:). Гиф анимация жасадым, әйтпесе суреттер тым көп екен.

ал мына суреттер Момочи ауданы, теңіз жақта түсірілген басы, сосын Фукуока тауэр жақ, ал ана су үстіндегі фигуралар Фукуоканың орталығындағы парктен, жыл сайын жасайды сол декорацияларды. Жалпы Жапонияда христиан болмаса да, әйтеуір кристмасқа дайындық бір ай бүрын елден ерек басталады:)). Иокохамадағы океанариумға иваши (иваси балығы) шоуға барғым келген еді, биыл болмады енді, Токиоға барғанда уақыт болмай қалды. Әйтпесе 50 мың Ивашидің билеп аяғында шырша құрайтын шоуын көргім келген еді (арнайы трубкалар арқылы жемдеу арқылы жасалатын шоу).

Ал соңғы суреттер аралас, бірақ көбіне канал ситиде түсірілген, ана ортадағы фонарь бір атақты еуропалық дизайнердің жасаған декорациясы, атын білмид екем:))). Воощым фонарь, сосын су үстіндегі аспаннан салбырап тұрғандай шамдар, сосын су бұрқақтарының шоуының комбинациясы. Көлемін кішірейтіп ілдім, әйтпесе тігінен сурет ілген ыңғайсыз екен..

7 responses to “Жаңа жылдық өрнектер

Subscribe to comments with RSS.

  1. Күчт! Гиф анимация қалай жасалады? 😉

  2. маған соңғылары қатты ұнад 🙂 фонарь не фонарь.. эффектно 🙂

    Алматыда Қытайдан келген герляндтарды іліп қояды ғой, көбінде… мынаның жанында да тұрмайды екен 😦

  3. Сөз жоқ күтч! Мынау нағыз ертегі қала ғой! Тамаша!

  4. japondiktar rojdestvo toilaidi dep esh oilamappin 🙂

  5. беседкамен болған сурет ұнады. жердің үсті де бірнәрсемен жабылған иә? әдемі көрінеді.

    дала жып-жылы болғанға ұқсайды. ол жаққа да қыс кеш жеткен-ау шамасы.

    Жапондықтар жа еуропалықтар сияқты жаңа жылға қарағанда кристмасқа көбірек мән береді, иә?

    • беседкамен сурет ол судың үстінде жасалған. Орталықтағы бір паркте, типа бассейн сияқты, ішінде суы бар таяз
      нууу кристмасқа көбірек мән беред деп айтпас едім, пыросто Кристмас әдемі:)))) сол үшін жапондарға мағынасы неважно бастысы шырша безендіру деген сияқты атмосферасы ұнайд

Пікір қалдыру

Fill in your details below or click an icon to log in:

WordPress.com Logo

You are commenting using your WordPress.com account. Log Out /  Өзгерту )

Facebook photo

You are commenting using your Facebook account. Log Out /  Өзгерту )

Connecting to %s

%d bloggers like this: