Жапонша жаңа жылдық құттықтау   12 comments

Жапондарда жаңа жылмен құттықтау дәстүрі керемет дамыған.

Жаңа жылдық құттықтау қағазын жіберу дәстүрі бар, жұмыстастар, туыстар, достарға жіберіледі. Бір жапон досым  «Бұрын әкем жұмыс істеген кезде 150-200 дей құттықтау жіберетінбіз, алатынбыз, ал қазір зейнетке шыққасын, ондай көп емес» дейді.

Бұл дәстүр негізі JP пошта компаниясына керемет пайдалы енді:))). Бірақ соңғы жылдары бұл дәстүр азайып барады. Жастар арасында ондай құттықтау жіберетіндер аз. Поштамен жіберу байлаыстың аналог түрі ғой енді:))). Онымен қоса қолмен жазу керек, ол да бір машақат:)).

Содан мені осы жапон поштасының жарнамасы қызықтырды. Нууу жарнамадағы адам Огури Шюн болмағанда мүмкін мән бермес те едім деп қойайыншы:))) хаха. Мына жарнамада компаниядағы жаңадан кірген жасы кіші коллега адресін сұрайд? Шюн түсінбей, «оны нестейсің?» дегенде? «жаңа жылдық құттықтау жіберейін деп едім» дегенде сасып қалып, «ааа олай болса маған да бер адресіңді»- деп поштаға құттықтау қағазын сатып алуға барады.. Ну и құттықтау қағазын ең көп жіберген осы жыл- керемет болу керек деген лого сөзі ұнады. Все таки маған осылардың жарнамалары ұнайды сондай естественно, атақты актер емес кәдімгі бір офистегі қызметкер сияқты:).

Биыл  Japan Post компаниясы Огури Шюнды таңдаған екен, әлде Араши тым қымбат боп кетті ма екен:))) Былтырғы сиыр жылында Арашидың Сакурай Шосы жарнамаға түскен екен. Сюжеті өзінен үлкен жұмыстас коллегасы жоқ досы ма? «сен әлі қайтпағансың ба (үйге)?» дегенде, «жоқ әлі жұмыс көп кете алмадым».. «Ең құрығанда жаңа жылда барып қайт енді » деп кеңесін бергені. Келгесін пошта жәшігін тексергенде көп құттықтау қағазы келгеніне қуану… » ма-ма» сондай табиғи, бүкіл Жапонияға атақты әнші, тележүршізуші сияқты емес. сосын логосы Қанша уақыт кездеспесек те байланыстамыз депті:).

Одан бұрын Арашидің Ниномия Казунарисы түскен екен жарнамаға. Сөздері де керемет Жыл басында келетін ең алғашқы сыйлық керемет қой деп әрбір құттықтау қағазын бөлек бөлек тышқанның суретін басып, әрқайсын қолдан жазып жатқан Нино:). Қызық болсын деп әр жылдардағы, әртүрлі персонаждармен, әртүрлі версиясын ілдім:). Айтпақшы келесіде міндетті түрде Араши туралы пост жазу керек екен:))).

Қазір көбіне елдер оригиналды дизайнмен жасайды құттықтау қағазын. тіпті түрлі түсті принтердің жарнамасында жүр осы құттықтау қағазы:). Кейінгі кездері тіпті өз үйіндегі сүйкімді деген ит, мысықтары, балаларының суретімен құттықтау қағазын жасау мода дейді, сосын дайындалған қағазға (открытка) бөлек бөлек қолмен жазып шығады.

P.S. Айтпақшы маған екеу-үшеу келді:) Биыл жолбарыс жылы болғасын, сыртында сүйкімді жолбарыстың суреті бар құттықтау қағаздары кепті маған жапондық достарымнан:)

Жылдан жылға мұндай құттықтау қағазын жіберу азаюда, себебі жастары ондай жазуға ерінеді ғой, одан да мобайлмен жібере салған оңай деп ойлайды. Бірақ та қолмен жазылған құттықтауға жетпейтін сияқты, сіздер қалай ойлайсыздар?

12 responses to “Жапонша жаңа жылдық құттықтау

Subscribe to comments with RSS.

  1. қолмен жазылғанда да, андай-мындай болмау керек шығар, ең құрығанда көздің жауын алатындай әдемі жасау :))) адресат бір көргеннен өмір бойы сақтағысы келетіндей 🙂

    а так, көңілді бағалайтын адам болмаса, жіберудің қажеті жоқ сияқты…

  2. Әрине, қолмен жіберілген әлдеқайда әсерлі шығады. Мағанда ұнайды осындай дәстүр. Жылда ойлаймын қолмен жазып жіберейін деп.Бірақ үйренбеген жандарға бір түрлі сияқты…
    Сосын қарап отырсам жапондардың жарнамалары құтты бір кино сияқты ғой.))) Сөзін түсінбесемде мелодрама көргендей әсерде болам. Корейлердің киносына ұқсайды да тұрады. Осыларды көргесін бе жапонша клиптерді көргім келіп кетті. Бірақ ол ұлттың әншілерінен ешкімді білмеймін!

    • Жазира жапондық кинолар туралы айтып, есіме түсіп кетті:

      Жан,
      бір жақсы кинолар бар болса аттарын жазып рекомменд ете саласың ба. Қазір Мегалайн траффикті көбейтіп, үйде кино көрсек тек жапондықты көретін болдық. бірнешеуін көріп тастадым уже. (ағылшынша титр болғандарын ғана айт бірақ. жапонша түсінбейміз ғой. )

  3. Немістерде бұл үрдіс рождествода бар. Хаты былай тұрсын, поштада очередь ужысс, пакетпен сыйлықтар да көп жіберіледі.

  4. «Қанша уақыт кездеспесек те байланыстамыз » telefon internet aman bolsin)))))))

  5. I’m sure)))))))))

  6. алыстағы нағашыларыма жаңа жылдық открытка жіберу дәстүріміз бар. жылына бір-ақ рет. көңіл үшін. құттықтауды қолмен жазып тұрып. Бұрын ерінбей 2 беттік құттықтау хат жазатынмын. қазір қол тимейді және/немесе алдын ала жазып қоюды ұмытып кетемін. сосын жаңа жылдың алдында апыр-топыр болып, жәй открытка жолдаймын.

    п.с.: Жаңа жылға қарсы Алматыдағы поштада да адам толып кетеді.

  7. Iya, ote jaksy dastur.
    Esimde Kagoshimada bolganda Kaori sanga jazuga komekteskenmin.)))

  8. magan Sakurai katti unaid Ogurige karaganda 🙂
    nengajyou uje jazip jiberdin be?
    yuubinnin CM-de osi aidin 25-ne deyin jiberinizder dep jatir ^-^

Пікір қалдыру

Fill in your details below or click an icon to log in:

WordPress.com Logo

You are commenting using your WordPress.com account. Log Out /  Өзгерту )

Facebook photo

You are commenting using your Facebook account. Log Out /  Өзгерту )

Connecting to %s

%d bloggers like this: