Archive for Желтоқсан 2009

конференция Кантон-Нагасаки мәдениеті   2 comments

Оой шаршаап отырмын, бүгін таң атқаннан жүгіріс болды, ана өткендегі постта жәй қозғап өткен конференция болды бүгін. Негізі жазар болса көөп нәрсе бірақ қысқаша айтқанда конференция Кантон және Нагасаки мәдениеті, қарым-қатынастар 17-19 ғғ. жайлы болды. Шанхай қаласының ролі, Қытайдағы апиын соғыстары, жапон туы туралы, сосын әрине жапон-голланд қатынастары туралы әңгіме қозғалды. Бұл конференция бастауын Токио университетінде бастап, біздің Нагасаки университетінде өз жұмысын аяқтады. Қытай, Жапония, Голландия, Тайланд, Англия елдерінің ғалымдары жиналды. Read the rest of this entry »

Фукуокадағы күз   9 comments

Қазір Жапонияның оңтүістік жағында әлі де күз мезгілі. Фукуокадан түсіріп ап келген суреттеріммен бөлісейін..

мынау мен бұрын оқыған Кюшю университетінің ауласынан

мынау Фукуокадағы үлкен парк Оохори паркі Read the rest of this entry »

жарнама Menard-Шима Ивашита/ әні Токунага Хидэаки   Leave a comment

тууу осы жарнаманы жақсы көремін:)

Менард деген косметика компаниясының жарнамасы, атақты брэнд. Мындағы актриса керемет таңдалған, сосын бэкграундтағы ән де керемет. Токунага Хидеакидің «Daijini suru yo»-(Аялап өтемін) әні таңдалған. Ну мына ютюб видеосының сапасы нашарлау әйтпесе ана киген кимоносының түсі қатты ұнайды, сосын түсірген ортасы да керемет, Киотодағы атақты бір бақта түсірген. Актрисаның жүріп өтіп, сосын отырғанда кимононың етегін жинап отырғандағы жері, енді керемет элегант, нағыз жапондық әйелдерше..

мынаусы 30 сек

Read the rest of this entry »