БАЛА БАСТЫҚ- биылғы Жапониядағы хит   4 comments

Тойотаның жарнамасында  сегіз жастағы Като Сейичиро бала биылдан бастап көріне бастады.

Сүйкімді қылықтарымен халық арасында танымал боп кетті. Тіпті биыл кең таралған сөздердің ондығына Бала бастық cөзі кірді:).

қазір теледидарда жүріп жатқан жарнамасы 15шісі ғой дейм, ал ең басында басталғанда..

Бала болса да бастық, әлі бала болса да неге екені бастық, мектептен шыққасын Тойотаның дилер дүкеніне барады. Есепке күшті болса да, мамасына келгенде еркелейтін бала деп. Дүкенге келген мамасы мен апайы» аааа мынадай жерде бастық боп жүр екенсің ғой, байқа тәттінің бәрі бітіп қалатын болды», апайы -«бір өзім бәрін жейтін болдым»- дегенде, кешіріңіздер деп үйіне қайтып кететін жарнама.. Қарап отырып еріксіз күліп жібересің жарнамасына:))).

Одан кейінге жарнамаларында Тойотының  әртүрлі жақсы жақтарын баланың көзқарасымен түсіндіргені күлкілі болды. Бензинге салық азайады дегенді қалай түсінуге болады деген клиентке, нуу мысалға конкретно мысал келтірсе 1000 балмұздақ алатындай ақшаны экономдауға болады дегендей жолмен түсіндіргені шынымен сүйкімді:))).

Одан кейін атақты гольфер Ишикава Рёмен түскен жарнамасы керемет. Себебі Ишикава Рё ол да быилғы Жапониядағы хит болған жігіт деп айтса болады.

Гольф спортшысы болса да неге екені бастық деген осы екі вундеркиндтың жарнамасы халық арасында қатты танымал болды. Себебі Ишикава Рё биылғы ең жетістіктерге жеткен адамдар деген сұрау жүргізгенде үздік ондыққа кіріп, екінші орын алған бала. Жасы 18 ғана болса да, биыл біраз жарыстарда жеңді, табысы бір жарым миллион доллардан асты. Соған байланысты арнайы бір марапат қағазын алды. себебі ондай спортшы бұрын соңды болмаған деп, биыл әртүрлі әйелдермен скандалымен газет беттерінен түспеген американдық атақты Тайгер Вудздың өзі 21 жасында алған екен. Онымен қоса әртүрлі жарнамалардан танымалдығы бар.. Жалпы өте мінезі жайдары, ашық жігіт. Андағыдай азамат өсірген әке-шешесі қандай тәрбие берді, қандай ерекше тәсілдер қолданды екен деп сұрау жүргізген адамдар ішінде қызыққан адамдар көп болды.

Қазір Тойотаның тағы неше түрлі жарнамасы жүріп жатыр осы бала бастықтың қатысуымен. Одан бөлек әртүрлі бағдарламаларда көрінетін болып жүр, әсіресе жануарларға қатысты бағдарламадағы өзіме қатты ұнады, кішкене маймылмен ойнағаны:))).

Өткен апта бала бастық тағы бір жарнамадан көрінді. Куронеко-қара мысық компаниясының жарнамасы. Көбіне тасымалдаумен айналысатын компания, көшетін болсаңыздар қара мысыққа телефон соғыңыздар, мяумяу деген жарнама:))). Қасында әртүрлі сериалдардан көрініп жүрген кішкене актриса қыз екеуінің жарнамасы да хит болатын сияқты:))).

4 responses to “БАЛА БАСТЫҚ- биылғы Жапониядағы хит

Subscribe to comments with RSS.

  1. Қарап шықтым. Сенің түсіндірмеңнен кейін қабылдау жеңіл болды. Рахмет!!! Осы ТВ-ларында Қазақстан туралы жылт еткен болса да хабар беріле ме?

    • алғаш келген кезде бір бағдарлама көргем, прайм тайм емес түскі уақытта, орта Азия елдері туралы айтты, Қазақстанды біраз мақтады енді.
      Ал алдыңғы аптада жаңалықтардан ҚЗ аты шыққаны, Кореядан қару жарақ тиеген самолеттің Бангкокте ұсталуы жаңалығында, пилоттардың ҚЗ азаматы деп..

  2. Шынында да сенің түсіндірмеңнен кейін түсінуге жеңіл тиді. Сондай сүйкімді бала екен. түсінбесемде барлық жарнамасын көріп шықтым. Қайта-қайта! Тууу! ана баланың сүйкімділігі соншалықты, бетінен шымшып- шымшып алғым келіп кетті ғой!)))

  3. Қайтарма үнқосу: красавчик Рё:) « 6 градус әлемді өзгертеді

Пікір қалдыру blogbershi Жауап беруден бас тарту

Fill in your details below or click an icon to log in:

WordPress.com Logo

You are commenting using your WordPress.com account. Log Out /  Өзгерту )

Google photo

You are commenting using your Google account. Log Out /  Өзгерту )

Twitter picture

You are commenting using your Twitter account. Log Out /  Өзгерту )

Facebook photo

You are commenting using your Facebook account. Log Out /  Өзгерту )

Connecting to %s

%d bloggers like this: