Екі аптадай боп қалды осы тақырып жаңалықтарда топ-ньюс болғалы бері..
мәселенің бәрі премьер министрдің сайлау кампаниясы кезінде қолданылған фондтағы қаржының ішіндегі 120 мил йеннан артық ақшадан басталды. Жеке қолдаушылардан жиналған ақша деп жазылған нәрсе, бірақ тізімде бар кей адамдар ондай ақша берген емеспін деп, тіпті тізімдегі кей адамдар қайтыс болған адамдар болып шықты.
Жалпы қазіргі премьер атақты саясаткердер отбасынан шыққан.
Үлкен атасы Казуо Хатояма парламент спикері, онымен қоса атақты Васеда университетінің ректоры болған кісі. Атасы Ичиро Хатояма премьер министрі болған, әкесі Иичиро Хатояма сыртқы істер министрі болған кісі. Інісі екеуі отбасылық дәстүрді жалғастырушылар.
Ал жаңағы 120 мил йен ақша қайдан келді дегенде, ол қаржы премьердің анасынан келген боп шықты.
Премьер тек саясаткерлер емес, онымен қоса ауқатты отбасынан шыққан кісі. Ол байлық шешесінің отбасынан.
Анасы анау мынау емес атақты Бриджстоун компаниясының негізін құрушыларының үлкен қызы екен. Премьердің жеке өзінің қаржысы, жылжымайтын мүлік, құнды қағаздарын қосқанда 90 мил долларға баратын шығар деп өткен аптадағы жаңалықтағылар, анасының капиталы 800 мил долларға баратын шығар деп:)) нуу бірақ Бриджстоунның акцияларының қанша пайызын иемденетіні енді белгісіз… Осы жаңалықта талдамайтындары жоқ:))).
Тіпті осы биыл билікке келген демократиялық партиясының құрылуына идея тастаған анасы екен. «Егер басқалардың жолы, тәсілі ұнамаса өздерің партия құрмайсыңдар ма»- деп інісі Кунио Хатояма екеуіне айтқан екен.
Содан бері ұлдарына барынша қаржылай көмек беріп келген аналарынан ай сайын кэш түрінде ақша өтіп отырған. Сонымен қазір 120 мил йеннен артық сома берілген, доллармен шамамен 1,4 миллиондай. Басқа адамдардың атына жазылғасын әрине салық төленбеген. Бүгін премьер халық алдында бір сағаттай сөйледі, кешірім сұрап, қажетті салықты төлейтіндігін айтты, тікелей эфирде берілді, ооой ертең енді жаңалықтарда талдайды ау:))).
Негізі мұндай жәйттер бұрында болған, премьерлер отставкаға кеткен болатын. Лобби ретінде бір топтардан келген ақша болған, былайша айтқанда коррупция.
Былай қарасаң әрине өтірік данныйлар берілгені рас, бірақ смягчяющий обстоятельство ретінде, қаржы көзі анасынан келуі.
Полиция, прокуратура тексеруінен кейін сомасы анықталды. Бірақ бұл жолы премьер мен білмедім, бүкіл қаржы жағын секретарларыма тапсырып қойған нәрсе ( екі секретарына кетті жауапкершілік), анамда маған ондай қаржы өтіп жатқанын әңгіме қылған емес деп құтылған болды. Анасы бұл ақшаны басқа адамдардың атына жазылғанын білмедім деп жауап берген екен прокуратураға, нуу былай қарасаң сексен алтыдағы адам ғой..
Осы мәселе алғаш бас көтерген кезде халық арасында сұрау жүргізілген кезде адамдар нормально қараған еді. Ну анасында ақша болса неге көмектеспеске дегендей түсіністікпен қараған еді көбісі. Бірден ақшаны анамнан алдым деп мойындаса менше импакт аса болмас еді халық арасында. Ну олай мойындаса қарсы партиялардан тыныштық болмас еді, бірақ халық алдында беделі мұнша түспес еді.
Сооозып жүріп алды, енді кеп ол ақша келіп жатқанын білмедім дегесін, халықтың сенімін жоғалтып алған сияқты көрінеді маған.Осыған дейін бір ай бұрынғы 66% рейтингі қазір 50% деген деңгейге түсіп қалды.
Жеке көзқарасым осы премьерге деген симпатиямды әлі де жоғалтпадым. Бүгінгі медия сессиясын қарап шыны керек қатты аяп кеттім.
Жалпы манифестті іске асырамын деп жан ұшырып жүрген адам боп көрінеді өзіме. Бірақ артқа тартушы жәйттер жоқ емес. Біріншіден демократиялық партия алғаш билікке келде дегенімен үш партиядан құрылған коалиция болғандықтан, шешім қабылдағанда, басқа да екі партияға қарағыштау керек, бұл бір. Ал екінші бюджет былай тартсаң арба сынад, былай тартсаң өгіз өледінің кері. Биылғы дағдарыстың әсерінен табыс та аз.. Сонымен бүгін келесі жылға бюджет қабылданды, бұрын тарихта болмаған қарызбен қабылданды, бірақ оның ішінде әлеуметтік жағы он пайыздан асты, әсіресе балаларға берілетін пособие көп бөлігін алады.
Ертеңгі жаңалықтар енді бүгінгі премьердің берген есебі мен бюджетті талқылайтын болу керек, май сүйегін мұжып:).
пысы Ақзерелердің Жапонияда президент жоқ па деген сұрағына жауап ретінде жазған постым:).
Сонда бұл партияның бағдарламасының басты айырмашылығы неде?
нуу айырмашылық болғанда, бұл партия біз жаңалық әкелеміз, салықты босқа шашуды азайтамыз деп уәде берген.
Өз бағдарламаларын манифест ретінде жариялаған.
Әлеуметтік жақтарға көп көңіл бөлген, әсіресе балалар пособиесі деген тұсы маңызды, басқа дамыған елдерде сияқты емес Жапонияда тек бала туған кезде ғана берілед бір реттік, ал былай айлық көмек деген жоқ болатын, келесі жылдан бастап беретін болды.
Одан басқа хайвэй трассаларды пайдалануды ақысыз қылу деген сияқты нақты шараларды іске асырамыз деп уәде берген болатын.
Келесі жылы осы балалар пособиесін енгізеді.
Одан кейін Жапония территориясындағы американ әскери базаларын көшіру деген сияқты аумақты мәселелер тұр..
Сайлау алдында енді осындай жақтарға көбірек көңіл бөлеміз, осы мәселелерді шешеміз деп жариялайды, қаншалықты іске асырғанына қарай халық бағалайды.
Осылай отчет беріп тұрғаны жақсы екен. Бізде тіптен мемлекеттік ақшаның тек бергі жағы ғана айтылады ғой.
Қайтарма үнқосу: 6 градус әлемді өзгертеді
Қайтарма үнқосу: Түркменстан туралы Жапонияда « 6 градус әлемді өзгертеді
Қайтарма үнқосу: Жапонияда жаңа премьер! « 6 градус әлемді өзгертеді
Қайтарма үнқосу: жоғары палатаға сайлау « 6 градус әлемді өзгертеді