Жапон императорының туған күні   15 comments

Бүгін Жапония бойынша демалыс

себебі қазіргі императордың туған күні, 76 жасқа толып жатыр. Сол үшін бүгін құттықтап келген адамдардың алдына шығып, рахметін айтып, елдерді келе жатқан жаңа жылмен құттықтап, келер жыл жақсылықтар әкелсін деген тілектер айтты.

Негізі әлемдегі басқа ақсүйек отбасыларына қарағанда жапондық ақсүйектер отбасының этикеті қиындау, былайынша көп халықпен араласпайды. Көп халық алдында көрінетіні осы туған күн сосын жаңа жылдың екінші күнінде ғана, оның өзі бір  бес минут бола ма жоқ па? Императормен қатар екі ұлы әйелдерімен, крон принцқатысады осы шараға.

Саяси еш құқығы, күші жоқ болғанымен, былайынша жыл бойы әртүрлі шараларға қатысалды, бос болатындай күні жоқ деп айтса болады. Осы жылы император денсаулығы онша болмай графигі біраз жеңілдеу болды. Жапония ішіндегі әртүрлі шараларға қатысумен қатар шетелдік елшілер және басқа да қонақтарды қабылдайды.

Биыл жалпы император үшін ерекше жыл болды. Сәуір айында үйленгендеріне 50 жыл болған император отбасы, алтын юбилейін тойлады, сарайға өздері сияқты жарты ғасыр тату өмір сүріп келе жатқан отбасылар қонаққа шақырылды.

Осыдан жарты ғасыр бұрынға үйлену церемониясынан сурет

Жалпы императорлық отбасының этикетіне көп өзгерістер енгізген екеуі, еш көмекшілер, тәрбиешілерге тапсырмастан, балаларының тәрбиесімен де өздері айналысқан. Екі ұл бір өсірген тату отбасы. Екі ұлынан төрт немерелері бар. Үлкен ұлдары, крон принцте бір қыз, кіші ұлында екі қыз және бір ұл бар. Ал ең кіші қыздары 2005 жылы жәй адамға күйеуге шыққандықтан, жапон конституциясы бойынша ақсүйек титулын тастап күйеуінің фамилиясына өткен болатын.

Одан басқа тағы бір тойланған жәйт, қазіргі императордың таққа отырғанына жиырма жыл болды. Жаңа Хэйсэй дәуірін бастады. Бейбітшілік дәуірі деп айтса болады. Жапондық документтер толтырғанда қазір Хэйсей мынаншасыншы жыл деп толтырамыз:).

Таққа отырғандығының жиырма жылдығын тойлау церемониясына енді біраз атақты адамдар қатысты, ішінде әнші, актер, атақты спортшылар құттықтау сөздерін айтып, император да сөз сөйледі, сондағы менің есімде қалғаны, соғыс аяқталғанына да алпыс жылдан асты, оны көзімен көргендер де жылдандежылға азайып келеді, бейбітшіліктің маңыздылыған ұмытып бара жатқан сияқтымыз… дегені есімде қалыпты.

Бүкіл теледидардан көрсетіп, биылғы жаңалық әрине жастар арасында танымал, мен алдында айтып кеткен EXILE тобы «күн астындағы ел» әнін айтқандығы болды, былайынша император отбасына еш қызығушылығы жастардың назарын аударатындай бір шара болды. Желтоқсан айының басы, күн суық болғанына қарамастан бірталай халық жиналған еді сол кезде.

15 responses to “Жапон императорының туған күні

Subscribe to comments with RSS.

  1. jana jildin ekinshi kuninde ne bar?

    imperator haliktin aldina eki ret shigadi depsin: (1) tugan kuni, (2) jana jildin ekinshi kuni.

  2. Шын айтшы, халық императорын жақсы көреді деп ойлайсың бе? Ол сонда бюджет есебінен күн көре ме?

  3. Маған да осы сұрақтар қызық болып тұр!

    • нуу жақсы көру хммм
      шыны керек былайынша халықты император аса қызықтырмайды..
      бірақ жек көрмейді енді, бәрібір былайша айтқанда
      а так негізі былай позитивно меніңше..
      мысалға ұл немере туған кезде менше елдер қуанды

  4. Кешіріңіздер, сонда бұларда президент жоқ па? :)))

  5. Соны менде сұрайын деп отырмын жапондарда президент жоқпа?

  6. жапондарда президент жоқ
    бірақ премьер министр бар.
    Үкімет басы, билік премьер министрдің қолыннда:).

    • Englandtagi siyakti goi sonda. koroleva men PM gana.

      K slovu, Avstraliyada koroleva da jok, president te jok tek kana PM bolgani tan kaldirgan meni kezinde. ali Englandtin korolevasina karasti ma sonday bir narseleri bar olardin.

  7. британ принцы бомждарга тлектес болып солармен мосттын астнда тунеп шыгыпты. япон прынцтеринин ондай движухалары жокпа.
    или японияда бомждар жок па

  8. Қайтарма үнқосу: Хэйсей 22жыл 2 ай 22 күн « 6 градус әлемді өзгертеді

  9. екеуі де бір куклалар сияқты екен:)

  10. туған күн құтты болсын, Имеке!

Пікір қалдыру

Fill in your details below or click an icon to log in:

WordPress.com Logo

You are commenting using your WordPress.com account. Log Out /  Өзгерту )

Facebook photo

You are commenting using your Facebook account. Log Out /  Өзгерту )

Connecting to %s

%d bloggers like this: