туу осында келгелі уже неше рет мастердің зерттеуіне қатысты жоспарымды тапсырдым. Кеше сол өтініш бар, тағы басқа құжаттар бар толтырып, ана зерттеу жоспарымды жапонша жаздым, нуу мен емес тюторым екеуміз жаздық енді, жалығып кеттім бәрін жазып біткенше себебі бәрін қолмен толтыру керек екен. Канжиден (иероглиф) нашар маған қиындау болды, минут сайын электронды сөздіктен қарап, сосын маңызды құжат болғасын, тіпті білетін иероглифті ұмытқандай өз-өзіңе сенбейді екенсің, сол түнгі 10-ға дейін отырып бітірдік-ау. Мен айтам мына шимайды қайтед, одан да комптан жазған нәрсені оқығанға да оңай ғой десем , жазған адамның мінезін де байқауға болады деп жазудан, ну типа графология..
бәрібір шетелдіктерге басқадай графология керек қой мен сияқты иеороглифті кішкене кезінен жазып үйренбегендерге..
Содан бүгін барып мастерге түсуге өтініш қағаздарды деканатқа тапсырдым, онымен қоса бұрынғы дипломдардың копиясы керек екен, менде ол әрине жоқ (әкелген жоқпын ҚЗ-нан). Баяғыда неше копиясын тапсырғам, керек емес шығар ендігіде деп ойласам. По идее қайтадан тапсыруым керек екен. Сонымен деканаттағы бар копиядан аламыз деді, кейін докторға тапсырып жатсаң дұрыстап ап келетін бол деп біраз ұрысқан болды. Оғанға дейін кім бар кім жоқ!?
Содан барып стипендияның қағазына қол қоюға шетелдік студенттер орталығына бардым (стипендия алатындар ай сайын барып қол қойып тұратын жүйе бар), 12 айға қол қойып па едім жоқ па есімде жоқ. Ал кееп менің қағазымды таба алмай, сүйтсек менікін бөлек ап қойған екен. Сақтандыру құжаттың копиясын тапсырмағандардыкін бөлек қойылған екен. Оның копиясын тапсырып, сосын әрине 12 айдың қолын қойып, әйтеуір бүгін біраз жұмыс біткендей болды.
Туу осы құжаттарды ойлап стресс боп жүр едім, бір жүк түсті мойнымнан. енді емтиханды ұйайымдай беруге болады:))))
…исчо, біздерді «бюрократ» дейд, нақтар!
Эй, құжатбастар!
Japanese қиын тіл ғой.сәттілік сізге.