конференция Кантон-Нагасаки мәдениеті   2 comments

Оой шаршаап отырмын, бүгін таң атқаннан жүгіріс болды, ана өткендегі постта жәй қозғап өткен конференция болды бүгін. Негізі жазар болса көөп нәрсе бірақ қысқаша айтқанда конференция Кантон және Нагасаки мәдениеті, қарым-қатынастар 17-19 ғғ. жайлы болды. Шанхай қаласының ролі, Қытайдағы апиын соғыстары, жапон туы туралы, сосын әрине жапон-голланд қатынастары туралы әңгіме қозғалды. Бұл конференция бастауын Токио университетінде бастап, біздің Нагасаки университетінде өз жұмысын аяқтады. Қытай, Жапония, Голландия, Тайланд, Англия елдерінің ғалымдары жиналды.

Нагасакидегі бөлігіне менің профессорым жауапты болғаны үшін сол кешелі бері дайындалдық. Конференция залын дайындау, құралдарды дайындау, сосын кім не нәрсеге жауапты болады деп жұмыстарды бөлдік.

Менің профессорым тегі бір дамып кеткен кісі екен:)). Негізгі мамандығы экологиялық экономика, бірақ Нагасакидің ескі суреттерімен де айналысады екен. Нагасакидің 19 ғасырдағы бейнесі, мәдениетінің көрінісі дегендей суреттерге де қатысты зерттеу жасайды екен, бүгін білдім хаха:)) Сол бойынша баяндама жасады. Сосын Жапонияның мәдени мұраларына жататын ескі суреттер біздің универдің кітапханасында сақтаулы екен, соларды көрсетіп мұғалімім. Одан арасында тағы да фанаттар бар екен, неше түрлі сұрақтар қойып, уақытты ұмытып елдерің, аса қызығушылығы жоқтар сыртта күтіп, уақытты ұмытқасын мен барып сенсей уже уақыт болды деп:))). Сүйтіп қайта қайтып конференция залына..

Кеше қатысатын адамдардың тізімін қарап бір танысымның атын көріп қалдым, баяғыда Қазақстанда кездескеніміз бар еді,жапондық адам, ол кезде ол докторант еді.Содан бүгін қонақтар арасынан іздесем жоқ, сон бір профессор сөз арасында аа ол келмей қалды деп, ааа ну жарайд деп. Жаалко ..содан бір кезде елдермен арасында танысып жүріп, бір жапон мен Түркияда оқығаным бар, ал менімен қатар оқыған бір жігіт Қазақстанда оқыған еді деп, кім деп атын сұрасам, әлгі менің танысымның курстасы, даже бір профессордың студенттері болған боп шықты. Сүйтсе танысым қазір бір жобамен Мысыр еліне кеткен екен, сосын қазір уже по ходу анау мынау емес Васеда университетінде профессор ма жоқ асистант профессор ма вощым Васеда университетінде екен. Соол, қызық болды, жалпы соңғы кезде біреумен кездессем міндетті түрде арада бір таныс болатыны қызық боп жүр:)). Хаха мир тесен, даже очень:))). Содан танысыма берейін деп дайындап қойған ҚЗ кәмпиттері оның курстасына бұйырды:).

Енді сенбі күні бір голландиялық  профессор әйелмен Арита қаласына баратын шығармын. Ол кісі менің түсінгенім бойынша кезіндегі керамикалық заттардың жапон-голланд экспорт жағын зерттейді. Ал  Кюшю аралының Арита қаласы керамика заттарының орталығы десе болады. хмм жапоншасы онша емес қой дейм шамасы, қасында жүріп аудармашы болсаң деп мұғалімім өтініп, мен қуана-қуана:))). Біздің семинардағы жігіттердің қайсының қолы бос екен, шофер болуды тапсырам деді, мұғалімім, надеюсь бос болатыны бар, ато бүгін 2-усі қолым босамайды деп жатқан. Жаман қатты қызығып отырмын, біріншіден Арита қаласына бармағам, екіншіден керамика туралы біліп қалам, 3-көп болды ағылшынша дені дұрыс сөйлеспегелі:)).

Конференцияның ашылуында ректор кеп сөз сөйледі, ағылшыншасы жақсы, негізі медицина факульететінің профессоры. «Нагасакидің тарихы ерекше қала, Жапония 16-19 ғасырларда жабық ел саясатын ұстанған уақытта тек Нагасакиге ғана қытайлық сосын голландтық кемелер ғана келе алатын. Сол кездері Нагасаки мәдениет ошағы болған, батыстың озық медицинасы, басқа да мәдениеті осы Нагасакиден кірген. Нагасаки экспорт-импорт, қайнаған өмірдің орталығы болды. Бірақ сонымен қатар шеттен келген вирустардың да ошағы болды»- деп ректор:)). Ол кісінің негізі мамандығы вирусолог екен.

сосын тағы кім, оой бүгін конференцияда профессор Брюсқа риза болдым, елдерге сұрақ қойғанда енді, қытайшасы керемет екен, жапонша да біледі, 16-19 ғғ Шығыс Азия тарихын жеп қойған кісі екен тегі. Елдерге жасаған комментарийлері керемет болды.

Менің кезінде жапон-голланд қатынастары туралы диплом жазғасын өзіме қатты қызық болды. Кейін бір осы конференцияда ашқан жаңалықтарым туралы ойланып отырып бір пост жазармын Иншаллах.

p.s Айтақшы бүгін парт тайм жұмыс істеуге болатын рұқсат қағазды алдым, кейін тағы бір пайдасы тиіп жатар. Ал жалпы бүгінгі еңбегіміз үшін 90$ аламыз Иншаллах

2 responses to “конференция Кантон-Нагасаки мәдениеті

Subscribe to comments with RSS.

  1. жапон омиримен сыр шерте отсан, ауыл/кала тургындары калай омир кешеди жастары не «нан» жейди? кредит береди ме, видмо кайыршысы жок мем. сиякты го айтуына караганда. 🙂

    ПС. блогына коп кирмей кеткеним, тусиме сен кирипсин, ренжип кызык/кызык сурак кояд екенсин, аман болшы айтеуир деп жатсын ))) тус болса да бир турли бов калдым :((( бирак маган барбир го сурак коя берем )))

Пікір қалдыру

Fill in your details below or click an icon to log in:

WordPress.com Logo

You are commenting using your WordPress.com account. Log Out /  Өзгерту )

Facebook photo

You are commenting using your Facebook account. Log Out /  Өзгерту )

Connecting to %s

%d bloggers like this: