Қазір Жапонияның оңтүістік жағында әлі де күз мезгілі. Фукуокадан түсіріп ап келген суреттеріммен бөлісейін..
мынау мен бұрын оқыған Кюшю университетінің ауласынан
мынау Фукуокадағы үлкен парк Оохори паркі
Фукуоканың орталығы Тенджин ауданынан көрініс
әйтеуір бір парк
Ана артындағы ғимарат бұрын мен тұрған жатақхана:)
ал мынау таңертең Мақпалдың бөлмесінен көрініс:). Супер! өзімде қазір балкон деген атымен жоқ болғасын керемет.. ана астындағы жерде универдің ауылшарушылық факультеті бірдемелер өсіреді.. Сары қызыл ағаштардың көрінісі енді керемет..
хм… ауызда су құрып қалды…
Неткен әдемі күз… Қызыл-сары жапырақтар… тап-таза парк…
Тазалығы болмаса, аса айырмашылығы жоқ сияқты. Тазалығы керемет екен. Әдемі түсірілген суреттер!
сұр бұлт түсі суық қаптайды аспан…
bizde suyk, tuman, ujjjjs….
uyler seriy, betonniy eken.. kuzde onsizda nastroyenie onsha emes, minanday uylermen voobshe buziladi goy
иә жәй көшедегі үйлер сондай бір сондай аудандар болмаса..
суреттер әдемі түсіріліпті, тек соңғы суретте ағаштардың аздығы байқалады, бәрібір Алматыдағыдай емес:))
иә көшеде ағаштар аз, сосын бір қызығы, ол ағаштардың жапырақтарын алдын ала кесіп алады:)))). Жерге тұсіп қоқыс болмастан бұрын, сосын көшеде келе жатқанда тұқыл ағаштар тұрғаны:))
ал жетеді жетпейді жағынан әр қаланың әр жердің әдемілігі бар ғой. Алматыда әйтеуір тазалық тазалық деп ұрандатып жатады ғой, бірақ бәрбірі біздің халықтың мәдениеті өте төмен. Ұзақ болғасын білінбей кетеді, бірақ алғаш барған кезде бір байқалатыны шаааң жаман. Ал Алатау ғой сәні ғой, ең жақсысы да, ең жаманы да. Қашан жер сілкінісі келетіні белгісіз динамиттің үстінде..