алғаш тақырыпты оқығанда қандай ойлар келді сіздерге?
Өзім алғашқыда бұл қандай ластану сонда деп таң қалдым атын оқығанда, мысалға табиғатқа тигізетін әртүрлі әсерлерден туындаған ластанудың түр-түрін біліп келдік. Адамның экономикалық әрекеті көбейген сайын, адам барынша табиғат ресурстарын пайдаланып келді. Ал табиғаттың жаңару процесінің ұзақтыған ескермеді, осылайша қазір біздің демалып жүрген ауамыз, ішіп жүрген суымыздың сапасы күмәнді болатындай жағдайға жеттік. Тіпті ол су химиялық құрамы H2O таза болған өзінде де қаншалықты денсаулыққа пайдалы екендігі күмән тудырады. Зиянды әрекет, қалдықтардан туындаған ластанудың түрлерін былай да естіп, кітаптан оқып, тіпті көзбен де көріп жүрген біздің адамға, жарықпен ластау, не болмаса жарықтың зиянды әсері дегенді сіздерге қалай маған түсініксіз болды. Содан португалдық зерттеушілер Тереза Алвес пен Диана Алмейданың біріккен орташа көлемдегі мына бір еңбегін оқығасын түсінген болдым.
Жарық көздері туралы айтар болсақ, күн, ай, найзағай сияқты табиғат объектілерімен қатар қазір жасанды жарық көздері пайда болды.Көшелерде үйлерде шам жағылды, басында көшедегі шамдар көбіне қауіпсіздік шарасы ретінде жағылды. Ал қазір неше түрлі мақсатта пайдаланады. Мысалға түнгі уақытта бір өнер туындысы, монумент, ескерткіш не бір ғимаратты әдемі ғып көрсету мақсатында қолданылады.
Түнгі жасанды жарықтың пайда болуы адамның өміріне өте үлкен өзгерістер әкелді. Жаңа экономикалық әрекет көздері пайда болды, кешкі қыдырыс орындары тб. Бірақ онымен қоса зиянды жақтары да пайда болды. Бұл ластанудың түрі көбіне үлкен қалаларға қатысты. Жарықтан ластану әсерінен адамдар аспандағы жұлдыздарды ажыратудан қалды, қаншама инспирэйшн көзі, бұлағы болған жұлдыздарды көруден қалды қала халқы. Кей әндерде кездесетін« жұлдыз санаған кездер» деген сөздер қазір мүмкін емес боп көрінеді:)).
Төмендегі суреттен жарықтандыру әсерін көрсеңіздер болады, төменгісі үлкен қаланың аспаны Қала жарығы аспанды көрсетпейді
Тіпті сол жұлдызды көрмей ақ қойдық десек те, бәрібір бізге стресс әкелетіні анық. Мысалға сіздің терезеңізден көше жарығы түсіп тұрмай ма? Алматыдағы менің бөлмемде солай болатын, қалың пердені жаппасам жарық бөлменің ішіне кәдімгідей түсіп тұратын.
Бұл адамға тудыратын әсері болса, жарықтандыру-жанындағы ағашта өмір сүретін құстар, жәндіктерге, тіпті сол ағаштардың да, басқа да қоршаған өсімдіктердің метаболизмдеріне зиянды әсері тиеді екен. Құстардың ориентациясының бұзылуына.. Қазір тіпті судағы жәндіктерге де зиян әсері бар екен. Мысал ретінде айтар болсам, Түркиядағы теңіз тасбақасы мәселесі: олар жұмыртқасын жағада қалдырады, белгілі уақыттан кейін кішкене тасбақалар жұмыртқасын жарып шығып, теңізге жорғалап кіруі керек екен. Бірақ Түркиядағы соңғы жылдардағы урбанизациясына сай, соңғы жылдары не көп жағажай көп. Содан туған тасбақалар суға шағылысқан ай сәулесінің жарығымен жағажайдағы жасанды жарықтармен шатастырып, көп жаңа туған тасбақалар теңізге емес, құрлыққа қарай одан сайын судан алыстап кетіп, кішкене жәндіктер ақыры көп өледі екен. Қазірде кей жағалаулар ерекше қорғауда, нуу енді туристтерді тағы қуып шаға алмайсың. Сондықтан жағажайдағы шуылдақ жерлерді жағажайдан алысқа орналастырып, түнгі жағажайдағы жарықты өшіріп тастайды..
Бұдан былайғы жарықтандыру туралы ойласақ? дейді ғалымдар.
Қазіргі уақытта жарықтандыруға қатысты адамның түсінігі де өзгеріп келеді, бұрындары жарығырақ болған сайын керемет деген түсінік бар еді. Ал бірақ бір Американың өзінде жыл сайын 100 мил доллардай осы жарықтандыру жағына босқа шашылады екен. Қазіргі заманда энергияны азырақ пайдаланатын лампалар қосу деген сияқты әртүрлі шаралар іске асырыла бастады. Сосын босқа жағып қойып, ақша төлеген өзіңіздің қалтаңызға тек зияны болмаса пайдаса жоқ, сосын климаттың өзгеруіне өз үлесіңізді қосып жатырмын деп санай берсеңіз де болады.
Еуропа елдерінде Түнгі аспанды қорғауға қатысты заң алғаш Испанияда, Канар аралдарында пайда болды. Себебі бұл аралда астрономиялық зерртеу жүргізетін орталық орналасқан екен. Әртүрлі елдерде түнгі аспанды қорғайтындай жарық түрлері қарастырылып келеді. Мысалға мына суретте жарықтандыруды өте нашардан бастап ең жақсы деп бағалаған екен. Жарық неғұрлым төменге бағытталғаны дұрыс, осындай жарықтану жүйесін пайдалану аспандағы жұлдыздарды көруге көбірек мүмкіндік береді.
Әрине жасанды жарық көздері маңызды фактор, қалаларды сүйеуші фактор десе болады. Және тағы бір мысал отбасылық міндеттемелері жоқ, жалғызбасты адамдардың артуы жылдан-жылға көбейіп келеді.Бұдан былай қоғамның құрылысы өзгерген кезеңде жасанды жарықтың ролі одан сайын арта түспек. Сондықтан қала жобалаушылары тек қана әсемдік факторы емес емес, қоршаған ортаны, адам өмірін фактор ретінде ала отырып жобаласа керемет болар еді.
Сенің ілмектеріннің өзі бір әңгіме болып шығатындай екен… :))) Жапониямен қатыстысы да, қатыссызы да блогыңды жағалайтын болды )))
хмм бұл блог тек Жапонияға қатысты болады демеген сияқты едім..
Ашып ештене жазбағансыз!!!Зияны туралы ашып жазу керек еди.Бирак бұл такырыпты козғағаныңыздың өзі неге тұрады!!!