Бүгін менде бір баяндама болды, экологиялық заң бойынша, кеше сол күні бойы түк идея келмеген, қалай бастасам деп ойлап-ойлап, содан түнде отырып жаздым, оның өзі сағат түнгі 11-де бастаған шығармын:). Содан түнгі 3-ке қарай біттім де, ал енді принтерден шығара қойайын десем шықпайды ғой, мынаған не болд деп, принтерді өшіріп, жағып, туу деп жүрмін әрі-бері, содан бір кезде қайта догадалась, принтермен компты қосатын шнур жерде жатыр екен, елдер оны лаптопқа қосқан ғой алдында:))). Содан 4-ке қарай жеттім үйге.. Әйтеуір жазғаныма орай өте жақсы бір баяндама боп шықты, өзім риза болдым хаха. Бүгін мен 2-3 минут кешігіп кірсем, мұғалімім Жанна сен кредит жинамайды екенсің ғой, саған баға қоймайд екем ғой дейд, кешірші мен білмеппін, сәні әуре ғып, баяндама жаса деп жүрсем дееп..мұғалімім.. Ой осы кісіге риза болам, сондай кішіпейіл адам. Өзі 20 жылдай қоршаған ортаны қорғау министрлігінде қызмет еткен кісі, сабағы өте қызық, нағыз ортасында жұмыс істегені үшін менше, әсіресе әртүрлі қоршаған ортаға тиген әсерден ауырған адамдардың қозғаған соттарына қатысты айтары көп, бірнеше сотта мемлекет те кінәлі боп табылған кездері, зардап шеккендермен кездесіп, үкімет атынан кешірім сұрау деген сияқты, неше түрлі нәрселерді көріп, неше түрлі шараларға үкімет атынан, қоршаған ортаны қорғау министрлігі атынан барған кісі.. (біздікілер болса кешірім сұрамай қалсын:))). Бір сот 50 жыл бойы жалғасып келеді, кажись әлі бітпеді ғой дейм. Сосын басында 40 мың адам болса қазір 30 мыңға түскен екен зардап шегушілердің саны, соңғы шешім шыққанға дейін қайтыс болғандары қаншама, бірақ арасында жазылып кеткендері де бар, кадмий қалдықтарынан зардап шеккендер көбісі астмамен, не тыныс алу жолының басқа ауруымен ауырады екен, ал балаларды жас кезінен емдесе жазылып кетуіне әбден болады екен. Сол қазір зардап шекккендердің санының азаюының бір себебі екен. 50 жыл бойы жалғасқан сот дегенде ужыс дедім. Содан адамдарға шамамен 15-40 мың доллардан компенсация ретінде төленген екен.Оның бір бөлігін кінәлі боп табылған мемлекет көтерді, облыстық әкімияты бар, орталық қазна бар.. Сосын белгілі аурулардың емделуі тегін екен ол адамдарға. Мен айтам, оларды тегін емдегенге не мемлекет төлей ма десем, жоқ, айналып келгенде қаржы сол зиянды кәсіпорыннан шығады екен. Тек қаржы әкімиятты айналып, сақтандыру жүйесі арқылы дәрігерге жетеді екен, вообщым арнайы жүйе бар екен..
Заң деген нәрсе қызық қой негізі, сосын ол сабақты бар жоғы 3 студент аламыз, содан тоқтап мен түсінбеген тұстарын түсіндіріп береді.Сол жағы маған үлкен мерит.
Менің баяндамам халықаралық экологиялық заңдарға қатысты, бұрын қандай болды? қазір қандай? деген тақырыпта болды. Өзім де талай нәрсе біліп қалдым, бұрындары экологиялық келісімшарттар көбіне бір жақты ғана болатын десем бола ма?, хмм вощым мысалға: киттерді қорғауға қатысты, панданы қорғау деген сияқты, тек бір түрін жекелей алып қарастырған, келе-келе күрделене түскен. Ақыр айналып келгенде қазір Киото протоколы сияқты глобалды климаттың өзгеруін алдын-алу туралы келісімшарттың дәрежесіне жеткен екен. Халықаралық заңның объектілері мен мақсаттары туралы оқып, воощым экологиялық заң бойынша білімім бүгін біраз дамып қалды:))). Осыған дейін жасап келген баяндамаларымның ішінде ең көңлім толғаны осы болды. Бірақ жазуын жазып, ал иероглифтердің оқылуын оқи алмай біраз азаптанып қызық болды:)).
Jalko goi, tunimen jazyp jazyp, sosyn…