тағы бір бизи күн..   10 comments

Кеше профессорым ”——-” барып көресің бе дегесін жарайд дегем. Содан соңғы сабаққа барған жоқпын, бір қума сабақ бар, 40 пайызын түсінсем түсіндім, әйтпесе онысын да ұқпайтын бір жынды сабақ :))). Мастерге түсетін болсам точно алмайм сол сабақты:))

Сүйтіп сабақтарым біткесін ызғытып великпен келе жатсам ана жынды сабақтан беретін мүғалімім алдымнан шықты, ол кісі де великпен (жалпы біздің факультеттің мұғалімдерінің көбісінің велик мінгендерін көремін, как никак экология факультеті болғандықтан шығар хаха:)) содан тоқтап сабаққа бара алмайтынымды айттым..

Содан семинар румға қарай келсем біздің семинардың балалары мені сыртта күтіп жүр екен, заттарымды тастап семинар румға, машинаға отырдым. Қайда бара жатыр десеңіздер? ана алдындағы тазалаған күнбағыс– ты өсірген жерге!!. Профессор өзі 6-7 баланы ертіп минибаспен кетіп қалған екен. Әй біраз жүріп қаладан шығып кеткен кезде бір қызымыз соғад дәндерді алдыңдар ма деп, ненің дәні екенін ұқпадым шыны керек, қайтып ап келейік онда деп кері бұрылып едік, жақсы келесі апта деп, келе беріңдер деп, одан қайта бұрылып жолға түсіп:)). Ой әрі-бері бұрылыс көп, одан тауға өрмелеген жол, біраз шайқалып қалдым шыны керек.. брр

Бірақ есесіне көрінісі керемет жерлер екен жолда, теңізге шағылысқан күн сәулесі,сосын судан шығып тұрған жартастар әдемі көрінеді, және бүгін ерекше күн жылы.. Содан барсақ проф сосын 3 курстан бір қызбен, 2 курстың балалары, бірақ олар профпен қайтты парт тайм жұмысқа бару керек боп, ал біз қалғандары сол өткендегі күнбағыстан қалған қалдықтарды егіс даласына шашып-шашып әр жеріне, тыңайтқыш болады деп. Содан бізге жол шетіне қарай өсіп кеткен қамыс бар шөп аралас, соны орып тастаңдар деп кетті мұғалім. Ал оратын құралдардан 1-сі ғана норм істейді. Қалғаны дұрыс өтпейді екен. Сонымен кезектесіп жігіттер шөп орды, одан кейін қытайлық Рю ол да біраз орды, мен өзімше орып көрейін деп дизель шалғыны алғанымды қайтейін, бітіргенім шамалы:)), Ақыр аяғында бас жағына шөптерді кептетіп тастадым:))). хахаха. Қой деп дарылдаған моторын тоқтатып, қайтарып бердім, біздің бір бала алып сол бітіріп тастады қалған шөпті..

Сүйтіп бір керемет жұмыс бітіргендей боп қайттым хаха:))).

Айттарыңыз қабыл болсын.

Мен ойлағам ғой ертең ерте Фукуокаға шығып кетсем деп, как раз айт намазында мешітте жиналады деп елдің бәрі, көптен көрмеген достарымды көрем деп риза боп отырсам.. Жаалко.. Но мындағы мұсылмандар бір жерде жиналады екен, мешіт жоқ мында бірақ бір паблик плэйсте, сонда барам енді, хотяб осындағы мұсылмандармен танысып қалайын енді:).

Келесі апта бір халықаралық конференция бар, соған көмектесесің ба деген еді профессорым, жақсы дегем, сүйтсе оған бірнеше документ тапсыру керек екен, себебі ақша төленетін болғасын, ал профессорым маған айтуды ұмытып кетіпті. Ертең түске дейін тапсыру керек..

10 responses to “тағы бір бизи күн..

Subscribe to comments with RSS.

  1. Жапонияның құрбан айтынан репортаж күтеміз. 🙂 Күнбағысты не үшін, қайда, қалай шашқандарыңды ұқпадым. Әйтеуір өзіңе ұнаған екен. Общым, ертең бізге жапон мұсылмандарының суретін көрсетерсің 🙂 Айтың құтты болсын!

  2. Қайтарма үнқосу: Құрбан айт қабыл болсын « 6 градус әлемді өзгертеді

  3. tuf, osu senin angimelerin ai :)))

  4. Қайтарма үнқосу: конференция Кантон-Нагасаки мәдениеті « 6 градус әлемді өзгертеді

  5. Қайтарма үнқосу: Жылдық есеп « 6 градус әлемді өзгертеді

Пікір қалдыру

Fill in your details below or click an icon to log in:

WordPress.com Logo

You are commenting using your WordPress.com account. Log Out /  Өзгерту )

Facebook photo

You are commenting using your Facebook account. Log Out /  Өзгерту )

Connecting to %s

%d bloggers like this: