Күн суыды немесе Жапониядағы не по теме жаңалықтар..   10 comments

күн деген суып кетті..
Қазір шамамен +10 градус, бірақ бар бәле жаңбырдан, ызғар боп тұр..

Кітапхананың ішіндеде жел улеп жүргендей, әлде маған ғана солай боп тұр ма екен??

Таңертең 8-50 дегі сабақты елдер кешіге бергесін сағат 4-ке айыстырғанбыз, енді соны күтіп отырмын, әйтпесе бағана үйге кетіп қалар едім…
Үйдегілер менің қыстық киімдерімді әлі жібермеген екен:))). Күшті болайын деп тұр пока ол маған жеткенше…
Қазір қайтсам TVде көбіне тек жаңалықтар болады, оның өзі кейбірі өсек аралас жаңалықтар:)).
Күндізгі жаңалықтар сол енді өсек аралас..

Соңғы кезде жаңалықтар қарасам, Жапонияда не көп өрт көп. Өткен аптада ғана көп айтылған жаңалықтардың бірі: бұрынғы сыныптастар жиналып Кореяның Пусанына саяхатқа барған екен 9 жігіт, тамақтануға барған кафеде өрттің ішінде қалып, 7-уінің сүйегін туыстары алып қайтты, 2-уі әлі ауыр халде, ойламаған жерден…

Одан соң кафе, асхана сияқты жерлер бірінен соң бірі, одан қалса үйлер өртеніп Жапонияның әр жерінде, соңғы 3 күн ішінде ақ 20-ға жуық адам өрттен қайтыс болды…
Жалпы соңғы кезде жаңалықтар қарағанда, қатты бум болған жаңалық есірткі туралы болды. Аж 22% рейтинг алған екен сол жаңалық. Бір актриса есірткі шегіп жүргені белгілі болып, ааай журналисттер кетті -ай. Еріккеннен ғой деп ойладым, әйтпесе баласы бар кәдімгідей ақ әйел. Баласы бар, жұмысы бар, сериалдардан көрініп жүрген болатын. Күйеуімен бірігіп бастаған, вообщым апама жездем сай .. Ендігіде 1 жарым жыл қадағалауда болады.
Қазір Жапониядағы сот жүйесі бойынша шеттен 21 адам кіруге бола ма сондай екен, қатысы жоқ адамдардан. Содан әлгі 21 орын үшін 6 мың адам жиналған екен, ужыс! келесі сотында 3 жарым мың адам жиналды. Ақыры сол 21 орында лотерея ретінде бөлді. хаха
Ол алты мыңның ішінде қызығушылығы бар адамдар бар, кейбірілері тіпті басқа қаладан келген екен арнайы Токиоға, сосын масс медианың адамдары.Ал папараци жаңалықтар жазатын газеттер түгелімен 200 адам істейтін болса, таңертең сол газеттің офисінде жан адам жоқ, ең үлкен редактордан басқа, бәрі сол кезекке тұрып, номер алып, из первых рук жаңалықты жазу үшін не істемейд:))). Мдааа дейм де, осы жапондардың тегі сондайға әуестігіне таң болам кейде:))).

Сотқа осындай осындай киім киіп келді, сотқа былай былай деп жауап берді деп:))). соның бәрін тәппіштеп айтқанды енд, ужыс дегеннен басқа сөз жоқ..  Ол актрисаның шешесі де егде адам, күтімді қажет ететін кісі екен, содан бастығы балаңды ойлап, сосын шешеңі ойлап бұдан былай… деп кеңесін беріп сот үстінде. Содан сот біткесін бұдан кейін не істейсің дегенге? енді күтім қызметі туралы ойланамын депті. Қазір арнайы университетке де құжаттарын тапсырып оқуын бастап кеткен екен деп.. Бірақ ол универді бітіріп шығу оңай шаруа емес, тіпті бітіргеннің өзінде арнайы лицензия алып алмауың белгісіз, тек жартысы ғана ол куәлікті алады екен.. Мемлекеттік емтиханның талабы өте жоғары..

Сол актрисаның есірткіге қатысты жаңалықтан басқасын айтар болса, жасы біразға кеп қалған актер, денсаулығы да жақсы емес,  сол кісіні әйелі қалай күтетіндігі туралы документальды фильм жасаған екен, енді ауру адамға қарау оңай емес екені ақиқат, алайда ондай документальды фильмдер негізі рейтингі жақсы болмайд. Бірақ неге екені именно сол фильм рейтингі 20 пайыздан жоғары болған екен.
Оны естіген Такеши Китано ғой, олай болса, атақты адамдарға арнаған арнайы қарттар үйін ашайық, сосын реал таймда күнделікті өмірлерін көретіндей қылайық. Ал күтушілер ретінде ана есіркімен ұсталған актриса сосын тағы бір актер бар есірткімен ұсталған, солар болсын, онда точно ол бағдарлама рейтингі жоғары болады деп өткенде бір бағдарламада:)))))).
Әлемде Такеши Китано режиссер ретінде танымал болса, Жапонияда оны көбіне Биито Такеши деп комик ретіндегі атымен атайды. Апта сайын жүргізетін бірнеше бағдарламасы бар, бірі сол апта бойынша жаңалықтарға сараптама жасайтын бағдарлама, сонда ғой айтып жүргені:))).
солааай … жақсы жаңалықтар болсын ағайын.

10 responses to “Күн суыды немесе Жапониядағы не по теме жаңалықтар..

Subscribe to comments with RSS.

  1. Такеши Китано бір дүниесі оңды емес, неге шулайды типі «ураган» деп :)))
    айтпақшы бір жерде «ПАТИ» болд деп кетіпсіз(бурынгы постарыңыздарда), онда не істедіңіздер? шашып билеген сізді елестетіп отырмын мында 🙂

    • Қош келдің Хало
      сол Китано Такешидің кереметін мен де түсінбим шын айтсам:))). Фильмдерін қарай алмайм. Ал былайынша бағдарламаларын қарайм, өте қызық саясат туралы бір бағларламасы әсіресе ұнайд атақты саясаткерлерді шақырып.. Астарлап сынағаны ұнайды..
      Пати туралы жооқ билейтін емес, сол общение печение деп
      елдер танысып бастаған кездері
      сыра ішіп елдерің, одан бір кезде кәріс арағын ап келді ма кәрістер.. Сол шу-шу аса қызық емес..

  2. сосын кино жайында тағы сұрағым бар. неге олар семя/клан/ т.б. болып тобырымен жүреді. әлде дәл қазірде сөйтіп братвалар болып жүреді ме омирде де?
    махаббатары өмірде де кинодағыдай ма? :)))

    • солай тобырымен жүретіндер бар болу керек якудзалардан, әлі де бар екен, өзім көрмедім бірақ..Сосын біздегі сияқты хулигандар бар, топтасып жүреді екен оларда, чимпира дейді оларды, ну бірақ олардан серьозно зияны жоқ кажись

  3. Очм, бұларда да «Прожекторперисхилтон» бар деш )))

  4. Konil Ashar десе…
    британ аралы тұманды күндерге шағымданад екен, ауа-райын жапон аралы несімен күндейді?

  5. Жанн, қалайс? киііімдеріңізді беріп жібіерді ма?
    біздіе атырауда күн жыппп жылы ))). қар да жоқ, жел де, жаңбыр да, ештеңе жоқ – жыппп жылы. солай болып тұра берсе ғой. жылы киинп, маскаңызды тағып жүрңз )))

Пікір қалдыру

Fill in your details below or click an icon to log in:

WordPress.com Logo

You are commenting using your WordPress.com account. Log Out /  Өзгерту )

Facebook photo

You are commenting using your Facebook account. Log Out /  Өзгерту )

Connecting to %s

%d bloggers like this: