Бүгін менде сабақ жоқ, содан түске дейін ұйқтадым, одан бөлмемді жинадым.Осы апта ерте кетем, кеш келем, бөлмеге мүлдем қарамағам. Жалғыз тұрған бір жақсы жері сол, қанша шашсаң да өзің білесің:)))) хаха.. Мусор деген ол жиналып алған, соны апарып төккенге таңертең әрбір минут санаулы, ал түнде ерінесің, сонымен пакет толған болатын. Рисайкл болатын (қайта өңдейтін) пластик бөтелкелерді ас үйдегі ортақ қоқысқа сала салдым себебі, рисайклдың арнайы жасыл белгілі пакетін алмаған едім, тек жанатын мусор менен жанбайтын мусорды ғана жинап жүрмін бөлмеде. Жанбайтын мусорға сол полиэтилен пакеттер сосын әртүрлі пластиктер жатады, осы жапондарда не көп қап көп, мысалға бір шоколад 3 қапқа оралады, бірі қағаз, бірі полиэтилен сосын пластик қап болады көбіне, содан мусор жиналмағанда қайтед.. Йоргурт, бетіндегі қақпағында пла- яғни пластик деген жазу тұрад яғни жанбайтын мусор, ал қабы қағаз деп тұрады, демек қабын жанатын мусорға тастау керек.
Жанатын мусор қызыл түсті жазуы бар пакетке, көк түсті жазуы бар пакетке жанбайтын қоқыстарды салу керек. Сосын мысалға қандай да бір сусынның пластик бөтелкесін рисайклға жіберсе, ал қақпағын жанбайтын мусорға қосу керек. Нагасаки қаласының заңы солай. Жапония бойынша әр қаланың өзінше жүйесі бар, ен қиыны Кобе қаласыныкі дейді. Несі қиын екенін білмедім бірақ, бірақ қала тұрғындары қай күні қай мусорды тастау керек шатасады деп оқығам бір жерден. Мысалға Нагоя қаласына барғанымда, сусын бөтелкесін лақтырар болсаң, сыртындағы жазуы бар қағаз, точнее полиэтилен орауын алып, сосын қақпағын да алып тастап лақтыру керек болатын. Сондай дамып кеткен заңдары бар қалалар бар. Сонда оқыған құрбым, дүрыстап жасау керек, әйтпесе егерде мусорды дұрыс лақтырмай жүргеніңді біліп қойса 3 күнге мусорды қайта өңдейтін зауытқа әлеуметтік айып пұл ретінде жібереді деп жүрген :).
Негізі бүгінгі күнімді жазғым келген, сүйтсе қоқыс туралы әңгіме туындап кеткесін, тақырыпқа мусор туралы деп қоса салдым:))
Мәәә айтпақшы құттықтап қойсаңдар болад мені, бүгін шетелдік куәлігімді (Alien registration card) алдым барып, Яххууууу!!!
Құұрсын мына Нагасаки ұзақ жасайды екен куәлікті, бұрындары 1-2 апта ішінде ақ дайындап берген еді, әлде қазір солай қиындап кетті ма білмедім..
вообщем енді паспортымды сүйреп жүрудің қажеті жоқ. Ну енді сен кімсің? әкел паспортыңды деп сұраған емес, көбіне студент билетімді көрсететінмін, бірақ сонда да ап жүру керек қой..
Сосын менде косяк бар етін, алдыңғы куәлігімді иммиграция офицерлеріне тапсырмай кеткем, себебі қайта Жапонияға келем деп ойлағам, келмегесін, менде қалған, осы жолы аэропортта кеден қызметкерлері бұрынғы куәлік қайда деп адам есін шығарып, оой ол 4 жыл бұрынға нәрсені қайдан білем дедім, негізі сол үйде жатқан еді, әкеле салмаған екенмін деп өкіндім, осы куәлігімді аларда біраз әңгіме айта ма деп едім. нормально алдым Құдайға шүкір. Қазір Жапонияға кіру қиындаған, әрбір шетелдік Жапонияға кірерде саусақ іздерін тапсырады аэропортта. Ұнамай ма? кірмейсің Нихонға! вообщем сол. Ал бастапқы әңгімеме қайта оралсам..
Таак бөлмемді жинап, әйтіп бүйтіп, одан кірлерімді 2 машинаға салдым, бізде 3 қабат, сосын 4 қабатта бар кір жуғыш машиналар, толық адам тұратын қабат 3 қабат болғандықтан соны көбісі пайдаланады, мен 4 қабаттағы машиналарды қолданам көбіне, себебі онда адам аз тұрад:). Бос болад көбіне. Содан жуып біткесін кептіретін машинаға сап кеткем, ұзақ процесс кептіргені, сол салынған күйінде кетіп қалдым:)). Не боп жатыр екен, надеюсь бүгін кір жуғыш адам көп боп пысықсымаған шығар:).
Кірлерімді тастадым да, қымтанып киініп ап далаға шықтым, сүйтсе жаңбыр жауайын деп тұр. Қооой деп қайта кіріп, ана жаңбыр киімімді салып алдым. Содан Нагасаки қаласының «әкімиятына» қарай тарттым. Великпен барайын бармайын деп әрі ойлап бері ойлап, ақыры великпен кеттім. Автобуспен ғана барған жерім, сосын алыс сияқты көрінген, алыстау енді бірақ пойдет, бірден тауып алдым десем болад, тек ең ақырғы жерінде ғана, жол өрге қарай кеткесін, великті сүйемелдеп көтерілдім, содан алатын куәлігімді алып шыққанда қараңғы түскен, басқадай қайтам деп өзімше, басқа жолға түскенімді қайтейін, түк ұқпай қалдым ориентирім шатасып, содан бір кезде оо мына жол деп шықсам, қайта шықтым әкімият тұсынан:))). Қатты пысық болған да қиын ғой жалпы хахаха. Білген жолыммен қайттым сосын:). Содан ыстық бұлаққа тарттым, жаңбыр біраз жауғасын сырттан киіп алдым жаңбыр киімін. Ыстық бұлақтан түнгі 12-де шығып, қазір бәрібір ұйқтамайм деп универге келдім.
Біздің ғимарат тып-тыныш боп тұр, қараңғы терезелерде жарық жоқ екен, неужели ешкім жоқ, деп великті қойдым баспалдақ астына. Баспалдақтың жарығы жанды, көтерілдім, екінші қабаттағы баспалдақ жарығы жанды. Ал енді есіктің кілтін алатын код. Тааак қалай еді?? 2713?2714? хммм кері тердім болмады, млиин код жазылған дәптер жоқ қасымда, содан наугад айналдыра беріп едім, сүйтсем алғашқысы 26 екен. Уфф кілтті алып, есікті ашып, ішке кірдім, коридордың жарықтары жанды. Семинар бөлмеміздің коды оңай, одан кілтті алып есікті ашып ішке кірдім, бұл жолы жарық жанбайд, өзің жағуың керек:). Сенсорлы жарықтар тек корридор және әжетханаларда ғана, қозғалысқа қарай іске қосылад..
Компты қостым, сосын босқа рәсуа болмасын деп бөлменің жарығын өшіріп, столдың жарығын ғана қалдырдым:) (экология факультетіне келдім ғой как никак:). Үйдегілермен сөйлесейін деп келсем біреуі онлайн емес қой, қырсық қылғанда:))). Қыздармен сөйлесіп отыр едім, бір кезде корридорда дыбыстар шықты, басқа семинардың студенттері келген екен, есіктің терезесінен қарап тегі біраз адамды қорқытып:)). Жақсы сау болыңыз деп басын иіп кетті:).Бәсе қалайша ешкім жоқ деп едім, ақыры келген екен ғой біреулер. Бізде солай күн демейд, түн демейд жүре беред елдер. Өткенде екіге дейін болғанымда, менің қасымдағы басқа семинардың студенттері түнгі 12, кейбірі 1-де қайтып еді, мен 2-де қайтқанда әлі де адамдар болған басқа семинар румдарда. Кеше ғой бірнеше сабақты бірге алатын бір жапон қыз универде түнедім деп еді. Қолым тимей, баяндаманы дайындауға уақыт болмай, содан бір түнде жазып шықтым, сағат таңғы 6-да біттім,содан 8ге дейін ұйқтап алдым деп еді. Бөлмелеріңде софа бар ма десем, жоқ, столға басымда қойып ұйқтап алдым дейді. Бізде қайта софа бар, түнеп қалған жағдайда, тіпті одеяло да бар:)).
Ақыры келген екенмін посттар жазып тастайын енді:)).
Қоқыс, ресайклиң осындағыға ұқсас екен.
Куәлік дегеніңіз виза ма?
и жоға
визам жоқ болса қалай кіред екем Жапония:)))
кәдімгідей куәлік шетелдіктің, біздегі удостоверение личночти сияқты нәрсе, Жапония ішінде қолданатын құжат, паспорттың орнына жүре беред. Қайдан келген кімсің, қайда тұрасың деген мәліметтер жазылған..
ой қыздар, ну енді Андай сияқты болғанмен қоқыс жайлы Рисайкліңіз көңілге қонарлық нәрселер…
konichiwa 🙂 o genki des ka? dep nigongoda birnarse jazyp koyaikta:)
Registration card alganynmen kuttyktaimun:)
sausak izderi deisinba? kyzyk eken… Angliyaga baru uwin de viza jasatu uwin biometri4ekie dannye tapsyrady goi… bul po hodu sondai bolsa kerek..
kunimen uiktap, tunde okygan jaksy goi:)
рахмет Мадлен:)
Қош келдің айтпақшы:)
aha, jazyp turam goi:)
Қоқыс туралы мықты екен. Бізде де осындай болса жақсы болар еді.
Жалпы біздің көшелердегі бардакты өзің білесің ғой. Ол жақта жағдай қалай осы жайлы?
мында аяқ киім сүрпейм:).
шаң жоқ ол бір
ал көшедегі қоқысқа келер болсақ біздің адамдар өздері ғой шашатын, суды ішед, сыра ішед бөтелке көшеде, ен жаманы арыққа лақтырад, сосын ол арық бітеліп, жаңбыр жауғанда лай су кешіп жүргеніміз..
Біздің адамдар өздеріне өздері жау ғой..
қанша тазаласаң да..
Тазалайтын жер емес, шашпайтын жер таза болады ғой..
Мысалға бұрынғы тұрған Фукуока қаласында тіпті мусорка да жоқ көшеде, соның өзінде таза..
kushti eken recycle, Amerikadada bar ondai birak senderdegi siyakti anani bolek minani bolek emes, birak biz jasamaitinbiz olay bizdiki kak vsegda bari bir jaka ketetin:)
univerdin kundiz tuni ashik bolgani unadi magan, men kinalganmin tunde jabik bolgani ushin, sabak okiyin desem jabik uyde adam kop degendey, arman bolgan magan:)
bolek kualik beretinderi jaksi eken, kutti bolsin jogaltpai kaitarda kaldirip ketudi umitip ketpe kaytip:)
сонда оны кім бөледі? арнайы зауыттағылар бөле ме?
мында да барған мусорды тағы бөледі, бір документалдьды фильм қараған едім, бір мүгедек бала туралы сондай зауытта істейтін..
hm shynar, bilmedim, birak bizde barin bolek salu kerek. kagaz, plastic bolek, baskasi bir bolek. birak mende ilgi soblyudat etpeyim.
мусорды алып кететін көлікті өздерің күтіп аласыңдар ма? әлде бір жерге жинап тастап кетесіңдер ме?
сосын таусылған тіс пастасын алдын-ала тазалап(!) лақтыру керек дегенді естідім
арнайы мусор жинақтайты жер бар, сонда салып қою керек белгіленген уақытта.
Қазіргі тұрып жатқан жатақхананың бір жақсы жері ана біздегі сияқты жабылатын контейнерлер бар (бір күні сурет ілермін:). Сыртында жазылған жанатын жанбайтын, рисайкл деген жазуы бар, соларға қалаған уақытта апарып тастай береміз, ал енді квартираға шықсам ол жоқ, тек белгіленген күні түнде не таңда мусор әкетерден бұрын апарып қоюыма болады, көшенің бір бұрышында жинайтын болады..
tis pastasyn ya tazalap laqtyru kerek shygar basqa plastik zattar siaqty..
Mysalga suttin, shyrynnyn tetra paketti de juyp laqtyru kerek negizi, nu ya ne vsegda soblyudayu..
mda, janna cherezchur goi anauin, kok kagaz, ak kagaz, kizil kagaz haha. oni nege arnayi zauitta jasamaydi?
көк қағаз емес көк пакет, қызыл пакет жасыл пакет:). Бөлінген заттарды айыру үшін арнайы пакеттерге салу керек қой. Сосын бірібір арнайы зауытта тағы қарайд қағаздарға қатысты..
Қайтарма үнқосу: Қоқыс лақтыру « 6 градус әлемді өзгертеді