менталитеттің айырмашылығы??   9 comments

Осы менің жатақханамда қытайлар көп, сосын кәрістер көп, сосын африкадан бар 5-6 адам, Суданнан, көбісі Кения ғой дейм. Сосын арасында мен бар филипиндік және Мьянмадан бар бір бірден майноритиміз:))

Біздің универден тағы бір жатақхана бар шетелдіктерге,  онда Еуропадан әсіресе Голландиядан көп сияқты байқауымша. Бізде енді 2-еу ақ голландтықтардан, біреусімен былай амандасып, жағдайымызды сұрасып тұрамыз, бірақ керемет араласамыз деп айтпас едім. Өзі медицина факультетінде 6 айлық практика сияқты курсқа келген,  3 ай болд жапон тілін оқып жүр, былай примитивті ойын жеткізе алады. Атын жарайт Кай дейікші:).

Біздегі қытайлар көбісі ағылшын жақсы біледі, и жапонша да жаман емес, ал кәрістердің ағылшыны онша емес. Өткенде ғой бір кәріс қыз, туу айтшы ана Кайға, түсінбей жатыр деп, голландық жігітті көрсетед, ия не болд десем, ағылшыным жетпей жатыр, жапонша айтсам ұқпайд деп:)). Туу маған сөйлеп қоймад менің ағылшыным онша емес қой деп кәріс қыз жалобасын айтып жатыр да маған. Мен айтам қайта жақсы ғой, сүйтіп қиналып бірақ саған практика болады ғой десем. Ой қойш деп жүрген.

Өткен апта ғой, бір күні маған қайта кеп тұр, сен осы Каймен жақсы араласасың ғой деп, мен айтам жоға былай амандығымызды сұрағанымыз болмаса, иә не бо қалды?- дейм. Ой шото тұсінбедім сол жігітті дейд, өткендері басымнан сипай ма, ана кішкене баланы сипағандай, не кеп иығыма қолын қойып, чот түсінбей қалдым дейді. Негізі кәрістерде ондай жоқ қой. Мен айтам ол енді еуропалық адам, ну ол жақта ондайға мән бермейді ғой деп жатырмын деп, қатты басыңды қатырмай ақ қой деп. Жоқ жарайд оны түсіндім десем де, неге именно мен деп. Неге мысалға басқа қыздарға солай жасамайд деп??. Уже мен ойланып қалдым жо пыросто енді сендер доссыңдар ғой, содан сені жақын тартқан түрі шығар дедім. Одан бері бір апта өтті. Мен өзі мына баяндамаларыммен күнде кеш кеп жүрмін, жатақханада не боп жатқанынан бейхабармын. Әйтеуір содан бері 2 пати өтті меніңше, сон байқасам ана Кай мен кәріс қыздар бар сосын тайвандық Алекс бар, жап-жатқсы араласатын топ боп қалыпты. Ааа бір апта ішінде кәдімгідей достасып кетіпті ғой деп ойлағам. Содан кешенің алдында тағы 11де келдім, көрші кәріс қыз есігіне кішкене тақта жабыстырып қойған, айтарларың болса жазыңдар деп. Дұрыс сөйлеспегенімізге уже талай бопты ғой деп ойладым. Өзі керемет қалжыңбас қыз, тіпті күлдіргенде, көзімнен жас аққанша күлген кезім бар. Көптен бері олай күлмеппін деп ойлап, содан ана тақтаға How r u? Miss U:)-деп жазып бөлмеме кіре берейін десем, өзі бар екен бөлмеден шықты, содан біраз сөйлесіп тұрғанда Кай келе қалды, қой бопты мен кеттім деп бөлмеме кеткем. Бір кезде корридорда әрі бері қозғалыс көп боп кетті, арасында Алекстың даусы шығады. тағы бір жиылыс болайын деп жатыр ма деп ойлап, әрі-бері шаруаларымды істедім де, содан сағат түнгі 12 болса да шото қарным ашқан сияқты боп, тамақты алып, ас үйде ғазға жылыта қояйын деп шықсам, кәріс құрбым жылап тұр! Қасында қытай көрші қыз тұр жұбатып, оой кешіріңдер деп қастарынан өтіп кеттім, любопытная варвара болмай ақ қояын деп. Ас үйге кірсем, Алекс, Кай сосын басқа бір кәріс қыз отыр, кәдімгідей бір нәрсені дауласқандай боп жатыр. Тамағымды ысытып тұр едім, ой сен айтшы Жанна қалай ойлайсың?-дейді. Сен енді Азия мен Еуропа арасындағы адамсың ғой, екі жақтың да мәдениетін түсінесің деп, Кайдың түріне қарап, кәріс құрбым жылап қалғандағы себебі екенін түсіндім. Иә тағы не бүлдірдің дейм Кайға?

Кай:Жоқ мен енді пыросто ситуацияны анықтағым келді, тағы түсініспеушілік болмасын дегенім дейді. Бір кезде қытай көршім келді, сонда сен неге олай деп айттың деп Кайға? мен тұрм арада, аса жағдайды түсінбей. Кай: Жоқ мен енді …біз дос боп кеттік…, өте жақын араласып кеттік, бірақ мен енді мында 6 ай ғана болам, и сосын ұзақ қатынас құратын адам да емеспін, жалпы біздің арамызда болашағымыз жоқ қой, соны айтқым келген дейді.

Мен түсінбей тұрм, не бір апта ішінде екеуінің арасы соншалықты дамып кеткен ба?-деп.

сүйтсе мәселенің бәрі ана бас сипаудан шыққан екен:)))

Басында кәріс құрбым неге олай істейді деп күдіктеніп жүрген еді ғой. Содан маған келіп кеңесіп жүргені сол кезде екен. Мен айтқам сонда, айт онда Кайға жасама олай деп, и вааще кәрістерде олай болмайт деп едім, оой айттым ұқпайды Кай, біз доспыз ғой, онда тұрған не бар деп айтты деп. Ондай болса не мүлдем араласпа, не сол күйінде қабылда дегем. Содан кәріс құрбым сол күйінде қабылдаған екен:)).

енді мәселе қайдан туындады десем, сүйтсе кәріс құрбым да оның басынан сипаған ба, қалжыңдап құшақтаған ба әйтеуір, енді Кайдың өзі күдіктене бастаған, ну енді кәріс жапон қыздары ондай скиншип жасамайды ғой деп, мүмкін ол менен достықтан басқа нәрсе күтіп жүр ма деп, содан мен жалпы ара-қатынасымызды анықтап алу үшін айтқам оған дейді:))))

Ондай сөзіне әрине кәріс құрбым ашуланып қалған, ашуланғанда, сөз таппай жылап қалған ғой, ал Алекс сияқты кейбіреулер неге жылағанын түсінбей оны жұбата бастаған, одан сайын жылатып оны:))) Өзі біртүрлі екен, тіпті сол Кайды жақсы көрмесем де, как будто ол менің бетімді қайтарып тастағандай болды, ал қалғандары мені аяғандай жұбата бастағанда одан сайын жындандым дейді:)))

енді әйтеуір түсініспеушіліктеріңді анықтап алдыңдар ғой дейм:))

9 responses to “менталитеттің айырмашылығы??

Subscribe to comments with RSS.

  1. Өте қызық жағдай екен! Жанна егер сенде бір шетелдікке ғашық болып қалсаң не істер едің? А?

    • сәлем Жазира
      хмм
      сен «де» дейтіндей бұл жерде ешкім ешкімге ғашық болған жоқ қой, тек мәдени айырмашылықтарға байланысты түсініспеушілік туындап қалды..
      Ал өзіме қатысты сұраққа келсем, хмм ойланып көру керек, болашағы болатындай нәрсе ме жоқ па соған байланысты сияқты..

  2. hahahahhhahha, vot kadrlar :DDDDD

    sol uwin basynan aitu kerek `don;t touch me, maaaaan!` dep 😀
    aitpese europalyktar, amerikandyktar keide kywaktap, suip jatady, aj bir turli est je… karis kyz da kadr eken!!!! :DDDD tuuu, kulkim kele beredi est je…
    mentalitet degen endi jaman goi. keide vawe ukpaisyn… liwnii raz kolynmen ustamagn jaksy kez kelgen adamdy… negizi men oilaim, bar masele kyzda, tysindiru kerek edi… nemese basynan kesip tastau kerke edi, time vawe magan dep… aitpese osyndai konfuz bolady goi :DDDDD

  3. қызық екен, негізі еуропалықтар салқын сиақты ғой, ол қандай голландық :)))

  4. salem:) kyzyk eken, ne bolsa da cultural shok bolypty oi:)

  5. батысым шығыс боп кетті (с)

  6. войнаимир сияқты ұзақ екен. еле осилил.
    а ваще былай енді әңгіме айтқанды жақсы көресің да? 😉

Пікір қалдыру

Fill in your details below or click an icon to log in:

WordPress.com Logo

You are commenting using your WordPress.com account. Log Out /  Өзгерту )

Facebook photo

You are commenting using your Facebook account. Log Out /  Өзгерту )

Connecting to %s

%d bloggers like this: