баяндамадан баяндамаға дейін   17 comments

қазір өзі сондай боп кетті жағдайым, осы апта екі баяндама, ну енді қатты үлкен емес, бір кітаптан бір тақырыпты алып, содан түйіндеме жасайсын. 20-30 беттен қысқартып басты жерлерін алып 2-3 бет шығарып жасау керек. Автор не айтқысы келді, келіскен болсаң неге? келіспеген болсаң неге? сен болсаң қандай жолдар ұсынар едің деген сияқты кете береді.

Өзі менде аптада сабақтарды сейсенбі, сәрсенбі сосын бейсенбі күндері күні ғана аламын. Апта басы мен соңында әдейі таңдамадым:)))

Өзі бір аптада  қазір міндетті түрде әйтеуір бір баяндама бар. Жалпы сол тақырыпқа қатысты басқа да нәрселер қоссаң да өз еркің. Негізі дайындап келген қағазды оқисың, сосын сол бойынша сұрақтар қояды елдер. Не өзің оқып түсінбеген жеріңді не келіспеген жерлердегі мәселені көтеріп талқылау ретінде өтеді сабақтар.

Хаха, иероглифтен түсінігі аздау мен үшін ана 2-3 бет қып қысқарту қиын, кейде бірдеме айтқың келсе, әй бір аузыңа сөз түспей қиналамын:)

кеше ғой сол сағат түнгі 2-де бірақ қайттым универден, 3-4 сағатта жинақтап бітем деп ойлаған нәрсе ұзаққа созылып кетті. Содан қайтарда жаңбыр құйып тұр, ана өткенде алған рэйнкотты сыртынан киіп, велигімнің кілтін іздейм, таппайм, әрі іздеп-бері іздеп. Содан ей осы кілттемеген шығармын деп ойладым да, есіктерді кодпен кілтті алып, жауып кілтті қайта кодпен жауып шықсам, шынымен кілтім сол күйінде великте тұр екен, Ужыс!! қайта ұрланып кетпегеніне шүкір. Бірақ енді ол біздің семинар ғимаратының баспалдағының астында тұрған еді, ортақ паркингте емес. Вообщым сол келесіде абай болу керек. Айтпақшы ана рэйнкоутқа көңлім толмады, бәрібір велик айдағаннан тізем су боп қалды:(

Мен 2-де қайттым, қасымда тағы басқа профессордың студенттері болды олар бірден кете қайтты, басқа кабинеттегілер сол 12 жарымдарда қайтты ғой дейм. Мен қайтарда тек бір бөлмеде адам болды, столға басын қойып ұйқтап жатты ғой дейм:)

Ертең біздің профессордың семинар бөлмесінің суреттерін ілем Иншаллах.

Таак түнгі екіге дейін не істедің?-десеңіздер. Бүгін салт-дәстүр сабағы бойынша баяндама жасадым, Жапониядағы жылқы, сиыр мәдениеті, жалпы қайдан келіп, қалай таралды, не нәрсеге қолданды деген сияқты. Сол ҚЗ мен салыстырмалы түрде баяндап бердім, бізде былай сіздерде былай екен деп:)

Жапон тарихынан аз-маз хабары бар адам болғаннан аса таң қалған нәрсе болмады. Бірақ бәрібір сонда да әлі қабылдай алмайтыным бар:))

Мысалы буддизм басты дін болып, сол бойынша идеология құралған кездері, орта ғасырларда мысалға ауырған, не сол қартайып өлген жануарларды не істеді десеңіздер, сол апарып көмген екен:) Тіпті сол малдардың молалары болған екен, арнайы бір жерлерде:)

мен айтам тууу деп одан да алып жемей ме ол малды өлтіргенше деп:))))

Қабан сияқты жабайы аңдарды өлтіруге болады, ал жылқы сиырға қатысты табу қойылған. Кейбір деректерде жылқы, сиыр етін жемеңдер деген ескертпелер кездеседі екен. Шамасы соған қарағанда болмайды десе де, жасырын түрде етін жегендер болған сияқты деп ғалымдар қарастырады:)

Бұрындары жапондықтардың асыраған сиыр не жылқыларының қорасы ас үйге жақын, тіпті тиіп тұрған екен, содан күнделікті ас үйде жүргеннен ат жақын тұрғаннан күнде көресің, вообщем отбасының бір мүшесі сияқты боп кетеді, солай қабылдаған екен. Содан енді жақын тұрғасын әрине иісі бар, бірақ отбасының бір мүшесі ретінде жақсы көргендіктен оның иісінің сасықтыған елемеген екен:)

Қазір енді Жапонияда жылқы көбіне Хоккайдо жақта ғана ғой бағылатыны, себебі кең жерлер бар.

Жалпы гентикалық зерттеулер жасаған жапондықтар өздеріне ең жақын ұлт қазақтар деп тапқан екен, бірақ соны қай универдің адамдары жасағанын таппадым инеттен. Жапонияға жылқыны ап келген ұлт болған, ол қайдан келген? кімдер? екені әлі күнге шейін белгісіз. Сосын тағы бір қызығы сол кездері қолданған тұрмандары қазіргі Моңғолияда қолданатын ат тұрмандарына ұқсас екен. Мен айтам олай болса осы қазақтардан бұрынғы біздің аталарымыз [қазақ атауы тек орта ғасырда ғана пайда болды ғой] Жапонияға да барған шығар деп:)

Токио ауылшаруашылық университетінде animal therapy деген саланы қарастырады. Мысалға дельфин сияқты жануарлармен байланыс…, жылқыны да қолданады екен, атқа міну, оның үсті-басын тазалау мұның бәрі стрессті жояды дейді ғалымдар.

Мен айтам жылқы деген жалпы өте кербез жануар, не болса соны жей бермейді, таза болмаса, ол суды да ішпейді деп. Ааа ондайы бар екен ғой деп бірінші рет естідім деп бір жапон қыз. Ну енді мен жылқыны керемет жақсы көрген емес, бірақ үйде болған, арасында сол шөбін салып, жем берген кездерім де болған, бірақ сол атқа әй бір 2-3 ақ рет қана шығар мінгенім өмірімде. Кішкене кездімде папаммен, кейіндері сол папам жетектеп мінгізгені, сосын бір жапондар келгенде за компанию мінгем, оның өзінде әзеер, мінгім келмей. Шыны керек  жақсы көрмейм :).

17 responses to “баяндамадан баяндамаға дейін

Subscribe to comments with RSS.

  1. hehe, jylkynyn etin jaksy korem da, alaida ozinen korkam!

    kalada ossen sol goi goi…. :(((( mal degen bir exotica sekildi.. otkende bir ret auylga barganbyz, mamaaaaa, andagy siyr jylky degen wynymen ulkeeeeen eken…

  2. Жақында респ.телеарналардың бірінен көрсетті, қай облыс екені есімнен шығып тұр, Семей, әлде, Қарағанды, ұмытпасам, сол жақта арнайы ит, мысықты көметін зират ашыпты …сондықтан, жапондықтарға таң қалма 🙂

    О,о, Жанна, жылқы неге ұнамайды,а…қайта керемет емес пе…мен ауылға барғанда үнемі мінемін…))))

    • ит мысықтарға таң қалмайм, Еуропадаға мысық иттердің зираттары орналасқан жерлері біздің тұратын аудандардан тап-таза:)
      менің таң боп жатқаным тамақ болатын нәрсені айтам:)))

  3. zhilki turali ote kizikti eken.

    tak, sen japonsha ma agilshinsha ma kaisinda jaksi soileysin? erkin sezinesin degenim goi soilegende

  4. Жылқы мінбеген қазақтың, не еркектігінен не қазақтығынан күмәнданамын…

    • қалада өскен адамдарды аса шанс жоқ қой, ата-анасы қызыққан адамдар болмаса..

      • Менің айтқым келгені, әлгі ойбааай аттан қорқааам дейтін қандас жігіттер ғой 🙂 Бір сондай жастайынан қалада өскен ағам бар еді 🙂 Бес алты жасымда атты ұстап берші, мінемін десем, атаңа айтсай деп қашып жыныма тиетін 🙂 Жылқы деген қанымызда ғой 🙂

    • ne obyazatelno eger jilkiga minbesen kazak emessinili etin jemesen kazak emessin, kazak bolip kazaksha solemegnderge ne deymiz onda? jai shamaga karai boladi bulardin bari!

  5. иә генетика:)
    ол енді тәрбиеге байланысты ғой
    ауылдың балалары үйренге ғой малды көріп, қаланың балалары қорқауы мүмкін..
    ее бірақ аса қатысы жоқ, мысалға ауылда өстім дегенмен аса жақындығым жоқ екен, қайта қалады өскен апайымның балалары жылқыны жақсы көред:))

    айтпақшы Фарид қош келдің блогыма:)

  6. Бұларда да бізде шошқа етін жемейді дегенмен сай шығар. ))

  7. menim oyimsha misik itterdi komgenderi jaksi goi, olik jata berse auru taraydi, endi bizde shashtaraz ashilsa misik itterge katip ketedi:)))):D

    • иелері көрсе бізде де көмеді ғой бірақ енді арнайы зират слишком:)).
      Айтпа ит пен мысық шаштаразы дамып кеткен ғой бұл жақта, жаңа алдымнан екі пудель шықты жүндері тегі үлпілдетіп, әдемілеп қиып қойған:)))

Пікір қалдыру

Fill in your details below or click an icon to log in:

WordPress.com Logo

You are commenting using your WordPress.com account. Log Out /  Өзгерту )

Facebook photo

You are commenting using your Facebook account. Log Out /  Өзгерту )

Connecting to %s

%d bloggers like this: