Қазақстан туралы..   12 comments

Бүгін бір баяндама жасадым сабақта. Баяндама болғанда Қазақстан туралы жалпы түсіндірме деген сияқты нәрсе. Мұғаліміміз ҚЗ туралы білеріміз аз сондықтан мүмкін бізге жалпылай мәліметтер сияқты ғып жасарсың дегесін.

Басында ғой, басымды қатырып бір күн отырдым, содан уже кешкі 9 болғанда идея келді. Ана өткендегі жапонша сайттан алдым да мәліметтерді, тек жылдарын жаңалап, керек емес жерлерін ап тастап, қызық деген жерлерін енгізіп басқа жерлерден. Сосын мынау деген былай бірақ негізі былай деп. түсіндіріп өттім. Жапондарға қызық болғаны биліктің премьер министр емес президенттің қолында болуы.. сол сосын қазақтар туралы айтып. мен айтам еее біздің қазақтарда сағат 5 деп айтса  6 да келеді, не тіпті 7-де десем , ееееее?? деп таң қалып:)))

Ислам туралы да біраз әңгіме қозғалды. Мысалға түркі халықтарының ішінде өз болмыстарын жақсы сақтап қалғандар, Ислам дінін қабылдаған халықтар ғана дейм. иәә деп жапондар Исламның ықпалы мықты дін ғой деп. егер мысалға дейді мұғалімім, жапонмен үйленген жағдайда қалай болады деп, мен айтам онда Ислам қабылдауы керек деп, тіпті дінге аса мән бермейтін адамдар болса да жалпы отбасының айтуы бойынша формальды түрде болсын қабылауы керек деп, жалпы бізде қазақтарда солай ғой. Тіпті керемет ислами бір отбасы болмаса да сондай бір заңдылық бар ғой. Сосын қытай қыз айтады да , мысалға Исламды ұстансаң сол дінді ғана ұстанады ғой ия деп, мен айтам әрине:)))) аа бәсе ойлағанымдай болды ғой деп айтып жатыр да, мысалға Жапонияға келгенде жапондарың ана діннің де, мына діннің де мерекелерін тойлай беретініне таң қалғам деп қытай қыз айтады.

Мен айтам ол жарайт, ана туғанда синтоистік храмға апарады баланы, адам өлсе буддистің дәстүрмен, ал үйленсе соңғы кезде шіркеуге барады, себебі церемониясы әдемі:))))

Қыздың шіркеуге кіруі, екі жастың шіркеуден шыққанда елдердің үстерінен гүл шашып қарсы алуы деген сияқты жерлеріне қызығып жасайды. Сосын қазір тіпті отельдерде сондай шіркеудің іші сияқты ғып жасап қойған бөлмелелері бар, хаха сондағы екі жасты үйлендіретіндер шетелдік студенттер, парт тайм жұмыс ретінде ақша тауып жүргендер:)))

мен алғаш естігенде шок болғам, қызық жалпы ол жағынан жапондардың дүниетанымы..

Сосын қытай қыз сұрайд та қазақтарда қалай жалпы, екі адам үйленсе ол екі адамның қосылуы ма жоқ, екі отбасының қосылуы ма деп, мен айтам ой қазақтардыкі қиын, даже бас ауру ол жағы, бір адамға емес бір отбасына күйеуге шығады біздің қыздар дейм:))), кәрістерге көп келеді біздің халық ол жағынан, жапондарда ол жағынан попроще ғой дейміз..

Қазақ тілінің мәселесін айтамын да, мысалға жапондар көп ағылшын тілін қолданады, сырттан келген сөз ретінде алфавитпен ақ жазыла береді, жапон тілі дыбысталуына бейімделген.. Осы біздің қазақша да сол орыс сөздерін ақ қолдана берсе болады ғой, ол бәрібір айналып келгенде орыс тіліне ағылшын не латын тілінен енген сөз. Қайдағы бір адам түсінбейтін қазақша ойлап тауып жүргенше, меніңше сол дұрыс..

Воощым сабақта ҚЗ-ның білім беру жүйесі, экономика, саясат, ұлттар, Алматы, Астана мәселесі жағы қозғалды..

Қазақстанның мынадай мынадай жақтары бар деп, тек жақсы емес, осындай жағы жетіспейді деген жақтарымен қоса айтып бергенің қызық болды деп қояды 2-3 сабақты бірге алатын бір жігіт..

Негізі көп нәрсе айтқым келген еді бір сағат жетпейд әрине, ал былай елдерге қызық болды меніңше, әйтеуір көп сұрақтар қойылғанына қарағанда:)

12 responses to “Қазақстан туралы..

Subscribe to comments with RSS.

  1. Негізі сондай сабақтар қызық қой. Мен де Малайзияда сөйтіп, Қазақстан туралы айтып бергенмін. Бізде бәленбей ұлттың өкілі бар дегенде ауыздарын ашып қалған 🙂 Өзге достарым да өз елдері жайлы айтты. Есімде сонда Жапониядан келген Ясухару: «Біздегі үлкен проблема велосипедтердің парковкасы» деген.

  2. hehe, kyzyk bolgan eken 🙂
    men akwta bolganda Hitomi degen bir kyz bolgan edi, jane bir agai, esimde jok aty… birak sondai sypaiy halyk!!! en kyzygy olar monwaga kezektesip bir bo4kaga suga tusemiz degeni!!! biz uwin katty bir wok edi… jane bir narse suraiyn dep em: osy japandyktar synypta otyryp singire me? aitpese sonda solai jasaityn edi, bari sondai ma eken degenim goi…

    negizi magan sol halyk unaidy! 🙂

  3. Шет елде жүріп, елімізді таныстырып жургеніне бек қуаныштымын. Әр елдің өзіндік дәстүрі мен әдеттерін білген өте қызықты жайт қой! Ал бірақ, орыс сөздерін аудармай сол куйінде қолдануды қолдамаймын. Мәселен көрші Қытай елін алып қарайықшы. Қытайға барғанда тан қалдым, тіпті әлемдік деңгейдегі Кока кола сусынын қытайшалап алған(қытайша әріптермен жазылған)Тек формасынан ғана танисын! Латын тілінің жөні бөлек,ал біздің еліміздегі орыс тілінің қолдану аясын өзінде жақсы білесін, ол қауіпті болады. Онда орыс сөздері кунделікті активтенеді де, қазақ сөздері қолдану аясынан шығып қалады. Ал қазақ тілі қазақтардан басқа ешкімге керек емес. Сонда ол тілде кім сөйлейді?

    • kelisemin til turaly jaksy oi bul! 🙂

      magan koooop jana sozder unaidy, tipti basynda jagymsyz korinse de, kein kadimgidei koldanyska enedi…

      kezinde kyzanak, uialy telefon, tipti jolserik sozderi bir turli edi, kazir kadimgi sozderden ew aiyrmawylygy jok!

    • Жазира менің не айтпақ болғынымды түсінбеген сияқтысың..
      орыс тілі де ол сөздерді аспаннан алып жатқан жоқ, қазіргі ғылым және экономика тілі ағылшын болғасын орыс тіліне де ол сөздер сол ағылшыннан енді..
      ал көрші Қытай бұл мысалға сай келмейді, себебі өз тілдерінде жазғанымен Қытай тілінде де ол кока кола деп жазылып тұр, Қытай тілінде алфавит жоқ болғандықтан, олар барлық шеттен енген сөздерді иероглифпен жазады, тек қытайшаланған версиясы демесең ол қытайлар біздегі кейбіреулер сияқты адам түсінбейтін сөзбен жазғанша сол қытайшаланған версиясын жасаған да, бізде де кейбір сөздерді қазақша произношениеге сай етіп қолдана берсе болады. Менің айтқаным сол себебі белгілі бір деңгейде қандай да бір тіл шеттен келген сөздерді қабылдайды. Мысалы қазақ тілі деп жүргеніміздің ішінде араптан парсыдан енген сөздер баршылық..

  4. кешігіп келу француздарда да мәртебе саналад деп естігем

  5. Солай ма? Өте Қызық екен! Онда француздармен ұқсас болдық қой. Тіліміз жағынан да ұқсаспыз. Әдетте Ғ әрпіне шет елдіктердің тілі келе бермейді, тек француздардан басқа!

  6. keshigu demekshi.
    Bir kyni bir japonmen osindai uakitta kezdesemiz dep uadelestik. Sodan ,men koi jarti sagat burin barainshi ne isteidi eken dep barsam japonim 1 sagt burin kelip sol jerde kidirip jyr. Sonda meni korip tan kalganin korsenizder:) Siz birinshi kazaksiz keshikpei erte kelgen dep sagatina karap, kete-ketkenshe aitip basin shaikai berdi:))))

  7. Маладессс!

    Дизайн өргеріп, оқуға ыңғайлы блогың!

Пікір қалдыру

Fill in your details below or click an icon to log in:

WordPress.com Logo

You are commenting using your WordPress.com account. Log Out /  Өзгерту )

Facebook photo

You are commenting using your Facebook account. Log Out /  Өзгерту )

Connecting to %s

%d bloggers like this: