жаңбырлы күн..   24 comments

Қайтайын десем жаңбыр жауып тұр содан кітапханаға келдім, қоой кішкене саябырсығанын күтейін деп, великті универге қалдырғым кеп тұрған жоқ.

бүгін таңертеңнен жаңбыр жауып тұр. Мен шыққанда қайта себелеп тұрды, универге великпен жетіп алдым. 5-10 мин кешігіп келдім, кешіріңіз деп кірсем аудиторияда мұғаліміміз жалғыз отыр:)

Бүгін жаңбырдан ғой деймін елдің бәрі кешігіп жатыр дейді күліп, біраз күте тұрайық деп, отырдық. Сон кеше қатты пысық болып осы кісінің пәні Экологиялық экономика бойынша кітап сұрағам ағылшынша, бастапқы курс деген сияқты нәрсе болсын дегем, әйтеуір бір кітап дайындап қойыпты. Бірақ мен ойлағандай болмай шықты шыны керек, түрімнен көрініп қалды ғой дейм, кешірім сұрағандай ол кісі Тағы басқа жақсырағы болған еді, білмим қайда қалғанын дейді:))) уже екі рет көшіп қай затым қай жерде жатқанын білмим деп мұғалім.

Біздің факультетте қазір жөндеулер жүріп жатыр, жер сілкінісіне төзімді болатындай ғып жасап жатыр ғимаратты.  Жер сілкінісіне ғимарат шыдайды ғой әй бірақ біздің мұғалімдер бәрібір кітаптардың астында қалады ғой деп мұғаліміміз тағы күлдіріп бізді. Қой бұл қара юморым жарамас деп қояды еще:)

Сейсенбі күнін осы кісінің сабағы үшін жақсы көремін. Өте-мөте қызық сабақ, экологиялық әсердің экономикалық пайдасын бағалау. Мұғаліміміз күшті кісі, өзі анда да, мында болған, Америка Канадада біраз уақыт тұрғаны ол бар, ағылшыны жақсы. Экологиялық экономика бойынша Жапония бойынша № 1 маман деп айтса да болатындай маман. Сол арасында өзінің бұрын қатысқан, қазір жасап жатқан жобаларынан мысал келтіріп түсіндіргені қызық. Бүгінгі сабақтың кілт сөзі Rental cow [жалға берілген сиыр] болды:)))) ол не бәле деп бәріміз:))) Ауыл шаруашылығына бұдан былай қолданбаймын деп фермерлер қайтарған жерлер босқа тұрмасын деп, қоршау жасап ішіне сиырларды жібереді екен, босқа жатқанша сол шөпті жесін деп сиыры бар елдерге жалға береді екен. Енді ұзақ уақытқа есте қалады солай емес па деп күледі мұғаліміміз:))

Одан шығып салт-дәстүр сабағы ол енді мүлдем бөлек әңгіме кейін айта жатармын, содаан түстен кейін дипломның алдын-ала қорғауы болды, соған бардым, 4 курстар не бітіріп жатыр екен деп көрейін деген ой ғой. Жалпы біздің факультет шыны керек біртүрлі факультет:)) Environmental studies деп аталып,  ішінде неше түрлі environment (ортаны)-ті қарастырады, адамның қоршаған ортасы дегендей социологиялық тараптан да зерттеулер жасайды, гуманитарлық саланы да қарастырады, өткенде бір жапон досым екеуміз соны айтып күлеміз біздің факультет атынан біраз бөлек негізі заты деп:))

Бүгін сол жапондық досымның предзащитасы болды, оның тақырыбы-«Тайваньдағы көп тілді мемлекет саясатын іске асырудағы мәселелер», өзі Тайваньда бір жыл оқыған, содан былай қарасаң тақырыбы көбіне социологиялық тараптарды қарастырған.

Бүгін ең ұнаған тақырып-» Мобайл телефонның таралуының адамдар арасындағы коммуникацияға әсері».  Мобайлдың пайда болуы шыны керек адамдардың өмірін жеңілдетті. Қазір арнайы бір жерге барып керек емес, тапсырыс берсең ап келеді, досыңмен де кездесіп жататын уақыт жоқта телефонмен жағдайын сұрай саласың. Бірақ әсіресе Жапонияда үйден шықпайтын жастар бар,  қоғамға бейімделмеген, мобайлдың таралуы одан сайын осындай мәселелерд ушықтыруына әсері жаман болмай ма? .. дегендей ойлар

Жануарларды қорғауға байланысты тақырып болды, жануар дегенге мен басында арнайы қағаздан оқуым бойынша жабайы аңдар деп түсініп отырсам, үй жануарын айтпақшы екен, тақырыбының атауың дұрыс емес деп ескерту алды бір мұғалімнен ол қыз. Сосын уақытқа байланысты тақырып болды, шыны керек мақсатын аса ұқпадым, жалпы қызығы қызық болды бірақ уақыт былай қарасаң пониятие растяжимое, оны қалай жинақтамақшы хммм, қиын екен тақырыбы.. Одан кейін 4-5 қытайлық студенттер дипломдары бойынша баяндама жасады, арасында бір қыз ғана ұнады. Ұнады болғанда басқаларына қарағанда ничо тақырыбы, Жапониядағы жерасты дүкендері мәдениетін Қытайға тарату мәселесі. Ал бір жігіт вааще не туралы айтып жатқанын ұқпадым, тақырыбын түсінбедім, не по теме бірдемке, ал екіншісінің акценті ужыс екен, тыңдап басымды қатырғым келмеді. Тағы бір қыздыкі ол тақырыбын түсінбедім, жалпы түсінікті өзі де норм сөйлейді жапонша, бірақ бір жапондық ғалым екені, әйтеуір бір тұлға туралы болды тақырыбы, ол кісінің еңбегін оқымаған маған беймәлімдеу болды не айтқысы келгені, соңғы қытай қызды тыңдауға шыдамым жетпеді, көзім ашық бірақ уже сағат кешкі 5 ұйқтап кетіппін:))))

p.s.

Жаңбырға киетін нәрсе алу керек екен арнайы, өткенде соған ерініп едім, бүгін енді қиналып отырмын:)

24 responses to “жаңбырлы күн..

Subscribe to comments with RSS.

  1. ” Мобайл телефонның таралуының адамдар арасындағы коммуникацияға әсері”. mina takiripka da sonday zertteu jurgize me eken?:)) meninshe bir bet essay’de jeted ogan)))))

    • ол сен солай ойлайсың:)
      Менше тіпті докторлық диссертация жазуға болатын тақырып..
      Қазіргі Жапонияны ойлап қарасаң кәдімгідей қоғамдық мәселе
      Американы білмедім насколько елдер мобайлға тәуелді екені.. дәл Жапонияда енді шынымен мобайл технологиясы қолданыс аясы қатты дамып кеткені соншалықты, енді қазір мәселеге айналып барады. Қазақстаннан алғаш келгенде бірден көзге түскен еді, елдер трамвайға отырады, мобайлдарын шұқылай бастайды 95% адам солай. Көшеде кетіп бара жатады ол мобайлдың скринына үңілген адамдар, көбісі жастар ғой.. Қазір айтпақшы Токиода заң шықты велик мініп бара жатып, телефонмен смс жазуға болмайды деген..
      Бірте-бірте ол таралады, Нагасакиге әлі жете қойған жоқ. Бізде сол великпен кетіп бара жатып мобайлға үңілгендер жетеді..

      • amerikda mashinemen jurip bara jatyp message jazatndar kop, asirese jastar, i car accident ote kop, NYS’te zan bar, telmen soilesip kele jatkanindi korse police, $150 shtraf.

        birak baribir tusinbeym, 100(?) bettik jazatin takirip dep))))))

  2. салт-дәстүр сабағы

    Сіздің әр жазбаңызда бір қызықтыратын кілт сөз болады. Мысалы, осы жолы салт-дәстүр сабағы

  3. ол енді мүлдем бөлек әңгіме кейін айта жатармын,

    küteik 🙂

  4. ия, кутеміз!!!

  5. Аяғында ұйықтап кетіппін… :))))

  6. Mygedk balalatdi zerttegen takirip bolgan jok pa?
    Bizdin jumista bas katiratin masele autizmmen auratin balaga ne isteuge boladi?!
    Karaimiz da bas shaikaimiz koldan keler shara jok.
    Shara bar shigar birak bizde maman jok. tapshi.

    • баяғыда бір бағдарлама көрген едім, содан түсінгенім аутизммен ауыратын балаларда көбіне иммунитетпен үлкен проблемалары бар балалар, сондағысы көбісінің организмінде ауыр металдар жиналған, қорғасын, сынап сияқты. Сонда жапондықтар көбісі америкадан дәрілерге тапсырыс береді екен, организмдегі сынапты айдап шығаратын, бірақ ол дәрінің жаман жері, денедегі пайдалы минералдарды қоса шығарып тастайды, сондықтан орнын толтыратын дәрілерді қоса ішу керек, сондағы аналар айтып жатқан, бұрындары осылай тыныш менің алдымда отыру деген мүлдем болмайтын, жүгіріп жүретін, менің сөзіме, жалпы жан-жаққа мүлдем көңіл аудармайтын, ал қазір жақсы боп қалды, тынышталды, сөйлей бастады деп..

      • mende solai okiganmin, ol auir metaldar flu’ge karsi vakcinalarda boladi, sondiktan kop adamdar flu vakcinalarin baldarina saldirmaydi. mende soardin birimin 🙂

        eshuakitta baldarina tumaudan vakcinalar saldirmandar.

      • аха мен де солай ойлайм, босқа организмді құртқанша, одан да баланың тамағына дұрыс көңіл бөліп бөліп, витамин, минералдар алатындай болса, иммунитеті өзінен өзі жақсы болады..
        сосын баланы тамақтандыратын әйелдер де ана сүті балаға жақсы құнарлы тағам боалтындай өзі де дұрыс тамақтану керек қой..
        ана вакциналар туралы оқығам, вакцина салдырғаннан балам біртүрлі боп қалды дегенді, аутизмның әр жақ бер жағы дегенді..

  7. Өзім сабақ беретін болғасын ана апайыңды түсінемін. Кейбірінде солай басың айналып қалады. Тәжрібелі апайың сөйткесін, маған не жорық; жүрмін басым айналып махаббаттан, тоест сабақтан 🙂

  8. ия, юхтайды кен ))))

  9. Бізде велосипед теуіп келе жатып МП3 тыңдауға болмайды 😦
    Жақында ұсталдым, өтірік жынды бола қалдым, немісше жаман сөйлейтін кісідей, дым түсінбейм, қалайша ол? деген сұрақтар қойып полицай ағамның миын ашытып жібердім :)))

    Ал мобайл тел. туралы осында қазақ қыз Мастер жазған, ол қазақтар мен неміс жасөспірімдердің қолдануын зерттеді.Факултеті де социология, өте жақсы деген бағаға жазған!

  10. немісше жазды. Қазақтар «понт» үшін ұстайды екен 😀

  11. Жанна сиздин мына такырып жанбыр туралы басталып гылыми жумыс туралы жалгасып, баяндамалар туралы аякталган екен

  12. сондагы бул әнгіменің мағынасы не?

Пікір қалдыру

Fill in your details below or click an icon to log in:

WordPress.com Logo

You are commenting using your WordPress.com account. Log Out /  Өзгерту )

Facebook photo

You are commenting using your Facebook account. Log Out /  Өзгерту )

Connecting to %s

%d bloggers like this: